Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс,) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері



Майлы дақылды биоотын және биодизельге пайдалану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны сақтауда перспективалы дақылдар (мақсары, рапс, ) тұқымын биоотынға өсіру ерекшеліктері.
Қазіргі кезде энергияның басты көзі мұнайдан алынатын өнімдер екені белгілі. Мұнай өнімдерін пайдаланудың жыл сайын өсе түсуіне байланысты ауаның улы газдармен, ауыр металдармен және күкіртпен ластануы еселеп ұлғаюда. Үлкен қалалардың экологиялық жағдайы мүлдем нашарлап барады. Оның адам денсаулығына кері әсерін айтпаса да түсінікті.
Биоотынды (биодизель, биоэтанол) пайдалану олардың құрамындағы оттегінің әсерінен жану процесін жақсартып, көмірқышқыл газының бөлінуін 80 %-ға, улы газдың бөлінуін 35 %-ға және күкірт тотықтарының бөлінуін 100 %-ға азайтады.
Сыртқы ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау мақсатында әлемде қарқынды қалыптасып келе жатқан саланың бірі - биоотын өндіру және пайдалану. Биоотын өндіруге мұнай өндірісі дамыған елдермен қатар көмірсутегі жетіспейтін елдер де мүдделі болып отыр. Көптеген елдер өздерінің биоотын өнеркәсібін құру және дамыту бағытындағы ұлттық бағдарламаларын қабылдады. Отынның балама түрлерін игеру ұлттық қауіпсіздікті нығайту шеңберіндегі іс-шаралар ретінде қарастырылуда. Мысалы, АҚШ-та биоотын өндіру 2005 жылы 32 млрд. литрге жетті, алдын-ала болжаулар бойынша 2012 жылы 53 млрд. литр болмақ. Қазіргі кезде АҚШ-та биоотын өндіретін 110 зауыт бар.

Екінші орындағы Бразилияның жылдық биоотын өндіру көлемі 26 млрд. литрге ұлғайып, экспорт көлемі 3 млрд. литрден 8 млрд. литрге дейін өсті. Оны сатып алушы Жапония елі. Еуроодақ елдерінде биоотын өндіру жақсы жолға қойылған, онда 40-тан астам биоотын өндіретін зауыттар жұмыс істеуде. Бұл елдерде жанармайдағы биоотынның үлесін реттейтін және салықтан жартылай немесе толықтай босатуды бекіткен арнайы заңдар қабылданған. Биоотын өндіруде және пайдалануда Малайзияның, Қытайдың, Үндістанның тәжірибелері де жеткілікті. Бұл іске кейінгі жылдары Украина, Ресей және Беларусь елдері де бет бұруда. Біздің еліміз де бұл істен тыс қалған жоқ. Алғашқы биоотын өндіруші “Биохим компаниясы” және “БМ” ЖШС өз жұмыстарын бастап кетті. “Биохим” компаниясының қуаты жылына 220 мың тоннаға дейінгі дәнді қайта өңдеу арқылы 57 мың тонна биоэтанол, 20 мың тонна желімше, 25 мың тонна көмірқышқыл газын және 24 мың тонна мал азықтық ашытқы өндіруге жетеді. Қазақстанның ішкі рыногында жылына 5 млн. тоннадан астам бензин және дизель отыны тұтынылады. Осы көлемге араластыру арқылы экологиялық сапасы жоғары жанармай алу үшін 250 мың тонна биоотын қажет. Биоотынның екі түрі кең пайдаланылады, біріншісі - биоэтанол, ол бензинге, ал екіншісі - биодизель, ол дизель жанармайына қосылады.

Биоэтанол құрамы крахмалға немесе қантқа бай ауылша-руашылық дақылдарының өнімдерінен, ал биодизель майлы дақылдардан өндіріледі. Оларды өндіруге өсімдік және майлы асхана қалдықтарын да пайдалануға болады. Биоэтанолды өндіруге негізінен қант құрағы, қант құмайы, жүгері, бидай дәндері, қант қызылшасы, ал биодизель өндіруде майлы дақылдар, оның ішінде Еуропада рапс, АҚШ-та май бұршақ, Индонезия, Филиппинде пальма майы, Үндістанда ятрафа т. б. қолданылады. Ауыл шаруашылығын өркендетуің индустриялық бағытын ұстанып отырған біздің еліміз үшін биоотын өндірудің маңызы зор. Биоотынға деген әлемдік сұраныс өте жоғары, осы саланы дамыту және қосымша құнның өсуі арқылы ауыл шаруа-шылығы кешенінің пәрменді дамуына жол ашылатыны сөзсіз. Биоэтанол өндірісін дамыту үшін негізгі шикізат-тарды талдай келе, қазіргі жағдайда назар аударатын дақыл - жаздық жұмсақ бидай. Ол негізгі экспорттық дақыл, сапасы өте жоғары, әлемдік рыноктағы сұраныс та жоғары. Дегенмен де жаздық бидайдың белгілі бір бөлігін, орта есеппен жалпы өнімнің 8-10 %-ы (1 млн. тонна), сапасы төмен 5-ші сұрыпты немесе сапасыз бидайды азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай қатерсіз биоэтанол өндіруге бағыттауға болады.

Биодизель өндірісі үшін маңызды майлы дақылдың бірі - рапс. Солтүстік аймақтарда оның егіс көлемін 1 млн. гектарға жеткізу көзделуде. Алғашқы рапс өсірудегі өндірістік тәжірибелер өз нәтижесін бере бастады. Бұл ретте осы дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне сай қазақстандық технологияны қалыптастыру, тұқым кептіру, селекция жұмыстарын жандандырып отандық жаңа сорттарды өндіріске енгізу қажет. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде рапстың жоғары өнімді алғашқы екі сорты (Майлы және Сафия) Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында селекциялық жолмен шығарылып, мемлекеттік сынаққа тапсырылды. Рапспен қатар биодизель өндіруде қыша дақылының тиімділігін айта кеткен жөн. Оның өнімділігі Қазақстанның көптеген аймақтарында рапсқа қарағанда жоғары, құрғақшылыққа төзімді және ерте піседі. Қышаның да жоғары өнімді отандық алғашқы Жамиля сорты мемлекеттік сынаққа берілді. Қыша егуде Қазақстанда, әсіресе Батыс Қазақстан облысында ертеректе біршама өндірістік тәжірибе жинақталған болатын. Оған қайта оралу қажет. Азық-түлік бағытындағы май өндіруде кейінгі жылдары біраз табыстарға қол жетті. Күнбағыс және мақсары дақылдарының көлемі ұлғайды. Дегенмен де биодизель өндірісінің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтін мөлшерде дамуын әр кезде есте ұстау қажеттігі туындайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін көлденең тартып, биоотын өндірісін дамытуға қарсы пікірлер де жоқ емес. Осы жаңа саланың дамуын реттейтін арнайы заңның қабылдануын тездету ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін нығайтуға арналған игі шаралардың бірі болатыны анық. Биоотын өндіру және қолдану аясын ұлғайту қоршаған ортаның экологиясын жақсартуға бағытталған келешегі зор, маңызды және табысы мол көлемді шаралардың қатарына жатады. Қазіргі кезде энергияның басты көзі мұнайдан алынатын өнімдер екені белгілі. Мұнай өнімдерін пайдаланудың жыл сайын өсе түсуіне байланысты ауаның улы газдармен, ауыр металдармен және күкіртпен ластануы еселеп ұлғаюда. Биоотын өндірісінің дамуына мұнай бағасының өсуімен қатар әлемдегі дамыған елдердің мұнай өндірушілерінен тәуелділігін азайту және қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талпынысы ықпалын тигізді. Көптеген елдерде биоотын өнеркәсібін құру және дамыту бағытындағы ұлттық бағдарламалар қабылданған. Отынның балама түрлерін игеру ұлттық қауіпсіздікті нығайту шеңберіндегі іс-шаралар ретінде қарастырылуда.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz