Девиантты мінез құлық әлеуметтануы



Тақырып : Девиантты мінез құлық әлеуметтануы
Негізгі ұғымдар: девиация, аномия, деликвентті мінез құлық, әлеуметтік бақылау, норма, белгі тағу, ақ жағалы қылмыскер, эндоморф, экзоморф, мезоморф, асоциалды мінез құлық.

Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекееттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.

Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.
Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч. Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В. Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.

Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеумееттік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия бұл реттіліктің, заңдылықтың болмауы.
Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р. Мертон болып табылады. Р. Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р. Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.




Э. Дюркгейм бойынша өзін - өзі өлтірудің түрлері


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz