Жаңа туылған балалардағы бүйрек құрылымы мен жүректің өткізгіш жүйесінің морфо-функционалдық ерекшеліктері


Slide 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Гистология кафедрасы

Бүйрек құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшеліктері

Студент: Латипов А. Ш

Факултет: Жалпы медицина

Курс: 3

Топ: 07-043

Оқытушы: Абжапарова А. Т.

Алматы 2009-2010

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Бүйрек құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшеліктері

Жаңа туылған балаларда бүйректің қызметтік ерекшеліктері

Қорытынды

Әдебиеттер

Slide 3

Бала бүйрегі толық жетілмей туады. Жаңа туылған және емшектегі жас балалардың бүйрегі дөңгелек және осы жаста қыртысты заттың толық жетілмеуіне байланысты бүйрек беті кедір‑бұдыр болады. Бүйректің үлестік құрылымы 2-3 жасқа дейін сақталады. Жаңа туылған балаларда бүйректің ұзындығы 4, 2 см, ал салмағы 12 г. Емшек жасында бүйректің мөлшері шамамен 1, 5 есе, ал салмағы 37 г.

Алғашқы балалық кезеңінде бүйректің ұзындығы орта есеппен 7, 9 см-ге жуық, салмағы 59 г. Жасөспірімдерде бүйректің ұзындығы 10, 7 см, салмағы 120 г.

Жаңа туылған балаларда бүйректің қыртысты затының қалыңдығы шамамен 2 мм‑ге, ал милы затының қалыңдығы - 8 мм; олардың қатынасы 1:4 құрайды.

Slide 4

Бүйректің дамуы негізінен баланың бірінші жылында жүзеге асады. 5-9 жастың, әсіресе 16-19 жас кезеңінде бүйрек мөлшері пубертаттық кезеңнің аяқталуына шейін жалғасатын қыртысты заттың дамуына байланысты ұлғаяды; милы затының өсуі 12 жаста тоқтайды. Қыртысты заттың салмағы нефрон ілмегінің иірім түтігінің және жоғарылаған бөлігінің ұзынынан және көлденеңінен өсуінің арқасында ұлғаяды. Жаңа туылғандарда бүйрек түбегі кең, «ампулатәрізді».

Slide 5

Сәби өмірінің 5-ші жылына таман бүйректің фиброзды капсуласы айқын білінеді, ал 10-14 жасқа қарай өзінің құрылымына байланысты ересек адамның фиброзды капсуласына ұқсайды. Жаңа туылғандардың бүйрек қабығының жапырақшасы өте жұқа болады да, сәби жасының өсуіне байланысты біртіндеп қалыңдайды. Майлы капсула болмайды және ол тек қана алғашқы балалық кезеңінде дами бастайды. 40-50 жасқа қарай бүйректің майлы капсуласының қалыңдығы жоғары шамаға жетеді, ал егде және қарттық жаста ол жұқарады, кейде жойыла бастайды.

Slide 6

Бүйрек топографиясы жас келе төмен түсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туылған балаларда бүйректің жоғарғы шеті ХІІ кеуде омыртқасының жоғарғы жағынжа көрінеді, ал емізулі жаста (1 жасқа дейін) - ХІІ кеуде омыртқа денесінің ортаңғы деңгейінде. Бүйректің төменгі шеті жаңа туылғандарда IV бел омыртқасының төменгі жағында, ал бір жасар сәбилерде омыртқа бағанасының жылдам өсуіне байланысты 1-2 омыртқаға жоғары орналасады.

Жаңа туылған балаларда екі бүйрек те сәйкес бездерімен бүйректің жоғарғы шеті және алдыңғы медиальды (бүйрек қақпасы тұсында) аймағында бір‑біріне жанасады. Оң жақ бүйрекке бауыр, соқыр ішек, құрттәрізді өсіндіге жанасады. Сол жақ бүйрекке ұйқы безі, көкбауыр жанасады.

Slide 7

3-4 жасқа дейінгі балаларда әр бүйректің бойлық осі омыртқа параллель өтеді, 5-6 жаста бойлы ось қиғаш бағытталады.

Жаңа туылған балаларда «бүйрек аяғы» (артерия, вена) ұзындау, қан тамырлар кисық орналасқан: бүйрек артериясының басы және оның венасының сағасы бүйрек қақпасынан жоғары орналасады. Кейін «бүйрек аяғы» біртіндеп горизонтальды қалыпқа ауысады.

Slide 8

Нәрестелердің бүйрек шумақтарында сұзілетін несептің көлемі, дененің сыртқы бетіне шаққанда ересек адамдардан 2, 5 есе аз болады. Өйткені балаларда нефрон шумақтары өте майда болғандықтан бүйректің сүзгіш беті аз болып келеді және ондағы тесіктердің диаметрі ересеек адамдардағыдан 2 есе кіші болады. Сонымен бірге балалардың нефрондарындағы Боумен‑Шумлянский қапшығының висцералдық бетіндегі эпителий жасушалары, ересек адамдардағыдай жалпақ болмай, куб тәріздес болады. Осы себептерден балаларда несеп аз сүзіледі.

Slide 9

Бала туылған кезде бүйрек нефрондарының өзекшелері әлі толық жетілмеген. Егер нәрестелердің шумақтарының диаметрі ересек адамдардан 2, 5 есеге жуық аз болатын болса, онда проксималық өзекшелердің ұзындығы 10 есе қысқа болады. Осыған қарамай алғашқы сүзілген несептен нәруыздар мен глюкоза толығынан кері сіңіріледі. Содан сыртқа шығарылатын несепте олар болмайды.

Slide 10

Жаңа туған нәрестелердің бүйрек қызметі ерекшеліктерінің бірі болып, өзекшелердің эпителий жасушаларының секрециялық қабілеті төмен болуы есептеледі. Бұл механизмдер бала туғаннан кейінде дами береді. Балаларда нефрондардың ұзындығы ұзаруы өзекшелерінде эпителий жасушаларының ары қарай дамуымен, олардағы ферменттердің белсенділігі көтерілуімен және талғамды өткізгіштік қалыптастырумен қабаттасады. Сол себепті жас өсуіне қарай бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілу және секреция процестері де біртіндеп артады.

Slide 11

Нәрестелердің бүйрегінің қоюландыру қабілеті төмен болады. Бала туғаннан кейін алғашқы айларда несептің осмостық қысымы тез өседі және 1 жасқа толғанда оның деңгейі ересек адамдарға жақындайды. Нәрестелердегі бүйректің төмен қоюландыру қабілеті бұрылу‑қарсы ағу жүйесінің жетілмеуінен болады. Несептің осмостық қысымы негізінен тұздардың есебінен болады. Ал, осмостық қысым туындатуда мочевинаның үлесі 15%-дан аспайды. Өйткені жас балаларда нәруыздар түзілуі басым болғандықтан, оң азоттық баланс болады да, мочевинаның түзілуі аз болады

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Жүректің өткізгіш жүйесінің жасушалары және олардан туындайтын жүрек аурулары
Өттің құрамы мен қасиеттері және жаңа туылған балалардағы физиологиялық сарғаю
Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері: жаңа туғанның алғашқы демі мен өкпе аурулары
Вегетативтік жүйке жүйесі: морфо-функционалдық құрылымы, бөлімдері, медиаторлары және рефлекстері
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің морфофункционалдық ерекшеліктері
Талдағыштардың физиологиясы: рецепторлардың жіктелуі, қозу механизмі және морфо-функционалдық ерекшеліктері
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің анатомиялық құрылымы мен жастық ерекшеліктері
Жүректің өткізгіш жүйесі мен автоматия механизмдері: электрокардиография және оның диагностикалық маңызы
Лимфа жүйесі: құрамы, морфо-функционалдық қасиеттері және айналымының реттелуі
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиялық-функционалдық құрылысы мен жастық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz