Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары туралы




Презентация қосу
Маркетингтің теориялық
негіздері және
тұжырымдамалары
Қарастырылатын сұрақтар:

1. Маркетинг түсінігі және мәні.
2. Маркетингтің даму кезеңдері.
3. Маркетингтің негізгі қағидалары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу
құралы), Орал. 2005
Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент,
Алматы. 2006
Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және менеджмент
негіздері. – Астана: Фолиат, 2011. – 319 б
Есімжанова С.Р. Маркетинг негіздері.
Алматы.,2005
Тойкин С.Х. және басқ. Маркетинг негіздері.
Алматы., 2005
Маркетинг
(ағылшын тілінен
аударғанда
"market"- "нарық")
дегенді білдіреді.
Маркетинг –
айырбас арқылы
сұраныс пен
мұқтаждықты
қанағаттандыруға
бағытталған адам
қызметінің түрі.
Маркетинг - бұл кәсіпорынның өнімді
өндіру және өткізу, ғылыми-техникалық
әрекеттерін басқару. Маркетинг мақсаты –
сұраныстарды қалыптастыру және
ынталандыру, фирма жұмысының
жоспарлары мен басқару шешімдерін
қабылдау, сондай-ақ өнім көлемін ұлғайту.
Маркетинг шартты түрде «нарықтық іс-
әрекет», «нарықты жаулап алу» деп
аударылады.
Қазіргі уақытта маркетинг - бұл кең
көлемді ғылым және бәсекелестердің
шарттарының старатегиясы мен
тактикасы, сатып алушыларды қызықтыру
әдістерін, нарық тәсілдерін, нарық пен
бағаны белсенді бақылауды әзірлейтін
сфералық қызмет.
Американдық ғалым Ф.Котлердің берген
анықтамасы бойынша - Маркетингтің
ұраны: өндіретін тауарды емес, сататын
тауарды өндіру және сату қажет.
Маркетинг түсініктері және
қызметтері
Мұқтаждық- адамдардың өзіне керекті заттың
жетіспегендігін сезінуі. Бұл тағамға деген
физикалық мұқтаждық, жылу қауіпсіздігі, білім,
жеке мұқтаждықтар және өздігінен пікір
білдіруі. Ол адамзат табиғатын құрайды.
Тұтыныс- жеке адамның мәдени деңгейіндегі
сәйкестеленетін мұқтаждықтың арнайы пішіні.
Сондықтан адам өзінің қаржы мүмкіншіліктер
аясында өзін қанағаттандыратын тауарды
тандайды.

Сұраныс- бұл сатып алушының мүмкіндігіне
бекітілген тұтыныс. Таңдау ауысымына
бағалардың өзгеруі, кіріс деңгейі әсер етеді.
Тауар - физикалық объект - банк мекемелері,
қонақ үйлер, шеберханалар жатады.
Айырбас - өзіне керекті затты басқа біреуден
алу үшін оның орнына басқа бірденеңі ұсыну.
Келісім- бұл екі жақтың құндылықтарымен
коммерциялық алмасуы.
Нарық- тауарды қазіргі кезде және болашақта
сатып алушылар жиынтығы.
2. Маркетингтің даму кезеңдері

Маркетинг теориясы АҚШ-та XX ғасырда
тауарды өткізу мәселесімен туындады.
Маркетингтің қалыптаскан кезеңіне тоқталсақ:
1860-1930 ж.ж. – «Тауарлық бейімделу», мұнда
тауар өндірушілер тауардың сапасын
жақсартқанымен, тұтынушылардың
қажеттіліктері толық ескерілмеді.
1930-1950 ж.ж. – «Өткізуге бейімделу» -
фирманың негізгі көрсеткіштеріне негізделген
ұзақ мерзімді жоспарына қарай тауарды
неғұрлым көп өткізу үшін жарнамаға сүйену.
1950-1960 ж.ж. «Нарықтық бейімделу» -
тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп,
өнімнің жақсы өтуі үшін сапалы тауар
шығаруға тырысады. Маркетинг бөлімдері
пайда болды. Оның негізгі қызметтері:
стратегиялық жоспарлау, болжау, нарықтық
ақпараттарды жинау, өңдеу пайда болды.
1960 жылдан қазіргі уақытқа дейін –
«Маркетингтік басқару», яғни
бағдарламалық басқару, сұранысты
қалыптастыру және ынталандырудың
барлық әдістері кешенді қолданылады.
Жаңа тауарларды шығаруға негізделген.
Маркетинг нарық талаптары мен
шарттарына толығымен бағынуы керек.
Өйткені ол экономикалық, саяси, ғылыми-
техникалық, және әлеуметтік факторлармен
ұштасып жатады.
Маркетингтің негізгі қағидалары:
Сатып алушылардың негізгі қажеттіліктерін,
сұраныстарын, нарық жағдайы мен
фирманың мүмкіндігін толық білу
Тұтынушылардың сұранысын толық
қанағаттандырып, нақты мәселелерінің
шешілуіне үлес қосу
Өнім мен қызметтің тиімділігін жүзеге
асыру
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді
пайдалылығын сақтау мақсатында ғылыми-
техникалық ізденістер арқылы жаңа
тауарларды шығару
Өзгермелі талаптарға белсенді икемделе
алу. Сұранысты қалыптастыру мен
ынталандыруға әсер ете алу.

Ұқсас жұмыстар
МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ғылыми таным әдістерінің деңгейлері
Эмпирикалық деңгей
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Маркетнигтік экономикалық маңызы
Баскару алгоритмі
Маркетинг ұғымы
Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер
Ғылымның жіктелуі
Пәндер