Семіру
Презентация қосу
Семіру
1.Этиологиясы
2. Эпидемиологиясы
3. Классификациясы
4. Патогенезі
5.Емдеу және алдын алу
6.Диагностикасы
Патогенезі
-1942 жылы Hetherington және Ranson
тышқандардың гипоталамусының вентро-медиальді ядроларына
электролитикалық зақым келтіру арқылы тышқандарда лезде семіздік
туғыздыруға болатындығы туралы пікірлерін білдірген.
- 1946 жылы Brobeck, вентро-медиальді ядролардың медиальді бөліміне
зақым келу себебінен дамыған семіру процесі, жануарларда
тойымсыздықтың пайда болу себептерінен пайда болады деген тұжырым
жасады...
Ал гипоталамустың вентро-медиальді ядроларының латеральді бөліміне
электролитикалық зақым келу, жануарлардың тәбетінің қашуына және
арығудың дамуына, ал вентро-медиальді ядроларының медиальді
бөлімдерінің алдын-ала зақымдалуынан кейінгі олардың бүтіндігінің
бұзылуы, тойымсыздықтан арылтып, тағамнан мүлде бас тартуына
әкеліп соқтырады...
Бұның бәрі, “тою орталығы” атты вентро-медиальді ядролар, өз
эффекттісін “аппетит орталығы” атты латеральді бөлімі арқылы іске
асыра алатындығы туралы тұжырым жасалынды.
- 1970 жылы Debens-тің жасаған тәжірибесінде, семіру- гипоталамустың
және оның вентро-медиальды ядроларының зақымдалуын шақыратын
алтын, күкірт пен глюкоза (auro-thyoglucosa) қоспасын қолдану
нәтижесінде дамиды деген пікір білдірді.
Патогенезі
1-ші, 2-ші степеньдегі семіздікке шалдыққан науқастар,
әдетте өзінің салмағының артып, майдың артық жиналып
кеткендігіне шағымданады.
- 3-ші, 4-ші степеньдегі семіздікте, науқастар жие, мыс.,
физикалық жаттығулар орнағанда, басталдақпен жоғары
көтерілгенде, жай жүру кезінде ентігіп қалатындығына
шағымданады.
- Семіруден жапа шегетін науқастарда, психикалық активтілік
және қоршаған ортаға деген қызығушылығының төмендеуі
байқалады. Көбіне, сонымен қатар, әйел адамдарда
менструалды циклының бұзылыстары және әйел бедеулігі, ер
кісілердің потенциасының бұзылуы байқалады.
Этиология
Сау адамдардағы майдың мөлшері, олардың жасымен жынысына
байланысты болады. 25 жастағы ер кісілерде
майдың орташа мөлшері шамамен – дене салмағынан
14% құрайды, әйел адамдарда – 26%.
40 жас шамаларында ер кісілерде майдың орташа мөлшері -22%, әйел
адамдарда - 32% құрайды.
55 жас шамаларында майдың орташа мөлшері ер кісілерде дене
салмағынан– 25%, әйел адамдарда - 38%
құрайды. (Kekwick, 1965).
Майдың жалпы мөлшерінің жартысы теріастылық - май
клетчаткаларында болады. Май шөгінділері майлы қапшықта
(сальник), бүйрек айналасында, бауырда және т.б. жерлерде
жиналады.
Май шөгінділерінің жинақталуы липогенез процесінің басымды-
лығымен – липолиз процесінде майдың түзілуімен –
триглицеридтердің бос май қышқылдарымен глицеролға дейін
ыдырауымен түсіндіріледі.
Этиология
Семіру кезіндегі май жасушаларының гистологиялық
құрылысының негізгі характеристикасы - май
жасушаларының орташа өлшемінің ұлғаюы және май
клеткаларының санының көбею болып табылады. Май
клеткаларының жасуша орталығында май тамшысы
болады, ол семіздік арта берісімен үлкейіп, ядросын шетке
ығыстырады.
Май клеткаларында жиналатын липидтердің негізгісі –
триглицеридтер. Липидтер май тіндерінің инсулинге
резистенттілік(тм) төмендеуін анықтайды. (Hirsh 1966;
Salans 1968).
Эпидемиология
Семіздік - патологияның кең таралған түрі.
Ситникова А.М., Конради Л.И. (1966) мәліметтері бойынша,
45-49 жас аралығындағы көп әйел адамдар тобының,
тексерілу нәтижесінде, 20 % асып түсетін салмақ артуымен
сипат алды.
Penick және Stunkard (1970) мәліметтері бойынша
Нью-Йоркта тіркелген семіздіктің таралуы, көбіне халықтың
әлеуметтік, экономикалық жағдайларының төмендеуіменен
түсіндіріледі делінген. Бұл, парадоксальді факт, бірақ,
халықтың төмен жалақылы топтардағылары,көбіне
көмірсуларға бай азық-түліктерді қолданғандықтан,
семіздікке бейімдеу болады. Жоғары жалақылы
халық,белоктарға бай тағамдарды қолданады. Себебі, белок
спецификалық динамикалық қасиетке ие.Сондықтан да,
көмірсуға бай тағамдарды қолданатын халыққа қарағанда,
белокқа бай тағамдарды қолданатын халық семіздікке
бейімсіз болып келеді.
Емдеу жолдары
1-ші, 2-ші степеньдегі семіздікке шалдыққан науқастарға
углеводтарға бай тағамдарды (қара нан, ақ нан, ұн
тағамдары, картоп, қант,тұз) және майға бай тағамдарды
2есе (жануар,өсімдік тектес майлар, сметана, сливки) тағам
рационынан азайтып, қатаң тағайындалған диетаны ұстану
қажет. Рационда белокты тағам құрамы неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым белоктық ашығуды доғарып,ашығу сезімін
төмендетеді. Поливитаминдер және арнайы А,D
витаминдерін қолдану қажет.
3-ші, 4-ші степеньдегі семіздікке шалдыққан науқастарға
құрамы нақты регламенттелген диетаға отыру қажеттілігі
туады.
Регламентті диета
Мыс., бұндай диеталық тағамның тәуліктік қолданылу-
ына:
250-300 г. - ет (майсыз сұрыптары);
300-350 г. - балық (майсыз сұрыптары) ;
250-300 г. – ірімшік;
0.5 л – сүт, айран, ұйытылған сүт;
600 г. дейін - көкөністер (картоптан және бұршақтардан басқа);
600 г. дейін – жеміс-жидектер (жүзім,бананнан басқа);
50 г. – қара нан;
5 г. - май;
Қантты диабетпен ауырмаса және глюкозаға толерантты-
лық қалыпты болса 5 г. – шекер қолдануға рұқсат етіледі.
А және D витаминдерінің майлы препараттарын – күніне 2-3
тамшыдан қабылдау қажет.
Диетаның калорийлік құндылығы – 1300 ккал.
Классификация
Салдарлық
Гипертро-
Біріншілік
фиялық
Семіру
Гиперпла- Андроид-
зиялық тық
Гиноидтық Араласқан
Классификация
Біріншілік семіру – май тіні мен
гипоталамустың арасындағы гормондық
байланыстардың бұзылыстарынан липостаздық нүктенің
жоғары көтеріліпкетуімен көрінетін дерттік жағдай.
Салдарлық (екіншілік) семіру – бастапқы кездерінде
адипоциттер мен гипоталамустың арасындағы
байланыстарының қалыпты жағдайында организмде
энергия шығындалуы азаюынан және майлардың
жиналуына әкелетін дерттік бұзылыстардың болуы
салдарынан дамитын синдром.
Гипертрофиялық семіру – май жасушаларының жалпы
саны өзгермей олардың іштеріндегі май тамшыларының
көлемі ұлғайып кетуімен көрінеді.
Диагностикасы
Семіздікке диагноз қоюшін,семіздік дәрежесін анықтау
үшін, ең әуелі, науқастардың дене салмағының,олардың
жынысымен, жасымен және бойымен сәйкестігін анықтау
керек болады.
Қазіргі кезде көптеген елдерде “теориялық” немесе
“идеалді” есептеулер кестесі қолданылады. Бұл кесте
25 жастағы әйел және ер адамдарға(бойының көрсеткішін есепке
алғанда) арнайы кесте құрастырылған.
25 жаста бұлшықет тіндерінің максимальді дамуы басталады. Бұл
кестені қолданудан бұрын, дәрігер, әр науқастың қаңқа
мускулатурасымен қаңқа системасының дамуын да есепке алу
керек.
Гиперплазиялық семіру – май жасушаларының жалпы саны
қалыптыдан көбейіп кетуімен көрінеді.
Андроидтық семіру – майдың дененің жоғарғы бөліктеріне,
ішке және іш құрылыстарында жиналуы.
Гиноидтық семіру – майдың бөкседе, жамбаста, санда және
дененің төменгі жақтарында, негізінен әйелдерге тән,
жиналуы.
Араласқан семіру – андроидтық және гиноидтық түрлері
біріккен түрде кездеседі.
Пайдаланылған әдебиет:
Саркисев Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. “Общая
патология человека” Медицина 1997
Струков А.И., Серов В.В. “Патологическая анатомия” 4-ші
басылым. Медицина 1995
Ә.Нұрмұхамбетұлы “Патологиялық физиология”
Интернет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz