Шылым шегуді тоқтатудағы никотин алмастырушы терапияның тиімділігі


Slide 1

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Денсаулық сақтау саясаты және басқару

Тақырыбы: Шылым шегуді тоқтатудағы никотин алмастырушы терапияның тиімділігі

Тексерген: Рамазанова М. А.

Орындаған: Дүненбаева А. Б.

Нұрахмет А. Қ.

Факультет: фармация

Курс: III

Топ: 302

Алматы, 2010ж.

Slide 2

Кіріспе

Шылым шегу - ағзаның созылмалы улануы

Slide 3

Темекінің құрамындағы никотин наркотикалық қосылыстар класына жатады. Никотин алкоголь және басқа наркотикалық заттарға тән эйфориялық жағдай шақырмайды, бірақ басқа да наркотикалық заттар тәрізді физикалық және писикалық тәуелділік туындатады.

Slide 4

Темекіге тәуелділіктің дамуы шылым шегуді бастаған жасқа, шылым шегу жиілігіне, ағзаның ерекшелігіне және мінез-құлқына байланысты.

Slide 5

Шылым шегудің зияны оның қауіпті әсері ақырындап және білінбей пайда болады. 10-15 жыл шылым шегуден кейін өкпе обыры, 5-8 жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруы туындайды.

Slide 6

Темекі түтінінің құрамы

Темекі жапырағы 70-тен 300-ге дейін химиялық заттардан тұрады

Slide 7

Темекі түтіні мөлшері 0, 2-05, мкм болатын гетерогенді аэрозоль, оның құрамына никотиннен басқа 4000-нан астам әртүрлі компоненттер кіреді.

Slide 8

Оларға фармакологиялық активті заттар, сонымен қатар антигендік, цитотоксикалық, мутагендік, канцерогендік қасиеттері бар заттар кіреді.

Slide 9

Ең қауіпті канцероген диметилнитрозамин. Ол бүйректік және өкпені зақымдайды.

Slide 10

Темекі түтінінің құрамы физико-химиялық қасиеттері бойынша 3 топқа жіктеледі.

күшті әсер ететін және физиологиялық активті заттар ( никотин, анабазин, синиль қышқылы, т. б. ) ;

Газ тәрізді компоненттер ( көміртек тотықтары, цианды сутек, ацетон, аммоний, изопрен, күкіртсутек, синиль қышқылы, т. б. ) ;

Қатты компонеттер ( фенол, калий, натрий, сурьма, мырыш, мышьяк, т. б. )

Slide 11

Қатты фазаға құрамында канцерогенді нитрозамин, ароматикалық аминдер, пирен, бензопирен, антрацен, әртүрлі металдар және радиоактивті қосылыстардан тұратын шайыр жатады.

Slide 12

Негізгі бөлім

Шылым шегуден айығу үшін никотин алмастырушы терапия жүргізіледі.

Slide 13

Никотин алмастыруша терапия шылым шегушілердің шегілетін темекінің санын біртіндеп азайтуға негізделген.

Slide 14

Мынандай дәрілік қалыптарда шығарылады:

Пластырь

Пастилка

Сағыз түрінде

Ингаляторлар

Таблеткалар.

Slide 15

Артериялық гипертензиясы бар шылым шегушілерге жүргізілген никотин алмастырушы терапия.

Slide 16

Көптеген халықаралық зерттеушілердің нәтижесі бойынша ( HDFP, MR, FTT, I PPPSH, MRS Austrolian National BP Study) шылым шегетін АГ бар науқастарда өлім дәрежесі шылым шекпейтін науқастарға қарағанда 2 есе жоғары.

Slide 17

Шылым шегетін ХС деңгейі жоғары науқастарда, шылым шекпейтін ХС деңгейі төмен науқастарға қарағанда коронарлық өлім деңгейі 10 есе жоғары.

Slide 18

Рандомизациялық зерттеулер арқылы АГ-мен зардап шегетін ер адамдарда эналаприл және атенололдың антигипертензивті тиімділігін зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде шылым шегушілерде эналаприлдің тиімділігі атенололға қарағанда жоғары.

Slide 19

Зерттеулер бойынша шылым шегуші әйел мен ер адамдарда инсульттің қаупі диуретиктермен емделгенде төмендеп, БАБ-мен емделгенде мүлде өзгермеген.

Slide 20

Қорытынды:

Никотин алмастырушы терапияны тағайындаудың тиімділігі және қауіпсіздігі.

ЖИА-мен ауыратын науқастарда темекіден бас тарту реваскуляризационды араласуларды 18-65% төмендетеді.

Никотин ЖИА кезінде жүретің жиырылу жиілігін және АҚ жоғарылатады.

Slide 21

Зерттеулердің нәтижесінде никотин қауіпті жанама әсерлер шақырмай жүректің аурулары кезінде қолданылады.

Жедел миокард инфарктынан кейін 2-3 күннен соң никотин алмастырушы терапия қолданылуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Сарысу алмастырушы ерітінділер мен дезинтоксикациялық препараттардың фармакологиясы
Шылым шегу, ішімдік пен есірткілердің эмбрион мен ұрық дамуына зиянды әсері
Сурдопедагогикадағы музыкалық терапияның әдістемесі мен психологиялық әсері
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар: жіктелуі, фармакологиялық қасиеттері және клиникалық қолданылуы
Жүректің ишемиялық ауруларын емдеудегі дәрілік терапияның клиникалық фармакологиясы
К және РР (никотин қышқылы) витаминдерінің гиповитаминозы: ветеринариялық клиникалық шолу
Қан құю: компоненттер, көрсеткіштер, әдістер, асқынулар және плазма алмастырушы сұйықтықтардың жіктелуі
Жануарларда никотин қышқылы (РР) гиповитаминозы: этиология, клиника, диагностика және алдын-алу
Хронофармакология: циркадтық ырғақтарға негізделген дәрілік терапияның қағидалары мен клиникалық маңызы
Сульфанил қышқылы мен оның сульфаниламидтік туындылары және никотин пен изоникотин қышқылдарының фармакологиялық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz