Менеджменттегі ынталандыру қызметі


Slide 1

Менеджменттегі ынталандыру қызметі

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

Мотивация түсінігі

Мотивацияның мазмұндық теориясы

Мотивацияның іс жүргізу теориясы

Slide 3

Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі - өзінің қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану.

Басшы ойлаған мақсатына тиімді жолмен жетуі үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады.

Мотивацияны басқару міндеттеріне жататыны - амалдар мен құралдар жиынтығы. Басқарушы мұны негіздеген мақсатқа жету үшін ішкі қозғаушы күшті (мотивтерді) пайдаланады.

Slide 4

Негізгі түсініктер

Мотивация - анықталған мақсатқа жетуге бағытталған адамдарды қызмет етуге талпындыратын ішкі және сыртқы қозғалғыш күш жиынтығы.

Қажеттілік - адамның физиологиялық және психологиялық жетіспеушілігін сезіндіретін адамның ішкі дүниесі.

Талаптану - бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белгілі бір мақсат көздеу.

Мақсат - бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті.

Slide 5

Бірінші және екінші қажеттілік

Жұртқа мәлім, адамдарда мұқтаждық қажеттілікті тудырады. Адамдар нендей бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажеттілікті сезінеді. Қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі.

Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады және де, әдетте, тумыстан пайда болады. Оған мысал ретінде тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтауға, жыныстық қарым-қатынас жасауға қажеттіліктер жатады.

Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық.

Бірінші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісі өмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болатындықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.

Slide 6

Мотивация проблемасы адамдардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін сыйлық берумен тікелей байланысты. Сыйлық беру - бұл адамдардың өзіне құнды деп санайтын нәрсесі. әр адам құндылықты өзінше бағалайтындықтан, берілген сыйлықты бағалауы да, оның салыстырмалы құндылығы да түрліше келеді.

Басшы сыйлық берудің ішкі және сыртқы екі типіне кездеседі.

Ішкі сыйлықты жұмыстың мазмұнды және мәнді нәтижесіне жету сезімі, өзін-өзі құрметтеу. Жұмыс барысында пайда болатын достық пен қарым-қатынас та ішкі сыйлыққа жатады. Ішкі сыйлықты қамтамасыз ету әдісі - тиісті жұмыс жағдайын жасау және мақсатты дәл қою.

Сыртқы сыйлықты ұйым береді. Сыртқы сыйлықтың мысалдары - еңбекақы, қызметін жоғарылату, қызмет статусы мен мәртебесінің рәмізі (символы), мадақтау және мақұлдау, сондай-ақ қосымша ақы төлеу (қосымша демалыс беру, қызмет автомобилін пайдалану т. б. ) .

Мотивация мақсатында ішкі және сыртқы сыйлықты қандай жағдайда, әрі қандай пропорцияда қолдану қажеттілігін айқындау үшін, жұмыскерлердің оны қаншалық қажетсінетіндігін әкімшілік анықтауы тиіс.

Slide 7

Менеджментте мотивацияның мазмұндық және іс жүргізу теорияларын ажыратады.

Мотивацияның мазмұндық теориясы, адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды (қажеттілікті) теңдестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдеріне А. Маслоу, К. Альдерфер, Д. Мак-Клелланд, Ф. Герцберг және басқалар жатады.

Мотивацияның іс жүргізу (процессуалдық) теориясы біршама кейінірек пайда болған. Ол негізінен алғанда, бірінші кезекте адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындығына негізделген. Мотивацияның бұл категориясына Портер Лоулердің үміттену теориясы (теория ожидания), әділдік теориясы және мотивация моделі жатады.

Slide 8

Мотивациялық процесс сызбасы

1. Қажеттіліктің туындауы

2. Қажеттілікті қол жеткізу жолын іздестіру

6. Қажеттілікке қол жеткізу

5. Істі жүзеге асырғанға сый ақы алу

4. Істі жүзеге асыру

3. Бағытты анықтау

Slide 9

Маслоудың «Қажеттілік пирамидасы»

физиологиялық

қауіпсіздік, қорғану

әлеуметтік

құрметтеу

Өзін-өзі көрсету

бірінші

екінші

Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындайды. .

Абрахам Маслоу (1908-1970)

Slide 10

Адамның қажеттіліктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А. Маслоу бойынша, "төменгі сатыдағы" материалдық қажеттіктерді бастап, "жоғарғы сатыдағы" рухани қажеттіктер былай орнатылады:

физиологиялық қажеттілік (тамаққа, суға, т. б. ) ;

қауіпсіздік қажеттіліктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т. б. ) ;

әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіліктер (сүйіспеншілік, кейбір топтардың мүшесі болуға, т. б. ) ;

өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға т. б. ) қажеттіліктер;

өзін-өзі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында түсінуге, т. б. ) қажеттіліктер.

Slide 11

Клейтон Пол Альдерфер теориясы

Альдерфер Маслоу сияқты қажеттілік иерархиясын қарастырған, бірақ бір деңгейден басқа деңгейге әртүрлі бағытта қол жеткізуге болады деп есептеген.

Slide 12

Клейтон Пол Альдерфер теориясы (Қажеттіліктер тобы)

Өмір сүру қажеттілігі

Қарым-қатынас қажеттілігі

Өсу қажеттілігі

Slide 13

Альдерфердің қажеттілік иерархиясының сызбасы

Қажеттілікті қанағаттандыру процесі - бұл қажеттілік деңгейі бойынша жоғарыға жылжу.

Фрустрация процесі - бұл қажеттілікті қанағаттандыра алмау.

Өсу қажеттілігі

Қарым-қатынас қажеттілігі

Өмір сүру қажеттілігі

Slide 14

Дэвид Мак-Клелландтың мотивация тұжырымдамасы (қажеттілікті иемдену теориясы)

Мак-Келланд тәсілі мотивтер құрылымын және оның мінез-құлыққа және жеке басқа әсерін зерттеуге негізделген. Ол адамдарға үш түрлі қажеттілік тән деп есептейді: билік, жетістік және қатыстылық.

Билік қажеттілігі басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл, ашық айтады, пікір таласынан, өзара сыннан тайсалмайды, өз пікірін өткізуге тырысады. Олар әдетте шебер сөйлейді, әрі басқалардың өзіне ерекше көңіл бөлуін талап етеді. Басшылар көп жағдайда осындай адамдарды басшылық жұмысқа тартады. Билікке құштар адамдардың бәрі бірдей мансапқорлар емес.

Басшылар мұндай адамдардың қажетін қанағаттандыруға, оларға көбірек көңіл бөліп, оларды бөлек жинап, жиі-жиі әңгіме өткізіп тұруы тиіс.

Slide 15

Жетістік қажеттілігі (адам алға қойған мақсатына тиімді жетуге бағытталған)

Қатыстылық қажеттілігі (қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату, олардан қолдау алу)

Slide 16

Герцбергтің екі факторлы теориясы

Герцберг адамдардың тәртібіне қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы және қанағаттанбауы әсер етеді деп көрсеткен.

Басшы алдымен жұмысшылардың не себептен қанағаттанбауын анықтап, содан соң қанағаттандыру әдістерін қарастыру керек.

Slide 17

Қажеттілік топтарын 2 түрге бөліп қарастырған

Гигиеналық факторлар

Мотивациялық

Фирма мен әкімшіліктің саясаты

Жұмыс жағдайы

Еңбек ақы

Басшылармен, әріптестермен қарым-қатынас орнату

Жұмысты тікелей бақылау дәрежесі

Жетістік

Қызметте жоғарылату

Жұмыс нәтижесін мойындау, әрі мақұлдау

Ерекше жоғары жауапкершілік

Творчестволық, іскерлік өсу мүмкіндігі

Slide 18

Мотивацияның іс жүргізу теориясы. Іс жүргізу теориясы адамдар әр түрлі мақсатқа жетуі үшін өзінің күш-жігерін қалай бөлетіндігін және мінез-құлықтың нақты түрін қалай бөлетіндігін және мінез құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындығын талдайды. .

Мотивацияның іс жүргізу теориясы былайша бөлінеді: үміттену теориясы, әділдік теориясы және Портер-Лоулер моделі.


Ұқсас жұмыстар
Менеджердің жауапкершілігі
Менеджер жауапкершілігі
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Мeктeптeгі пcихологиялық қызмeтті бacқaру жәнe ұйымдacтыру
Менеджмент негіздері
Кәсіпкерліктегі тәуекел менеджменттің негіздері
Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
Жіберілетін ақпарат блогы
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Менеджменттегі келіспеушілік жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz