МАРКЕТИНГТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫ


Slide 1

МАРКЕТИНГТІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫ

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Маркетинг ортасының түсінігі

2. Микроорта және оның негізгі факторлары.

3. Макроорта және оның негізгі факторлары.

4. Бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.

Slide 3

Маркетинг ортасының түсінігі

Маркетинг ортасы дегеніміз - ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.

Slide 4

Маркетинг ортасын зерттеу барысында келесі түрлерге бөлінеді: макроорта және микроорта. Макрорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды.

Микроорта - клиенттерге қызмет көрсетуі бойынша кәсіпорынның өзіне және оның мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен, яғни жабдықтаушылармен, маркетингтік делдалдармен, клиенттермен және байланыстағы аудиториялармен ұсынылған.

Slide 5

Кәсіпорынның табысы көбінесе оның делдалдарының, бәсекелестерінің және түрлі байланыстағы аудиториялардың әрекеттеріне қатысты болады. Кәсіпорынның микроорта шеңберінде әрекет етуші күштер келесі сурет түрінде көрсетілген. Маркетингтің микроортасы - кәсіпорын қызметіне тікелей қатысты болатын маркетингтік күштер. Маркетинг қызметінің жетекшілері маркетингтік жоспарларды жасау кезінде кәсіпорынның өз ішіндегі басқа топтарды ескеруі қажет. Мысалға: жоғары басшылық, қаржы, өндіріс, маркетинг, бухгалтерия бөлімі, т. б.

Slide 6

Сурет 1 - Микроорта факторлары.

Slide 7

Осы микроорта факторларының ішінде ерекше орынды тұтынушыларға беруге болады. Себебі тұтынушы осы кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуына көмектесетін басты фактор. Оларды зерттеу арқылы кәсіпорын олардың қажеттіліктері мен қалауын, тауарлар мен сату көлеміне деген сұранысты біле отырып, олардың көңілінен шығатын тауарларды өндіруге бар күштерін салады. Тұтынушылардың елеулі өзгерістері байқалған жағдайда, кәсіпорындағы маркетингтік бағдарламаға толықтырулар мен түзетулер енгізілуі қажет.

Slide 8

Тұтынушылар арасында тауарлардың қозғалуына, өткізуіне және бөлінуіне компанияларға көмектесуші ұйымдар - маркетингтік делдалдар көмектеседі. Тиімді сауда делдалдарын таңдай білу компания тауарын өткізуде өте маңызды. Осы тұтынушылардың өнімді пайдалану дәрежесіне қарай кәсіпорын бәсеке қабілеттілікке қол жеткізеді. Кез-келген кәсіпорын көптеген бәсекелестермен бетпе-бет келеді. Бәсекелестерді анықтаудың ең жақсы тәсілі - тұтынушылардың тауарларды сатып алу туралы шешімді қалай қабылдайтындығын зерттеу керек. Бәсекеге жетудің тағы бір тәсілі - тиімді жабдықтаушыларды таңдай білу.

Slide 9

Жабдықтаушылар - кәсіпорынды тауарлар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар. Осылайша кәсіпорынның мақсатына және бәсеке қабілетті болуына қол жеткізу үшін оның қабілетіне байланыс аудиториялары ықпалын тигізеді.

Кәсіпорын және оның жабдықтаушылары мен делдалдары, бәсекелестері неғұрлым кең ауқымды макроортада әрекет етеді.

Slide 10

Макроорта - неғұрлым кең шеңбердегі күштер арқылы берілген. Ол кәсіпорынды қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін факторлардан тұрады. Бұл ортаны сипаттайтын факторлар келесі суретте келтірілген.

Slide 11

Сурет 2 -Макроорта факторлары.

Slide 12

Суреттегі түсініктерге қысқаша тоқталатын болсақ, алғашқысы демографиялық фактор, яғни халықтың саны, орналасу тығыздығы тұрғысынан зерттейтін ғылым. Бұл ортаның зерттелуі бүкіл дүние жүзі біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Маркетингпен айналысатын маман үшін демографиялық орта үлкен қызығушылық тудырады, өйткені нарықтың өзі адамдардан тұрады. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу мақсатында өнімді өткізудің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыруы қажет.

Slide 13

Бұл факторлардың ішінде кәсіпорын жағдайына әсер ететін ең маңыздысы - экономикалық фактор болып табылады. Сондай-ақ өнеркәсіптің қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруіне байланысты қоғамда көптеген алаңдатушылық туғызуда, яғни табиғи ортаға тигізетін өз үлестерін бақылап отырғаны жөн. Маркетинг қызметін атқарушы кәсіпорын жетекшілері қоршаған ортаға қоршаған ортаға зиян келтірмеуді ескеруі және бұл мемелекеттің бақылауында болуы тиіс.

Slide 14

ҒТП - өндіріске жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологияны енгізу негізгі және маркетингтік ортаның маңызды факторы болып саналады. Жаңартылған құрал-жабдықтарды енгізу арқылы кәсіпорын өз қызметін ұтымды пайдалануына мүмкіндік туады, және өндіретін өнімі де біршама жоғарылайды. Ғылым мен техниканың дамуы үлкен мүмкіндіктермен қатар, қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп тудырады. Сондықтан да кәсіпкерлер өз қызметінің өз қызметінің қоғам дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық фактор
Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Маркетнигтік экономикалық маңызы
МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары туралы
Білім беру ұйымындағы маркетинг
СҮЛЕЙМЕНОВА НАЗГҮЛ МЕЙРАМХАНА МЕЙМАНХАНА
Нарық мүмкіндіктері Нарық қауіптері
МАРКЕТИНГ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz