Ветеринария мамандығы
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария мамандығы
Ситникова В., ВМ - 120
Алматы 2012
Ветеринария - ең маңызды мамандықтардың
бірі. Дастарханға келетін мал өнімдерінің бір
грамы болмасын вет-санитария дәрігерінің
тексеруінсіз өтпейді. Ветеринария
дәрігерлерінің жемісті еңбегінің арқасында
көптеген жануарлардан адамдарға жұғатын
жұқпалы аурулардан алдын-ала
сақтандырылады.
Ветеринария ғылымы.
Ветеринария – жануарлар ауруларының алдын алу,
оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру
жұмыстарын қарастырады. Санитарлық тұрғыдан таза
жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты
антропозооноз аурулардан сақтау сыртқы қоршаған
ортаны қорғаудағы ветеринарлық санитарлық
мәселелерді шешу туралы ғылым. Жануарларды емдеу
туралы көне мәліметтер ң мыңыншы жылдардан бері
белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина биология,
химия, физика және т. б. табиғаттану ғалымдарының
дамуымен тікелей байланысты.
Бүкіл жер шары тұрғындарының денсаулығы
ветеринардың жумысына байланысты. Көптеген
жұқпалы аурулар жануарлар мен адамдарға тән.
Ветеринар өз жумысында мал мен құстардың, жабайы
және хайуанаттар бағындағы жануарлардың, сонымен
қатар балық, бал арасы және басқа да тірі
организмдердің ауруларын анықтау, емдеу және
сақтандыру жұмыстарымен айналысады.
Ветеринар қайда жұмыс істейді?
Мал дәрігері - ветеринариялық зертханаларда,
клиникаларда, дәріханаларда, шаруа қожалықтарында
және фермерлік шаруашылықтарда, зоопарктерде,
циркте, қорықтарда, ветеринарлық ғылыми-зерттеу
мекемелерінде, жоғары және орта арнайы
ветеринарлық оқу орындарында, кедендік бақылау
агенттігінде, ет, сүт, тері, жүн, өңдеу мекемелерінде
жұмыс істей алады.
Ветеринария ғылымының басты
мәселері:
• Жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың
жаңа әдістерін (оның ішінде вирусты және
гельминтозды ө құрт ауруларды) табу.
• Аурулардан адамзатты қорғау.
• Еліміздегі ветеринарлық жағрапияны зерттеу
арқылы жұқпалы аурулар таралуының алдын алу.
• Шаруашылық қожалықтарындағы малдарды
жұқпалы аурулардан сақтау.
• Ауырған малды емдеу арқылы мал басының
көбеюіне ықпал ету.
Ветеринария ғылымындағы жаңа
технологиялардың атауларымен таныстыру
Жаңа технологиялар бойынша жасалған
дәрілер.
Салмақ өлшейтін құрал.
Зертханалық ультро дыбыстық рентген
құралдары.
Тасымалданатын ультро дыбыстық
рентген құралдары.
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Ветеринарияның негізгі мақсаты – мал
шаруашылығының ветеринарлық – санитарлық
сәттілігін сақтап, одан санитарлық сапасы жоғары
өнімдер мен шикізаттар өндіруді қамтамасыз ету.
Сондай-ақ ол халықты зооантропоноздардан сақтау,
елімізді шет елдерден келетін қауіпті мал ауруларынан
қорғау шараларын да ұдайы жүргізіп отырады.
Ветеринария ісінің жалпы мағынасы оның өзіне
жүктелген міндеттерді орындау үшін сан алуан арнайы
шараларды іске асыруда екені көрінеді. Сондықтан
ветеринария ісі деп малды аурудан сақтандыру, емдеу,
одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды
зооантропоноздардан сақтау сияқты мемлекеттік
шаруашылық, қоғамдық шаралар кешенін айтады.
Ветеринария ісіне қорғаныстық мағынада беріледі.
Мәселен шекарадағы экспорттық-импорттық тауар
алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жұқпалы
мал аурулары енуінен қорғау-шекаралық-ветеринарлық
бақылау мекемелеріне жүктелген.
Ветсансарап зертханасы
Ветсансарап зертханаларының негізгі міндеті –
базарларда сатылатын мал өнімдерінің және оларды
сату орындарының ветеринарлық-санитарлық
жағдайын тексеріп, жарамдылығы туралы қорытынды
беру. Базарға түскен барлық мал текті өнімдер
ветсансарап ережелері бойынша, осы зертханада
байқаудан өтеді. Қажет болса, бактериологиялық және
биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
Ветеринарлық- санитария дәрігері бұл мал өнімдерін
өндіретін мал шаруашылығы, ет және сүт өңдейтін
мекемелердің, базарлардың, ветеринарлық- санитарлық
жағдайын қадағалайтын маман. Мал шаруашылығы
өнімдерінің тұтынушыларға сапалы болып жетуі және
тұрғындардың денінің сау болуы ветеринарлық-
санитарлық дәрігердің жұмысына тікелей байланысты.
“Кедендік ветеринарлық сараптау” жұмысына
маманданған ветеринарлық-санитарлық дәрігер, мал
шаруашылығы өнімдерімен шикізатын тексереді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz