Түйнеме


Slide 1

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті Кафедра:Жұқпалы аурулар

СӨЖ

Тақырыбы:Түйнеме

Орындаған:студент, Пржанова А. А.

Курс:3

Топ:07-003

Факультет:Қоғамдық денсаулық сақтау

Тексерген: Жаксыбаевна А. Б.

Алматы 2010жыл

Slide 2

Жоспары:

І Кіріспе

Түйнеме этиологиясы

ІІ Негізгі бөлім

Эпидемиологиясы

Патогенезі

Клиникалық көрінісі

ІІІҚорытынды бөлім

Емі

Алдын-алу шаралары

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Синонимі. Түйнеме, күйдіргі, Сібір жарасы.

Түйнеме-Bacilla anthracis қоздыратын, зооноздар тобына жататын, айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндерінің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуымен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру.

Ауруды қоздыратын микроб-түйнеме таяқшасы-B. Anthracis. Bacillacae тұқымдастығына жатады, қозғалысы жоқ, грам «оң»таяқша.

Slide 4

Бациллалар экзотоксин өндіреді, 3 компоненттен тұрады:қорғушы антиген, ісіктік фактор, және леталды фактор. Микроорганизмдер вегетативті түрі 60°С температурада 15 мин. ішінде, қайнатқанда 1-2 мин. өледі.

Споралар ыстыққа құрақты:120-140°С температурадағы ыстық ауа әсерінен 2-3 сағатта, 110°С температурада автоклавта 40 мин. өледі. Қоздырғышты 5%фенол ерітіндісі, 3%хлорамин ерітіндісі, асқын тотығы, ыстық формальдегид, 1% формалин, 10% тұтқыр натр өлтіреді.

Slide 5

Эпидемиологиясы. Түйнеме -зооноз. Аурудың негізгі көзі-әртүрлі ауылшаруашылық малдар; кейбір жабайы малдар. Жануарлар түйнемені алиментарлы жол арқылы, трансмиссивті жұқтырады.

Берілу жолдары:

Контактілі-жарақаттық

Трансмиссивті

Алиментарлы

Аэрогенді

Қабылдаушы макроорганизм.

Жиілей ауруға ауыл тұрғындары, кәсіптік топтар.

Ауру жаз-күз айларында өршиді.

Slide 6

Патогенезі.

Қоздырғыштың ену және адаптация сатысы. Түйнеме таяқшасының денеге енетін қақпасы тері мен асқазан-ішек, тыныс жолдарының шырышты қабықшалары, жарақаттану болса, қоздырғыштың ішке ену процессі оңайланады.

Біріншілік ошақтық инфекция сатысы. Түйнеме қоздырғышы енген жерінде:Дақ>түйін>көпіршік>геморрагиялық пустула>жара>қабыршық пайда болады. Қоздырғыштар лимфа тамырлары арқылы геморрагиялық-некрозды лимфаденит дамиды.

Бактериемия сатысы. Геморрагиялық синдром, инфекциялық-токсикалық шок дамиды.

Slide 7

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезеңі 1-12 күн.

Терілік түрі дамиды. Қызарған дақ пайда болады, түйінге айналады, папуланың ішін су кернеп көпіршікке айналады, геморрагиялық пустула, жара, қабыршық пайда болады. Жараның айналасында моншақ тәрізді«ұрпақтық»көпіршіктер шығады. 3 түстен тұрады:ортасы қара, оны қоршаған инфильтрат-қызғылт, ісік-бозғылт.

Ісік жараның айналасында ғана емес алысқа таралады. Кірген қақпаға жақын регионалді лимфа түйіндері іседі. Ісік бар жерді перкуссия жасағанда Стефанский нышаны байқалады.

Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды

Slide 8 Slide 9

Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі.

Берілу жолы

Кіру қақпасы

Біріншілік-ошақтық түрлері

Жайылмалы түрлері

Контактілі-жарақаттық

Тері

Терілік(98%)

эритематозды

(тілме тәрізді)

буллезді

(пустулезді)

жаралы

(карбункулезді)

эдематозды

(Ісіктік)

Екіншілік -жайылмалы

Аэрогенді

Тыныс жолдарының шырышты қабықшалары

Өкпелік

Екіншілік-септикалық

Алиментарлы

Ас қорыту жолдарының шырышты қабықшалары

Абдоминалды

(ішектік)

Екіншілік -септикалық

Алиментарлы

Ауыз- жұтқыншақ

Орофарингеалды, ангиозды

Инфекциялық -токсикалық шок

Slide 10

Өкпелік түрінде-өткір қызба, бұлшық еттің ауыруы, уытты-инфекциялық шок белгілері, кеудесі ауырады, ентігу, қанды қақырық, науқас бозарып, ерні, қолдарының саусақтары көгереді. Өкпесінен сырыл естіледі.

Ішектік түрінде-өткір қызба, уытты-инфекциялық шок, іштің қатты ауыруы, қанды диарея, ішегі шала салдануға ұқсап, ішегі тесілуі мүмкін.

Ауыз-жұтқыншақ нысанында-ауыз-жұтқыншағында өткір қызба мен уытты-инфекциялық шок, мойынның айқын білінген бір жақты немесе екі жақты ісігі, мойын лимфадениті.

Slide 11

Диагностикасы

Эпидемиологиялық тексерулер

Клиникалық белгілері

Лабораториялық зерттеулер

бактериоскопия

бактериологиялық зерттеу

ПТР

серологиялық реакциялар

биологиялық әдіс

терілік-аллергиялық сынама

Slide 12

Емі.

Этиотропты ем(терілік түрінде ципрофлоксацин, доксициклин, левомицетин, цефтриаксон, нетилмицин, амоксициклин)

Арнайы серотерапия(түйнемеге қарсы иммуноглобулин енгізіледі)

Патогенетикалық ем(кристаллоидты ерітінділер; дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль. Коллоидты ерітінділер; инфезол, полиглюкин, реополиглюкин)

Slide 13

Алдын-алу шаралары.

Ауырған не өлген малды көмген жердің қоршауы және паспорты болуы керек;

Осы ауруға кәсіби байланысты адамдар(малшылар, ауыл тұрғындары, мал өнмдерін жинайтын, сақтайтын т. б. ) мекемелерінің қызметкерлері ауырмас үшін жеке бас гигиенасы мен аурудың алдын алу шараларды орындауы тиіс;

Ауру малды, залалданған заттарды кезінде тауып, оны қауіпсіздендіру шараларын алдын ала қолданғаны абзал;

Санитарлық-ағарту жұмыстары мейлінше пәрменді жүргізілу керек;

Басқа да топырақ арқылы жұғу қауіпі бар жұмыстағы адамдар сақтанып жүргені дұрыс;

Жоспар бойынша ауруға қарсы егуге кейбір кәсіби мамандық адамдар жатады.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер:

www. google. kz

www. yandex. ru

Жұқпалы аурулар А. Қ. Дүйсенова Алматы, 2009 ж.


Ұқсас жұмыстар
Тері іріңді аурулары мен терінің инфекциялық аурулары екшеу диагностикасы
Сібір жарасы туралы түсінік
КӘСІБИ АУРУЛАР
Сібір жарасы,Туберкулез
ТОПАЛАҢ ОНЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Дератизация әдістер
Химиялық қару. Биологиялық қару
ӘРТҮРЛІЛІГІ БАКТЕРИЯ ВИРУС РИКЕТСИЯ САҢЫРАУҚҰЛАҚ ТОКСИН
Тірі вакциналар
Жаппай қырып жою қарулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz