Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
Презентация қосу
Дәріс №1
Тақырыбы: топырақ және агротопырақтану ілімінің даму
тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың
негізгі салалары.Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс.
Дәрістің мақсаты: студенттерге топырақ туралы білім беру, ҚР
және ТМД елдерінің топырақтарының физикалы, физико –
химиялық, ауа – сулық және жылулық қасиеттері мен
құбылымдары, негізгі топырақ типтерінің генезисин, құрамы
қасиеттерін зерттеу және аймақтық орналасу заңдылықтары,
топырақтарды тиімді пайдалану және қоғау.
Міндеттері : топырақ туралы ілімнің пайда
болуы, топырақ түзуші факторлардың әсері,
топырақтың минералогиялық, гранулометриялық
және органикалық құрамы, олардың негізгі
қасиеттері ме құбылымдары.
Дәрісте құрастырылатын көрнекі құралдар : слайдттар,
сызбалар, суреттер,
Жеке өзіндік жұмыс: әр зона топырақтарын бөліп қарап, таралу
заңдылықтар және өз облысы топырақтарына сипаттама беру.
бақылау сұрақтары:
Топырақтың табиғи-тарихи дене тұрғысындағы ерекшелiктерi;
топыраққұралу үрдiсiне анықтама;
Топырақтағы үрдiстер, құбылымдар (режимдер) мен оның
қасиеттерi;
Топырақ құраушы факторлардың ролі;
реферат тақырыптары :
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымының дамуы.
Құнарлық - өсiмдiктер өнiмдi өсiп дамуын анықтайтын топырақтың
қасиетi.
Топырақтағы үрдiстер, құбылымдар (режимдер) мен оның
қасиеттерi, тектiк (генетикалық) кескiннiң (профиль) және
морфологиялық (сыртқы) белгiлерiнiң қалыптасуы.
Топырақтың түзілуне факторлардың әсері.
Топырақтану ғылымының дамуы және негізін салған ғалымдар.
Топырақтың пайда болу үрдісі.
Жоспары:
Топырақ туралы түсінік .
Топырақтану ғылымының даму тарихы және оның негізін салған
ғалымдар.
Топырақтың жаралуы.
Топырақ құраушы факторлар.
Негізгі тұрақты терминдер : топырақ, фактор,микроорганизм,
минерология, агрономия , организмдер, климат, рельеф, жер,
ультрабактериялар.
Пән аралық байланыс:
Биология (өсімдіктер, организм)
Микробиология (микроорганизмдер, ультрабактериялар)
География ( жер бедері, климат,)
Пән ішіндегі байланыс: дәріс №6,семинарлық сабақ №1
Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Т.Тазабеков , С. Қалдыбаев, Е. Тазабекова «Топырақтану» Алматы,2004ж
Т.Тазабеков жетекшілігімен. «Топырақтар географиясы» Алматы ,2000ж
Ковда В.А., Розанов Б.Г. «Почвоведение» Москва ,1988г
Кауричев И.С. «Почвоведение» М., Колос, 1982ж
Тазабеков Т. «Топырақтану түсіндірме сөздігі» Алматы,1993ж
Қосымша әдебиеттер:
Елешев Р.Е., Елемесов Ж.Е., Мұхамметкаримов К.М. «Топырақтану
практикумы» Алматы,2006ж
Елешев Р.Е., Елемесов Ж.Е., Елюбаев С. «Топырақтану геология
негіздерімен» Алматы,2007ж
Топырақ туралы түсінік. Топырақ деп – құрлықтың жоғарғы құнарлы қабатын
айтады. Оны зерттейтін ғылым топырақтану деп аталады. Ол топырақтың жаралу
тарихын зерттейді, жекеленген топырақ типтерін еске алып, оларды сипаттаудың
ғылыми әдістемесін баяндайды. Сонымен бірге жерді мелиорациалау (жақсарту)
және топырақ құнарлығын арттыру жолдарын ұсынады. Топырақты басып,оны
өңдеп, онда өмір сүреміз, көзімізбен байқай оның бейнесін жасай аламыз, ал
нақтылы алғанда топырақ деген сұраққа жауап беру қиын.
Ерте кезден бастап жердің беткі қабатын адамдар өңдеп, керекті өсімдіктерді егіп
өсірген. Соның нәтижесінде, жердің беткі қабаты туралы тәжірибелер мен ғылыми
агрономиялық құжаттар жан – жақты жинақталған.
Топырақтану ғылымының даму тарихы
және оның негізін салған ғалымдар.
Топырақтану басқа ғылым салаларымен
салыстырғанда әлі жас. Оның тарихы ХІХ
ғасырдың 80-ші жылдарынан В.В.Докучаевтің
«Ресей қара топырағы» және П.А.Костычевтің
«Ресейдің қара топырақты обылыстары» атты
ғылыми еңбектері жарық көргеннен
басталды. Ғалымдар оының түбегейлә
заңдылықтарын ашты. Содан кейін ХХ
ғасырдың бірінші жылдығына дейін
ғылымның географиялық бағыттары
дамыған. Қазан төңкерісінен соң, 1917ж
топырақтану ғылымы дамуында жемісті
екінші кезең басталады. Еліміздің бай
топырақтары жан – жақты зерттеліп картаға
түсіріледі, географиялық шолумен қатар
агрономиялық, мелиорациялық, биологиялық
және физико – химиялық зерттеулер дамыды.
Топырақтың жаралуы.
Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес –
ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың
кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті
көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті
тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары
оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын,
ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-
келген жерде кездеседі. Олаға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан
басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің тасты
қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім
тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып,
біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл
құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі
сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір
бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын
организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған
кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі
бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ
құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге
қолайлы жағдай жасайды
Топырақ түзуші
факторлар туралы
ілім
Топырақтүзуші факторлар
туралы ілім, В.В. Докучаевтың
өзі айтқандай, топырақтану
ғылымының негізгі тірегі.
Топырақты топырақтүзуші
факторлардан тыс зерттеу
бұрыс тұжырымдарға әкелуі
мүмкін.
В.В. Докучаев анықтаған
топырақтүзілістің бес
факторына – топырақтүзуші
жыныстар, өсімдік және
жануар организмдері, климат,
рельеф және уақытқа кейінірек
судың (топырақ және грунт
(еспе) суы) және адамның
шаруашылық әрекеті қосылды.
Биологиялық әрекет
Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне
қарамастан топырақтүзілуде жетекші рөлді
биологиялық әрекет атқарады. Тіршіліксіз топырақ та
болмас еді. Жер бетінде топырақтүзілу тіршілік пайда
болғалы бері басталды. Кез келген тау жынысы
қанша терең ыдырап, үгілгеніне қарамастан әлі
топырақ болмайды.
Климат жағдайлары
Климат жағдайларының топырақтүзілу үрдісі үшін
маңызды мәні бұрыннан өзіне назар аударып келеді.
Топырақтың энергиямен (жылумен) және едәуір мөлшерде
сумен қамтамасыз етілуі осы климатқа байланысты. Келген
жылу мен ылғалдың жылдық мөлшеріне, оның тәуліктік
және маусымдық таралуы ерекшеліктеріне қарай
топырақтүзілу үрдісі дамиды. Аязды кезеңде топырақтың
тоңазуы (тоңдануы), биологиялық үрдістердің тоқтауы
және физико-химиялық үрдістердің күрт бәсеңдеуі жүреді.
Топырақ-грунт (еспе) суы
Топырақтүзілуге топырақ-грунт (еспе) суы да белгілі
мөлшерде ықпал етеді. Су топырақтағы көптеген
химиялық және биологиялық үрдістер жүретін орта болып
табылады.
Жер бедерінің (рельеф)
Жер бедерінің (рельеф) әсері негізінен жер бетіне келген
жылу мен суды таратуынан көрінеді. Жергілікті жердің
биіктігінің бірталай өзгеруі температуралық жағдайдың
едәуір өзгеруіне әкеледі
Уақыт
Топырақтүзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт.
Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді.
Адам қоғамы
Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның,
дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы күрт
ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ
түрде болса, адам өзінің шаруашылық әрекетінің
барысында топыраққа бағытты түрде әрекет етеді, оны
өзінің қажетіне қарай өзгертеді. Ғылым мен техниканың
дамуына байланысты, қоғамдық қарым-қатынастардың
дамуына байланысты топырақты пайдалану және оны
қайта құру күшейе түсуде.
Соңғы онжылдықтар барысында анықталғандай,
топырақтүзілу факторларының өзара әрекеттесуі заттың
зор массасын қозғалысқа әкеледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz