Келісімшарт – кәсіпкерлік келісімдердің негізгі құжаты




Презентация қосу
Дайындаған: Исабаева А.
403-топ студенті
Тексерген:Тажигулова
Ж.Ж.
э.ғ.к.,профессор
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы,
лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды),
ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне
(алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ
өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген
мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге
міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада
«шарт» деген термин қолданылады. Тараптар
қолданымдағы тармақтардың бәрі бойынша талап етілетін
формада келісетіндігін бір-біріне білдірген жағдайда ғана
шарт жасалды деп танылады. Сыртқы сауда
қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған:
халықаралық, монополиялық, консигнациялық,
комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде
шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын
түрлері де кездеседі.
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу — сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автокөлікті сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;

ә) автокөлікті залогқа беру жөніндегі келісім-шарт;

б) автокөлікті сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.
1.1. Ұйым тапсырады, ал қызметкер ұйым үшін ұйымда
қолданыстағы жұмысқа тұру туралы бұйрыққа
байланысты тәртіпте, көлемде және кесте бойынша
тапсырылған жұмысты орындауға міндеттенеді.
Қызметкер (бас маман) лауазымына қабылданады
және оның міндеттеріне мыналар кіреді: (міндеттері)
1.2. Қызметкер ұйым басшысының және басқа да
лауазымды тұлғалардың өкімдерін бұлжытпай орындауға
міндеттенеді. Қызметкер өз міндеттерін мына жерде
(жұмыс орнын көрсетіңіз): (жұмыс орны) және
қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес орындайды.
1.3. Қызметкер еңбек қауіпсіздігі техникасын, өртке
қарсы және санитарлық індетке қарсы қауіпсіздік
ережелерін қатаң сақтауға міндеттенеді.
1.4. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі (келісімшарт
мерзімі).
2.1. Осы Келісімшарттың әрекет ету кезеңінде өндірілген барлық
өнім, оның ішінде интеллектуалдық сипаттағы өнім де ұйымның
жекеменшігі болып табылады.
Келісімшарт бойынша жұмыс уақытында жұмысшы басқа ұйымдармен
мұндай келісімшарттар жасамауға міндетті.
2.2. Қызметкер осы Келісімшарт әрекет ететін уақыт кезінде және ол
бұзылғаннан кейін де 5 жыл бойы ұйымда жұмыс істеген кезінде өзіне
белгілі болған коммерциялық құпия болып табылатын төмендегідей
деректерді құпия сақтауға міндеттенеді:
- ұйымдағы заңдық, техникалық және арнайы құжаттама, оның ішінде
статистикалық ақпарат;
- ұйымның, сондай-ақ іскери серіктестерінің қаржылық
операцияларына қатысты мәліметтер;
- өз міндеттеріне тікелей, оның ішінде өзіне бекітілген ақшалай
сыйақы мөлшеріне қатысты мәліметтер;
- ұйым және оның серіктестерінің қызметіне қатысты, ұйымның
жекеменшігі болып табылатын олар жасап жатқан ғылыми,
техникалық, заңдық, коммерциялық және басқа да жаңалықтар
туралы мәліметтер, сондай-ақ оның қызметкерлері туралы
мәліметтер.
3.1. Ұйым қызметкерге қажетті жұмыс орнын, қажетті
құрал-жабдықтарды, анықтамалық және ақпараттық
материалдарды ұсынуға міндеттенеді.
3.2. Жұмыстың ерекшелігін есепке ала отырып, ұйым
(күндер) күндерде қызметкер міндетті түрде келуі тиіс деп
санайды ал басқа күндері ұйым қызметкердің басқа ұйымда
жұмыс істейтіндігіне келісім береді.
3.3. Ұйым қызметкерге ұсынған жұмыс орнында еңбек
заңнамасының және қауіпсіздік техникасының бекітілген
нормаларына сәйкес қауіпсіз әрі салауатты еңбек
жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерді ішкі тәртіп
ережелерімен, еңбекті қорғау жөніндегі талаптармен және
қызметкердің лауазымдық міндеттемелерін орындауға
қажетті басқа да ережелермен таныстыруға міндеттенеді.
3.4. Қажет болған жағдайда ұйым қызметкерді ұйым
қаржысы есебінен де, сондай-ақ қызметкердің өз қаржысы
есебінен де біліктілігін арттыруға жіберуі мүмкін.
4. Еңбекақы төлеу шарттары
4.1. Осы Келісімшартта қарастырылған жұмыстарды орындағаны үшін ұйым қызметкерге (жұмыс
уақыты) немесе 1 сағат жұмысқа (сома) теңге есебі бойынша еңбекақы төлейді.
5. Еңбекақы төлеудің ерекше шарттары
5.1. Жұмыстың сипаты бір жерге барып-келу болғанда ұйым таксиден басқа қала көліктеріндегі
жолақыны төлейді.
5.2. Қызметкерге тиесілі жекеменшік оргтехниканы, көлікті, құрал-саймандарды қолданғанда ұйым
(сома) теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттенеді.
5.3. Демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін ұйым жұмысшыға екі есе мөлшерде еңбекақы
төлейді.
5.4. Іссапар шығындары үшін қызметкерге төленетін өтемақы жалпы негізде немесе (төлем түрі)
есебінен төленеді. Басқа да өтемақылар: (өтемақы түрлері)
Қызметкердің іссапарға баруы міндетті саналады
5.5. Ұйым қызметкерге мінсіз еңбегі үшін «Сыйлықақы беру және материалдық ынталандыру
ережелеріне» сәйкес материалдық сыйақы төлейді. Ұйым бұдан басқа төмендегідей сыйақытүрлерін
төлейді:
- қызметкердің ұсынысының жүзеге асуы нәтижесінде ұйымның қосымша табыс алғандығы үшін;
- қызметкердің көмек көрсетуі арқылы (егер бұл оның лауазымдық міндеттеріне кірмесе) ұйымның
пайдалы тапсырыстар немесе шарттар алғандығы үшін;
- клиенттер саны мен бастаманы арттырғандығы үшін;
- (себебі).
6.1. Тараптарарасында дау туындаған жағдайда, ол ұйым басшысы мен
қызметкер арасындағы тікелей келіссөздер жасау жолымен реттелуі керек.
Келіссөздерге тараптардыңмүддесін көздейтін заңгерлер қатысуы мүмкін.
6.2. Келіссөздер нәтижелері екі тарапжәне олардың өкілдері қол қойған
тиісті хаттамамен рәсімделеді. Қандай да бір тараптанзаңгер қатысқан
жағдайда, екінші тараптыңхаттамаға қол қоюдан бас тартуы келіссөздерді
өтпеді деп санауға негіз бола алмайды.
6.3. Егер дау келіссөздер жасау кезінде реттелмесе, онда ол қолданыстағы
заңнама негізінде шешілуі тиіс.
6.4. Даулы мәселелері бар келісімшартты бұзуға дауды еңбек даулары
бойынша комиссияның (ЕДК) құқықтары мен ұстанымдары негізінде
әрекет ететін, (саны) адамнан тұратын, еңбек даулары мен шағымдарды
қарау бойынша құрылған арнайы комиссияның қарастыруы түрткі болуы
мүмкін.
Осы Келісімшарт екі тараптасақталатын және бірдей заңдық күші бар екі
данада жасалған.
Қортындылай келгенде келісімшарт - сыртқы
саудада бір жақ (сатушы, лицензиар)
келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды),
ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың
меншігіне (алушы , лицензиат) беруге
міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл
мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып,
белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін
көрсететін құжат,яғни заңды тұлға мен заңды
тұлға, жеке тұлға мен жеке тұлға,заңды тұлға мен
жеке тұлға арасында жасалатын маңызды
құжаттардың бірі болып табылады.
1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме
сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті
жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6.
2. Банк терминдері мен ұғымдарының
қазақша-орысша сөздігі. / Ғ.
Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж.
Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
ISBN 9965-783-20-9.
3. Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық
энциклопедия.

Ұқсас жұмыстар
ЛИЗИНГ- инвестицияны орта мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде
ЛИЗИНГ
Тауарларды сатып алу және сату
ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
Жеке кәсіпкерлік ұғымы
Инвестициялық құқықтың принциптері
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Жеке кәсіпкерлік
Қызметкерлерді жинау және басқару
НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Пәндер