Менеджменттің бақылау қызметі




Презентация қосу
Менеджменттің
бақылау қызметі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Бақылаудың мәні және негізгі
принциптері.
2. Бақылау түрлері және бақылау
әдістері.
3. Бақылаудың жүйелік концепциясы.
Негізгі түсініктер
Бақылау - ұйымның өз мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін процесс. Бақылау процесі белгі
тұрғызудан, нақты жеткен нәтижені өлшеуден, егер
жеткен нәтиже тұрғызылған белгіден алшақтау
жатса, онда өзгеріс енгізуден тұрады.
Бақылау функциясы- ол басқару сипаттамасындағы
проблемаларды анықтауға және ұйымның қызметіне
өзгерісті, проблема дағдарысқа айналып кетпей
тұрып, енгізуге мүмкіндік жасайды.
Басқарушылық бақылау ұйым жұмысының
тиімділігін көрсететін және стратегиялық
шешімдерді түзету, күнделікті қызметті реттеу
туралы сапалы ақпарат беру керек. Ол болашақта
көптеген ішкі және сыртқы материалдық, қаржылық
және еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін
талдауды қамтиды. Ұйым қызметін таңдау және
бағалау басқарудағы ең күрделі мәселелердің бірі
деп саналады. Әр түрлі учаскелерге және
басшыларға қазіргі жағдайда өте дәл және орынды
баға беру тиімді басқарудың басты шарты боп
табылады.
• Кері байланыс — ол алынған нәтижелер
туралы мәліметтер. Кері байланыстың ең
қарапайым мысалы болып, бастықтың
қоластындағы адамына оның
жұмысының қанағатсыз екендігі туралы
хабарлама болып табылады. Кері
байланыс жүйесі басшыларға осы
көрінбей қалған проблемаларға өзгеріс
енгізу жолдарын көрсетеді.
Бақылаудың орны және мағынасы - ол кері байланысты
ұйымдастыру тәсілі болып табылуымен анықталады, сол
арқылы басқару органы өзінің шешімдерінің орындалу
барысы туралы ақпарат алып отырады.
Бақылаудың екі типі болады: стратегиялық және
тактикалық.
• Стратегиялық немесе басқарушылық бақылау
стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған және
стратегиялық жоспарлауды басқарумен тығыз
байланыста.
• Тактикалық немесе әкімшілікті бақылау ағымды
міндеттер, бағдарламалар, жоспарлардың орындалуын
қамтамасыз етуді жүйелі қадағалайды.
• Осыған орай, жоғарыда аталған бақылау типтерімен
қатар, бақылауды келесі формаларға бөліп қарастыруға
болады: қаржылық. өндірістік, маркетингтік және сапаны
бақылау.
• Қаржылық бақылау жалпы басқарушылық бақылау,
стандартты формада әрбір бөлімшелерден қаржылық
есептерді алу негізінде іске асырылады. Қаржылық
бақылау ұйымның өмір сүруінің барлық аспектілерін,
демек маркетинг және басқаруды қамтиды.
• Өндірістік бақылау өзіне алты функцияны енгізеді:
• Операциялар кезектілігі;
• Жұмыстарды бөлістіру;
• Әрбір операцияның өндірілуі тиіс уақыттың анықтайтын
өндірістік графиктері;
• Жұмысты орындау құнын алдын - ала бағалау;
• Жұмысты ағымды реттеу процесі;
• Жөнелту — аяқтаушы қызмет, онда жоспардың
орындалуы тексеріледі.
Маркетингтік бақылау мыналарға негізделеді:
• өткізу мүмкіндігін талдауға;
• нарық үлесін талдауға;
• маркетинг және өткізуге кеткен шығындар арасындағы
ара қатынасын талдауға;
• клиенттермен қарым - қатынасты қадағалауға.
Сапаны бақылау, жаңалықты техникалық
деңгейде орындау кезінде ақаулардың
болмауы, пайдаланудағы сенімділікті енгізе
отырып, бәсекелестік күрестің нарықтағы
позицияны жаулап алу және сақтаудың
маңызды құралдарының бірі болып
табылады.
Бақылау түрлері
1. Алдын-ала
2. Ағымды
3. Қорытынды
• Алдын – ала бақылау шешімдердің дайындалуын
бақылайды. Бұл процесте бақылау өкілеттілігі орган
мен бөлімшелердің бекітілген ережелер мен
нормативтерге сәйкестігін анықтайды. Алдын – ала
бақылау негізгі бақылау түрі болмау керек, өйткені
пайдалы ықпалымен қатар егер де оған көп көңіл
бөлінсе теріс жағымен көрінуі мүмкін.
• Күнделікті бақылау алдын – ала бақылауға қарағанда
одан көрі маңызды орын алады. Бір жоспарды орындау
кезінде көптеген жағдайлар себебінен жоспарды
өзгертуге тура келеді. Күнделікті бақылаудың міндеті
мақсаттарды орындау мүмкіншіліктері мен құралдарын
тауып, оларды нақты жағдайлармен байланыстыру
болады.
• Әр түрлі деңгейдегі басшылардың жұмысында
қорытынды бақылау маңызды орын алады. Оның негізі
мен құралдары болып жұмыстың нәтижесі және
құрылымдық бөлімшелердің тиісті есеп беру саналады.
Бұл бақылаудың түріне шешімді орындауын тексеруге
қатысты сұрақтардың барлығы кіреді. Қорытынды
бақылау ең толық және жан – жақты қамтитын бақылау
болып табылады. Бірақ бұл бақылау бұрынғы істелген
жұмыстың өзгеруіне ешқандай ықпал ете алмайды,
сондықтан оның қорытындысы дұрыс баға беруге және
болашақта істелетін жұмыстардың тиімділігін көтеруге
қолданады.
• Бақылау әдістері. Бағыныштылардың іс – қимылын
бақылайтын әдістердің көптеген түрлері бар. Соның
ішінде көп кездесетіндер:
1. есеп беруді тексеру;
2. үлгі;
3. тіркеу және есеп беру;
4. шектеуді орнату ( шектелген мерзімдер );
5. ережелер мен процедураларды орнату;
6. бюджеттер (қаржылық сметалар );
7. ұялту;
8. тәртіптік шаралар;
• Алдыңғы алты әдіс бақылаудың дұрыс әдістері ретінде,
қалған екеуі теріс әдіс ретінде қарастырылады, бірақ
бұл әрқашанда осындай емес.
• Есеп беруді тексеру. Басшының өзіне бағынышты
адамдарды қадағалауы оларға үлкен ықпал жасайды. Ең
басты, басшы өзінің тексеруін жоспарлы және жүйелік
түрде жасау керек. Басшы бағыныштылармен жиі
сұқбаттасып тұруы керек. Әрине жәй әңгімелесу,
әзілдесу емес, қажетті тексерулерді жүргізу үшін. Басты
қиыншылық – бұл әр түрлі тексерулерден бір тұтастық
құру. Бұл мақсатқа ревизия жүйесі жақсы көмектеседі,
осының арқасында бағыныштылар абай болады, қате
жібермеуге тырысады және компанияға қарсы қылмыс
жасауға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан көптеген
компаниялар тұрақты ішкі ревизия жүйесін енгізеді.
• Үлгілер. Басшы – лидер көп жағдайда
бағыныштыларына үлгі болып, өнеге
көрсетіп, соның өзі бақылау жұмысына
көмегін тигізеді. Бірақ үлгінің бақылауға
тиісті ықпалының шегі бар. Түнге дейін
істейтін басшы, бағыныштыларын жұмыста
кідіре тұруын сұраумен, топ ішінде өзінің
лидерлігін нығайтады. Ал егер басшы өзінің
шеберлігін көрсетіп, ең жақсы жұмыскерді
өзінен төмен екендігін байқатса, ол тиісті
қолдау таппауы мүмкін .
• Тіркеулер және есеп беру бақылау үшін үлкен
құндылығы бар, бірақ олар тым көп болып, тым
жалықтыратын және тым көп уақыт қажет ететін болуы
мүмкін. Көптеген ұйымдарда есеп беру қаралмайды, ал
тіркеулер талқыланбайды. Көбінесе құндылығын барған
сайын жоғалтып, сақтауға шығын талап етеді. Көптеген
ұйымдар өздеріндегі тіркеулері мен есеп беруді
зерттесе, керексіздерін жойса көп қаражат үнемдеуіне
болады.
• Шектеуді орнату. Бағыныштыларға шешім қабылдаған
жағдайда белгілі шектеулер қойып, арнайы рұқсатсыз
олардан тыс шықпауы керек. Осы жолмен бақылайтын
басшы қаражатты теріс пайдаланудан сақтайды.
• Ережелер, нұсқаулар мен процедураларды орнату.
Жоспарларды, нұсқаулар және процедураларды орнатып
басшы белгіленген жұмыс тәртібінің үлкен бөлігін
бақылап, бағыныштыларын бір дұрыс дағдыларға
үйретеді.
• Қаржылық сметалар (бюджет) - бұл тек нәтижені
және жоспардың дұрыс орындалуын бағалайтын
документ емес, сонымен қатар бақылау құралы болып
саналады. Қаржылық сметалар арқылы бақылау іс –
әрекеттің белгілі шегін орнатылғанынан байқалады.
Бюджетпен жасалған шектеулер айқын болмағаны
өзінде, бюджет әкімшілік шешімдерін бақылап
отырады.
• Ұялту. Ұялту – бақылауда теріс тәсіл деп танылады. Ал
басшылардың көбі негізінен бақылаудың оң тәсілдерін
қолдауды қалайды. Бірақ, кей жағдай жақсарар ма екен
деп теріс әдістерін де байқап көру керек. Егер ол
жақсарса, ұйым одан тек қана ұтады. Егер жақсармаса,
онда одан да қатал шараларды қолдануға болады.
• Тәртіп жөніндегі шаралар. Ұялту – бұл тәртіп
шараларының тек бір түрі. Ұялту – тәртіпке шақыру
шараларының жұмсақ түрі, тек кейбір жағдайларда ғана
көмектесуі мүмкін, бірақ сонда да кейбір уақытша
жұмыстан аластату немесе жұмыстан босату секілді
қатаң шаралар қолданылатын жағдайлар да болады.
• Жүйелік принциптерін қолдану бақылаудың
маңызы мен механизмінің дәстүрлі
тұжырымдарын кәдімгідей өзгертеді.
Бақылау процестерінің бір кезеңі ретінде
олардың тиімділік нормасын анықтау
болады. Егер де шешім дұрыс болмай
шықса, онда шешім қабылдау процедурасын
және оның салдарын түзететін механизм
енгізіледі.
• Бақылау төрт негізгі элементтен
тұратын жүйеге айналады:
• - бақыланатын процестердің шығуын
анықтайтын нормалар;
• - процестердің нақты іске
асырылғандығы туралы мәліметті
қабылдауға арналған құрылғы;
• - нақты және күтілген іс – әрекеттер мен
бағалардың салыстыру механизмі;
• - түзету мақсатындағы әсер ету құралы.

Ұқсас жұмыстар
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Менеджменттің мәні, әдістері мен функциялары
Менеджменттің теориясы мен практикасы
Өндірістік менеджменттің қызметтері әдістері принциптері Мамандандыру және кооперативтендіру, өндірістің шоғырлануы мен кешендендірілуі
Менеджменттің анықтамалары
Басқару амалдары және мектептер
Ғылыми менеджмент мектептері туралы
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Банк менеджменті
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ
Пәндер