Кәсіпорын түсінігі, мақсаты және міндеттер Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық, құқықтық формалары




Презентация қосу
Кәсіпорын түсінігі, мақсаты
және міндеттері.

Кәсіпорындардың
ұйымдастырушылық, құқықтық
формалары.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек
бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға
құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық
қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Кәсіпорынның негізгі мақсаттары:
Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар
міндеттерді шешуге тырысады:
қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату
керек
бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз
позицияларын қалай нығайту керек
өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек
қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек
қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады
өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық
сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету
керек.
Кәсіпорындардың жіктеу формалары:
Кәсіпорынның ұйымдық-
құқықтық нысаны
дегеніміз – заңмен және
басқа да құқықтық нысанмен
қарастырылған, кәсіпорын-
ның қалыптасуының
құрылымдық тәсілі мен түрі,
оның меншік формасы,
шығаратын өнім көлемі мен
ассортименті, оның
капиталының қалыптасуы,
қызметінің сипаты мен
мазмұнына тәуелді
болғандықтан және
әртүрлі фирмааралық
одақтарға кіру тәсілі мен
бәсеке күресін жүргізу
әдісіне байланысты жіктелуі.
Қазақстн Республикасының Азаматтық Кодексіне
сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық
формаларының мынадай түрлері бар:
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген
коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп
танылады.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк
қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда
оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар
құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн
көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған
мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады
және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк
негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк
кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне
негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп
танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.

Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының
ерекше құзыретiне мыналар жатады:
кооператив жарғысын өзгерту;
атқарушы, тексерушi органдарды және қадағалау кеңесiн құру
мен олардың мүшелерiн керi шақырып алу;
кооператив мүшелерiн қабылдау және шығару;
кооперативтiң қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
кооперативтi қайта құру мен таратуды шешу.
Кәсіпорындар келесі
ұйымдарға біріге алады:
Корпорация дегеніміз — бұл оның құрушылары осымен бір мезгілде бірлесе және зандық
тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған заңды
тұлға.
Концерн (лат. concern – қатысу, мүдде) – өндірісті араластыру және әртараптандыру
негізінде өнеркәсіп орындарын, көлікті, сауданы, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу
орталықтары мен сынақ полигондарын бірлестірудің ең кең таралған қазіргі заманғы түрі;
қаржы жөнінен бірыңғай бақылаудағы түрлі салалар кәсіпорындарының монополистік
бірлестігі.
Консорциум (лат. consortіum – ортақ серіктестік) – бірнеше банк немесе өнеркәсіп
кәсіпорындары арасындағы уақытша келісім, бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын
қажет ететін нақты экономикалық міндеттерді‚ күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен
бірлескен қызмет туралы шарт негізінде біріккен заңды тұлғалардың (шаруашылық жағынан
тәуелсіз фирмалар мен басқа да кәсіпорындардың‚ банктердің) уақытша тең құқықты одағы
(бірлестігі). Консорциум заңды тұлға ретінде тіркелмейді. Алқалық тәсілмен басқарылады.
Картель- (французша cartel, итальянша cartelо – құжат) – бір тұрпатты өнім өндіруші
кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу,
шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде
құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі).
Синдикат (латынша syndіcatus — құрама, бірлестік) — тар аядағы белгілі бір мақсатқа
жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігуі.
Трест (ағылш. trust – сенім) – бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және
коммерциялық дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі.
Холдинг (ағылш. holdіng — иеленуші) — тәуелді және еншілес компаниялар
акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания‚ заңды тұлға.
Қорытындылай келе Кәсіпорын экономикалық қызмет
көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар
өндірумен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90
пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы
статусы әртүрлі.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер
капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуын мақсат етіп
қояды. Ол үнемі пайда табуын көздейді.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы
дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім
сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың
өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді.

Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ
Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің ұйымды құқықтық формаларының қаржыны ұйымдастыруға әсері
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру
Шаруашылық серіктестік
Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау
Бизнесті сипаттау
Кәсіпорын туралы түсінік және түрлері
Басқару субъектісінің қызметтері
Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі
Пәндер