Жаздық бидайды өсіру, күтіп-баптау және жинау ерешеліктері




Презентация қосу
Жаздық бидайды өсіру,
күтіп-баптау және
жинау ерешеліктері.
Дайындаған: Алпысбаев Ә
ПА-205
Қабылдаған: Салыкова А.С
Жоспары:
1. Халық шаруашылық маңызы және сорттары.
2. Сыртқы орта факторына қойылатын талаптар
және өсіру технологиясы.
3. Топырақты өңдеу және тыңайту.
4. Тұқымды себу және жинау.
Жаздық бидай Қатты жаздық бидай
Жаздық бидайдың адам өмірінде алатын орны
ерекше. Ол-негізгі тағамдық дақыл.
Оның дәнінде белогы көп, қатты сорттары макарон
өндірісінде пайдаланылады, олардың ұнынан ұнтақ жарма
жасалады. Тазалағаннан кейінгі қалдығы малға жем
болады. Негізінен Қазақстанның солтүстік, батыс
облыстарында, сонымен қатар орталық және шығыс
облыстарында кеңіннен тараған. ТМД көлемінде
өндірілетін астықтың 7% , ал республикадағы астықтың
63% осы аймақтың еншісіне тиеді. Жұмсақ жаздық бидай
сорттары: “Безенчукская-98”, “Саратовская-55”,
“Саратовская-42”, “Иртышанка-10”, “Казахстанская-4”,
“Омская-9”, “Скала”, “Целинная-26”, “Интенсивная”.
Қатты жаздық бидайдың сорттары: “Алмаз”, “Алтайка”,
“Саратовская-40”, “Светлана”, “Харьковская-46”.
Бидай егістігі.
Жаздық бидайдың тұқымы 0 градус шамасынгда бөрте
бастайды, ал көктеп шығуы үшін кемінде температура
1-2 градус болуы керек. Алайда мұндай температурада
тұқымның өнуі мен көктеп шығуы тым баяу жүреді. 10-
12 градус температурада жақсы түптенеді, ал
масақтану-қамырланып пісу кезеңідегі ең қолайлы
температура 16-23 градус шамасында. Егер бидай
түптену кезеңінде-8-9 градус суықты көтерсе, ал
гүлдену-дәндену кезеңінде 1-2 градус суықтың өзі
зардабын тигізеді. Бүкіл өсу кезеңінде жаздық бидайға
қажетті барлық ылғалдың дақыл 5-7% көктеп шыққан
кезде, 15-20%-түптену, 50-60%-түтік шығару және
масақтану, 20-30%- сүттеніп пісу, ал 3-5% -қамырланып
пісу кезеңдерінде пайдаланады. Жаздық бидайдың
транспирациялық коэффициенті орташа 400-ге тең.
Жаздық бидай өнімділігіне, оның дәнінің сапасына алғы
дақылдың тигізетін әсері зор. Таза және ықтырма парлар,
сүрлемдік жүгері, шөп пен көк балауса үшін себілген бір
жылдық шөптер қоспалары, картоп, көп жылдық шөптер
және басқалары жаздық бидай үшін қолайлы алғы дақыл
болып табылады. А.И. Бараев атындағы Қазақ астық
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылдық
деректері бойынша жаздық бидайды себер алдында таза
парда 136,9мм, сүрлемдік жүгеріден кейін-110,4мм,
арпадан соң-107,6мм, ал жыл бойы үздіксіз себілген
бидайдан кейін 112,4мм ылғал жиналады. Пардың тағы бір
ерекшелігі-онда арамшөптердің аздығы. Мысалы, бидайды
бір жерге үздіксіз жиырма жыл сепкенде әр шаршы метрде
135 дана арамшөп, 5 және 6 танапты ауыспалы егістерде 27
және 35 дана арамшөп болады.
Топырақ өңдеудегі негізгі көңіл аударатын
жағдай-танапта ылғал қорын жинау, оны сақтау,
арамшөптерді жою, эрозияны болдырмау.
Көктемдегі алғашқы агротехникалық шара-ылғал
жабудан басталады. Күзде топырақты терең
қопсытқыш сыдыра жыртқыш құралдармен
өңдегенде бетінде аңыз сақталған танаптарды
ылғал жабу арнайы инеше тырмалар БИГ-3А
немесе кең алымды тырма-кетпен БМШ-15-пен
жүргізіледі. Олар топырақты қажетті тереңдікте
қопсытып, тегістейді. Пайда болған топырақ
қабыршағын үгеді.
Жаздық бидай өзінің өсу кезеңінің алғашқы 30-35
күнінде фосфорды интенсивті түрде пайдаланады.
Топырақтың әр кг-да 11-25кг фосфор болса, онда әр
га-ға 20-40кг, ал фосфор аз болғанда 50-90кг фосфор
тыңайтқыштарын қолданған пайдалы. Жаздық
бидайдың негізгі егіс көлемі орналасқан Қазақстанның
қара және қызыл-қоңыр топырақтарында өсімдікке
жеңіл сіңетін калий және азот жеткілікті де, фосфор аз
болады. Сондықтан фосфор тыңайтқыштары басты
тыңайтқыш болып отыр. Азот тыңайтқыштарын әсерлі
зат есебінен алғанда әр гектарға 30-40кг мөлшерінде
таза пардан кейін орналасқан екінші бидайды себер
алдындағы топырақты культивациялау кезінде
қолданады. Минералдық тыңайтқыштар өніммен
қатар сапасын да жақсартады.
Жаздық бидайдың тұқым себу мерзімі климаттық
жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Орталық
Қазақстандағы жаздық бидайдың қолайлы себу мерзімі
қуаң даладық аймақта 15 мамырдан 25-27 мамырға, ал
шөлейт аймақтарда 5 мамырдан 12-15 мамырға дейін.
Батыс Қазақстанда ертерек сепкен жөн, яғни көктесгі дала
жұмыстары басталғаннан кейінгі 10-25-ші күн, ал қатты
жаздық бидай үшін 5-15-ші күн болып табылады.
Жаздық бидайды кең тараған себу әдісі-жай қатарлап
себу. Бұдан басқа тар қатарлап және тоғыспалы себу
әдістері бар. Жаздық бидайды себу мөлшері орманды-
далалық аймақта әр гектарына 2,5-4,0 млн дән, орташа
қуаңшылықты аймақта 2,5-3,5 млн, ал құрғақшылықты
далалық аймақта 2,0-3,0 млн дән, ал шөлейт аймақта 1,5-
2,0 млн дән.
Егін жинаудың әдісі жаздық бидай өсімдігінің
биіктігіне, қалыңдығына және танаптың
арамшөптермен ластануына байланысты. Егер
танап арамшөптерден таза, бидай аласа және
селдір болса, онда оны тікелей комбайнмен
орады. Керісінше, егістікте арамшөптер көп,
дақыл биік және қалың болса, онда бидайды
бөлектеп орады.
Тәкелей комбайнмен ору бидайдың толық
пісу кезеңінде жүргізілсе, бөлектеп орудың ең
жақсы көзі-дақылдың қамырланып пісу кезеңі
болып табылады.
Қаптағы бидай.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.Ш.Жаңабаев, И.С.Сейтов, Т.С.Саудабаев.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы. Алматы-1994.
Н.И.Можаев, Қ.Қ.Әрінов, А.Н.Нұрғалиев,
А.Н.Можаев. Өсімдік шаруашылығы.
Ақмола-1993.
www.google.kz

Ұқсас жұмыстар
Бидай біздің заманымызға дейінгі 6000 - 5000 жылдары
Қызанақ өсіру технологиясы. Қызанақ өсіру
Бидай өндіру технологиясы. Морфологиясымен танысу
Жүгері, өсу аймағы, түрлері
Қызылша зиянкестерімен күресу шаралары
Күздік бидайды қарқынды технологиямен өсірудегі негізгі элементтердің алатын орны
Куресу шаралары
Дәндік жүгері өсіру технологиясы және собықты жинау мен өңдеу ерекшеліктері
Күнбағыс майын өсіру ерекшеліктері
Қарбыз туралы
Пәндер