Менеджменттің жоспарлау қызметі


Slide 1

Тақырып №5. Менеджменттің жоспарлау қызметі

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

Жоспарлау түсінігі және мәні

Стратегиялық жоспарлау мазмұны

Фирма ішіндегі деректерді талдау

Slide 3

Жоспарлау түсінігі

Жоспарлау - бұл фирманың кірісін көбейту және оны дамыту мақсатында болашаққа жасалынатын әр түрлі әрекеттер мен шараларды өңдеу процесі.

Жоспарлау дегеніміз - жаңа мүмкіндіктер арқылы мақсатты әрекеттерді біріктіру барысындағы жаңа жол мен әдістерді іздеудегі үздіксіз процесс.

Slide 4

Жоспарлау түрлері

Мерзімі бойынша

Кәсіпкерлік қызмет тің мазмүны бойынша

Қызмет ету сферасы бойынша

Ауқымы бойынша

жалпы

оперативті

жеке

мақсатты

тактикалық

стратегиялық

потенциалды

қаржылық

маркетинг

қаржы

өндіріс

қысқамерзімді

ортамерзімді

ұзақмерзімді

контурлық

глобальды

бөлшек

Қамту деңгейі бойынша

Жоспарлау объектісі бойынша

Slide 5

Жоспарлау түрлері және техникасы

Тізбекті жоспарлау (жаңа жоспар алдағы жоспардың мерзімі аяқталған кезде құрастырылады)

Жылжымалы жоспарлау (алдағы жоспардың уақыт мерзімі жартылай өткенде қалған уақытына ревизия жүргізіледі және жаңа жоспар құрастырылады)

Қатаң жоспарлау (нақты мақсаттар мен шаралар айқындалады)

Майысқақ жоспарлау (қате туындаған кезде жоспар қайта құрастырылады)

Slide 6

Жоспарлау басқарушылық шешім ретінде. Жоспарлау кезеңдері

1. Мақсатты айқындау

Фирманың алға қойған мақсаты қандай?

Қандай әдісті қолданған жөн?

2. Қойылған мақсатқа жету үшін таңдау жасау, талдау және бағалау

3. Қажетті қызметтер тізімін құрастыру

Жоспардың нақты орындалды ма?

4. Жұмыс бағдарламасын құрастыру

Қойылған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

8. Жоспардың орындалуын бақылау

6. Құрастырылған жоспардың нұсқасын талдау

5. Ресурстарды талдау

Жұмысты қандай бағытта жүргізген жөн?

7. Қызмет жоспарын жекелеп дайындау

Құрастырылған жоспар қойылған мақсаттардың бастапқы кезеңінде шешіледі ме?

Жоспарды іске асыру үшін қандай ресурстар қажет?

Құрастырылған жоспарды жекелеп қарастыру керек: уақыт мерзімін шешу, қажетті ресурстарды есептеу

Slide 7

Стратегиялық жоспарлау мазмұны

«Стратегия» гректің - «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.

Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: қорларды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Slide 8

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

Slide 9

Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану бойынша әрекеттер (шетел нарыктарын ашатын жаңа технологиялар, жаңа тауарлар, бәсекелес компанияны сатып алу мүмкіндігі, жаңа саудалық келісімдер)

Саладағы жағдайлардың өзгеруін қамтамасыз ететін жауапты әрекеттер (тауарға талаптардың өзгеруі, мемлекеттік емес шектеулер, белгіленген мөлшердің өзгеруі, жаңа бәсекелестердің келуі және кетуі)

Қысқа мерзімді табыстылықты жақсарту әрекеттер

Шығарылған өнімнің ассортиментін кеңейту және тоқтатуға, тауар сапасын немесе сатып алушыларды модификациялауды өзгертуге күш салу

Негізгі функциялар мен әрекеттерді анықтайтын қадамдар мен тәсіддер

Бәсекелестік әрекетіне қарсы қорғану шаралары және сыртқы қауіп-қатерден қорғану

Компанияның стратегиясын анықтайтын әрекеттер мен тәсілдер

Алға және кейін интеграциялау бойынша күш салу

Ұзақ мерзімді бәсекелестік позицияны күшейту үшін жаңа шабуылдық әрекеттер және бәсекелестік басымдьшықты сақтау

Компанияның табыс базасын әртараптандыру бойынша қадамдар және қызметтің жаңа саласына немесе өрісіне бірлесіп ену

Географиялық таралудың өзгерістері бойынша күш салу

1 сурет - Компания стратегиясының элементтері

Slide 10

SWOT (ағылшынның SWOT - strength - күш, қуат, weak - әлсіздік, opportunіty - мүмкіндік, threat - қатер) - компанияның (фирманың) менеджері өзінің қызметін жүзеге асыратын экономикалық жағдайды, сондай-ақ қолда бар (немесе ықтимал) ресурстарды талдау үшін пайдаланатын қысқарған сөз. Ағылшынның “қуат”, “әлсіздік”, “мүмкіндік”, “қатер” (сыртқы ортаға қатысты) деген мағынаны беретін сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Фирманың жай-күйі осы факторларды ескере отырып айқындалады. Сонан соң міндет қойылып, мүмкіндікті пайдаланып, қатерге жол бермеу, қуатты еселеп, әлсіздікті жою жоспарлары жасалады.

Slide 11

SWOT талдау сызбасы

Күшті жағы

Әлсіз жағы

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Slide 12

Фирма ішіндегі деректерді талдау

1. ӨТКІЗУДІ ЖОСПАРЛАУ

Өткен жылдардағы айналымды талдау әдетте кесте түрінде

беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды.

Айналымды талдауда мыналар көрсетілуі тиіс:

1. сату айналымы (саны) ;

2. сату құны (айналымы) ;

3. сату бағасы (өз өнімдері, бәсеке өнімдері) ;

4. өз өнімдерінің өткізу болжамы;

5. өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің

арасындағы ауытқулар.

Slide 13

Тауарды өткізу мынадай өзгерістер бойынша айқындалады: 1. тауарлар және тауар топтары;

2. сауда есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;

3. сатып алушылар тобы;

4. тапсырыс (заказ) саны мен жиілігі;

5. сату жиілігі.

Slide 14

2. НАРЫҚ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

Нарық туралы деректерді алу өте қажет, тек айналым көлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Нарықты талдауда мынадай көрсеткіштер талданады:


Ұқсас жұмыстар
МЕНЕДЖМЕНТ ТҮСІНІГІ. МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Менеджменттің мәні, әдістері мен функциялары
Ғылыми менеджмент мектептері туралы
Менеджменттің теориясы мен практикасы
Менеджменттің анықтамалары
Банк менеджменті
Өндірістік менеджменттің қызметтері әдістері принциптері Мамандандыру және кооперативтендіру, өндірістің шоғырлануы мен кешендендірілуі
Басқару амалдары және мектептер
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Менеджерді оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz