Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері
Презентация қосу
Тақырыбы: «Семіру
кезіндегі
фармакотерапия принциптері»
Орындаған: Ошакбаева Г.Е.
Тобы: 013
Курс: III
Тексерген: Сагындыкова З.Р.
.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Семіруді емдеудің басты мәселесі.
2. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуі.
3. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың мүмкін болатын
жанама әсерлері.
4. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың фармакодинамика
мен фармакокинетикасының.
5. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың негізгі әсерлері.
Қорытынды.
Семіру.
Семіру майдың артық мөлшерде жиналуымен
көрінеді.
Бұл энергетикалық баланстың ұзақ уақыт
бойы бұзылуы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде
тағаммен түсетін энергия мөлшері оның
шығынына қарағанда жоғары, мысалы,
физикалық жүктеме жеткіліксіз болғанда.
Әрине, семіруге ықпал ететін маңызды
факторға тағамдық рационда майдың мөлшерінің
қалыптан жоғары болуы және гиподинамия
жатады. Дененің артық салмағына генетикалық
бейімділікті де ескерген жөн. Сонымен қатар,
психикалық және нейроэндокриндік факторлар,
жасы маңызды рол атқарады.
Семіруді емдеудің басты мәселесі.
Семіру диабет, жүрек-тамыр аурулары,
остеоартрит және басқа көптеген созылмалы
аурулар дамуында қатер факторы
болғандықтан, күрделі медициналық проблема
болып табылады. Сонымен қатар, адамдардың
осындай контингенті арасында уақытынан ерте
қайтыс болу артуда. Сондықтан дене салмағын
төмендету – негізгі және жалғыз ғана мақсат
емес, семіруді емдеудің басты мәселесі,
семірумен бірге жүретін аурулардан
мүгедектікті және өлімшілікті азайту.
Семіруді емдеудің негізгі
принципі
– қабылдайтын тағамның қуаттылығын төмендету және
физикалық белсенділікті арттыру. Бұл шаралардың тиімсіздігіне
фармакологиялық препараттарды қолдануға тура келеді.
Семіруді емдеу үшін қолданылатын заттар келесі топтарға
жіктеледі:
1. Тәбетті төмендетуші заттар (анорекигенді заттар).
2. Липолизді және термогенезді ынталандырушы заттар
3. Асқазан-ішек жолында майлардың сіңірілуін бұзатын заттар
(липазаның тежегіштері).
4. Органолептикалық қасиеті бойынша майларды алмастырушы
заттар (қуаттылығы төмен немесе асқазан-ішек жолында
сіңбейтін).
5. Қантты алмастырушы заттар (көмірсу емес және май синтезіне
қатыспайтын).
Тәбетті төмендетуші заттар келесі
топтарға жіктеледі:
Катехоламинергиялық жүйеге
( ОЖЖ
ынталандырушы) әсер ететін
заттар.
Фепранон
Катехоламинергиялық және
сератонинергиялық әсер ететін
заттар.
Сибутрамин.
Осы препараттардың
барлығы гипоталамуста
орналасқан тәбетті реттейтін
орталық механизмдерге әсер етеді.
Фенамин
Тобы: тиімділігі жоғары анорексигенді заттарға
орталық және шеткі симпатомиметикалық
қасиеттері бар фенилалкиламиндер тобының
қосылысы фенамин жатады.
Әсер ету механизмі: негізінен, жүйке ұштарынан
норадреналин мен дофаминнің босап шығуын және
олардың қайта ұсталуын тежеу. Бұл кезде орталық
адренорецепторлар және дофаминдік рецепторлар
ынталанып, аштық орталығының тежелуіне
әкеледі.
Фармакологиялық әсері: Сонымен қатар,
фенамин ми қыртысына ынталандырғаш әсер көрсетіп,
аштық орталығын екіншілік тежеуі мүмкін. Бірақ
анорексигенді әсер – фенаминнің жалғыз ғана әсері
емес. Соған байланысты бұл зат белсенді
психостимуляторға жатады және айқын шеткі
симпатомиметикалық қасиеттері бар.
Жанама әсері: Оны қолданғанда мазасыздық,
ұйқысыздық, тахикардия, артериялық қысымның
жоғарылауы дамиды. Дәріге физикалық тәуелділік даму
қаупі зор. Сондықтан фенамин анорексигенді зат ретінде
қолданылмайды.
Фепранон
Фенаминнің таңдамалы анорексигенді әсері
бар бірқатар аналогтары алынған, мысалы
фепранон. Ол фенаминмен фармакологиялық
ұқсас, бірақ, тәбетті төмендету қабілеті аз.
Фепранонның анорексигенді әсерінің механизмі
фенаминге ұқсас, дегенмен ол ОЖЖ аз дәрежеде
ынталандырады. Сонымен қатар, оның шеткі
адреномиметикалық әсері айқын байқалмайды.
Қолданылуы және жанама әсері.
Препаратты тағайындауды тағамды қабылдауды
азайтумен жұптастырады. Фепранонды ішке, асқа
дейін 30-6 мин бұрын енгізеді. Ұйқы бұзылуын
болдырмау үшін оны тек күннің бірінші жартысында
қабылдайды. Емдеуді дәрігердің бақылауымен
жүргізу қажет.
Фепранонды қолданғанда жүрек - қан тамыр жүйесі
және ОЖЖ жағынан жанама әсерлер дамуы мүмкін:
тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы,
аритмиялар, мазасыздық, ұйқысыздық. Дәріге
бейімделу және физикалық тәуелділік дамуы
ықтимал.
Қарсы көрсетілімдер.
Препаратты артериялық гипертензияда,
коронарлық жетіспеушілікте, мидың қан айналымы
бұзылыстарында, глаукомада, тиреотоксикозда,
ОЖЖ-нің жоғары қозғыштығымен және тырысумен
жүретін жүйке ауруларында қолдануға болмайды.
Серотониннің нейроналды ұсталуын таңдамалы
тежейтіндердің де анорексигенді қасиеттері бар.
Дегенмен, осы топтың бұрыннан белгілі
препараттары жанама әсерлеріне байланысты
қазір қолданылмайды. Мысалы үшін
антидепрессанттар ретінде қолданылатын
флуоксетинді келтіруге болады. Бірақ оның айқын
анорексигенді әсері бар.
Сибутрамин
Тобы: Сибутрамин норадреналин, серотонин және
дофаминнің нейралды қайта ұсталуын тежейтін
анорексигенді зат.
Әсер ету механизмі: Қан сарысуында несеп қышқылының
концентрациясын төмендетеді, липидтер мөлшеріне
қолайлы әсер көрсетеді.
Фармакологиялық әсері: Асқаза-ішек жолынан жылдам
және жақсы сіңіріледі. Препараттың үлкен бөлігі бауырдан
біріншілік өткенде метаболизмге ұшырайды. Түзілген
метаболиттердің анорексигенді әсері бар. Сибутрамин және
оның метаболиттері қан сарысуы белоктарымен едәуір
мөлшерде байланысады; негізінен бүйрек арқылы
шығарылады.
Жанама әсерлері
Прессорлық әсер,
тахикардия,
ұйқының бұзылуы,
бастың ауруы,
ОЖЖ-нің
ынталануы, іштің
қатуы және т.б.
байқалады.
В3-адренорецепторлар
Май тіндерінің адипоциттерінде В3-
адренорецепторлардың ашылуы және олардың липолиз
бен термогенезге ынталандырғыш әсерлері семіруді
емдеу үшін қолданылатын зат ретінде осы
рецепторлардың агониттерін іздестіруге ықпал етті.
Осы типті алғашқы қосылыстар алынды және оларды
алдын-ала клиникалық зерттеулер өткізілді. Көрсетілген
заттарды қабылдау дене салмағы жоғары науқастарда
оның төмендеуіне әкеледі, дегенмен мұндай
қосылыстардың семіруді емдеудегі перспективасын
бағалау қазірше қиынырақ.
Орлистат
Семіруді емдеудің бір жолы майлардың ішектен сіңірілуін шектеу
болып табылады. Бұл тағам майларының сіңірілуіне қажет липаза
ферментін тежеу арқылы жүзеге асады. Сондай препараттардың бірі
орлистат.
Әсер ету механизмі: ОЛ асқазандағы және ішектегі липаза ферментін
қайтымсыз тежеп, тағамдық үшглицеридтердің бос май қышқылына
және моноглицеридтерге гидролизденуіне кедергі жасайды. Бұл кезде
майлардың сіңірілуі шамамен 30 %-ға азаяды. Майда еритін
витаминдердің сіңірілуі де біршама бұзылады.
Фармаклологиялық әсері: Орлистаттың өзі аз дәрежеде сорылады.
Препараттың 83% ішек арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Заттың
2%-ке жуығы бүйрек арқылы шығарылады. Орлистат 3-5 күннен кейін
толық элиминацияланады.
Жанама әсерлері аз байқалады және тағамдық майдың мөлшеріне
тәуелді. Әдетті, бұл дефекацияның жиілеуі, іш аймағында ауру сезімі,
диарея, лоқсу, құсу түрінде байқалады.
Майлардың әртүрлі алмастырушылары.
Сонымен қатар, қуаттылығы төмен немесе асқазан-ішек
жолынан нашар сіңірілетін, майлардың әртүрлі
алмастырушылары қолданылады.
Осындай алмастырушылардың бірі – олестра, ішектен мүлдем
сіңірілмейді.
Әсер ету механизмі: ол май қышқылдары түрінде 6-8 бүйір
тізбектен тұратын сукроза полиэстерінің туындысы болып
табылады.
Фармакологиялық әсері: Олестра майда еритін витаминдердің
және холестериннің, өт қышқылдарының сіңірілуін тежейді.
Сондықтан оның құрамына А,Д,Е, және К витаминдерін қосады.
Қанда ТТЛП мөлшерін төмендетеді.
Жанама әсерлері: іш аймағында спастикалық ауру сезімінің
пайда болуы, диарея.
Тағамның қуаттылығын
төмендету үшін қантты
қабылдауды шектеу немесе
дәмі қантқа ұқсас, бірақ
құндылығы төмен және
асқазан-ішек жолынан
нашар сіңірілетін, олардың
көмірсу емес
алмастырушыларын
(сахарин, аспартам тәрізді)
қолдану ертеден – ақ
ұсынылған. Бұл өте тиімді
жол, себебі, көмірсулар
ағзадағы май синтезінің
маңызды көзінің бірі.
Семіруді емдеу үшін қолданылатын жаңа
препараттарды іздестіру негізінен анорексигенді
белсенділігі бар заттармен қатар жүргізілуде. Мысалы,
май тіні жасушаларынан тәбетті тежейтін лептин
гормонын бөліп алу рекомбинантты лептиннің
алынуына әкелді. Оны семіруден зардап шегетіндерге
енгізу дене салмағының төмендеуіне ықпал етті.
Дегенмен, бұл тек эндогенді лептиннің
жетіспеушілігінде ғана байқалады.
Дене салмағын реттеуде тәбетті жоғарылататын Y
нейропептидтің маңызды рөл атқаратыны анықталған.
Сондықтан осы пептидтің антагонистерін іздестіру
қарқынды жүргізілуде.
Тәбетті арнайы рецепторлармен әсерлесетін
меланокортин де тежейді. Тәжірибеде осы
рецепторлардың агонисттері тәбетті азайтатын, ал
антогониттері жоғарылататыны анықталған. Әрине,
агонисттері анорексигенді заттар ретінде қолданылуы
мүмкін.
Асқазан - ішек жолының жасушаларымен түзілетін
холецистокинин зор қызығушылық туындатады. Ол тек
асқазан-ішек жолының бірқатар қызметіне ғана әсер
етпейді, сонымен қатар, тойыну факторы ретінде
қызмет атқарады. Қазіргі уақытта практика үшін
перспективті, холецистокинин жүйесін белсендіретін
заттар зерттелуде.
Қорытынды:
Сонымен, анорексигенді заттарды іздестіру ауқымы
біршама кеңейді. Семіруді емдеудің жаңа принцптерін
дамытудағы пргресс күмән туғызбайтыны анық. Бұл
препараттар әсер ететін жаңа «нысаналарды»
анықтаған негізін қалаушы ғылымдар саласындағы
зерттеулердің зор табысына байланысты. Дегенмен,
қуаттылығы аз диетаны жеткілікті физикалық
белсенділікпен жұптастыру әрқашанда бірінші орында
тұрады. Фармакотерапия бұл жағдайда қосалқы сипат
алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Фармакология Харкевич Д.А. Мемлекеттік тлдегі аудармасы. Алматы. 2004.- 604 б.
2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008.- 750 б.
3. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское
информационное агентство (МИА), 2004.-452б.
4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2.
– 1206 с.
5. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.
6. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. -
1648 с.
7. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.
8. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.
9. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.
10. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. –
М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.
11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие
лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782
12. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) -
Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz