МЕНЕДЖМЕНТТЕГI ЖҮЙЕЛІ ЫҚПАЛ




Презентация қосу
Тақырып 2.
МЕНЕДЖМЕНТТЕГI
ЖҮЙЕЛІ ЫҚПАЛ
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Жүйелердің негізгі ұғымы
2. Ашық және жабық жүйелер
3. Менеджменттің сыртқы ортасы
4. Басқарушы және баскару жүйесі
Жүйені кез келген типке
колдану- біршама шартты,
абстракты
ұғым. Философиялық жүйелер,
сандар жүйесі, байланыс
жүйелері,
білім беру жүйелері дегендер
болады.
(Ағылшын тілінің «Оксфорд
сөздігінде» жүйеге былайша
анықтама береді: «Жүйе
дегеніміз күрделі
бірлікті құрайтын бір-бірімен
байланысты немесе өзара
байланысты объектілердің
жиынтығы немесе кешен,
белгілі бір схемаға немесе
жоспарға сәйкес реттеліп
орналасқан бірнеше бөлімнен
тұратын тұтастық».
Жүйе дегеніміз тұтастай
құрылымды құрайтын, жаңа
касиетке ие болатын өзара
әрекеттесетін элементтердің
жиынтығы.
Жүйені шартты түрде үш түрге
болуге болады: техникалық,
биологиялық және әлеуметтік,
соның ішінде әлеуметтік-
экономикалық.
Жүйедегі объектілерді
элементтері деп атайды.
Белгілі бір шамада дербес
жұмыс істейтін және де
жүйедегі баска да дербес
жұмыс істейтін бөлімдермен
шамалы ғана байланысы бар
жүйедегі элементтер
жиынтығын жүйе тармақтары
деп атайды
Әлеуметтік-экономикалық
жүйе ең күрделі, динамикалы
(өсіңкілі) дамитын әрі өзі
басқаратын жүйе саласына
жатады. Басқа кез келген жүйе
секілді, әлеуметтік-
экономикалық жүйеге
негізгіқасиеттері мен белгілері
тән, ал мұныңөзі олардың
қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі
дамуы үшін айрықша маңызы
бар.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын
жекелеген элементтердін ұйымдасқан
бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен
бөлігі - жаңа сапаға ие болатын
бірыңғай тұтас құрылым.
Кәсіпорыннын бірден бір бөлімшесі
тығыз, әрі өзара келісілген
байланыссыз (қолда бар ресурстарды
техниканы, жұмыс күшін т.б.
пайдалана отырып) ақырғы өнімді
өндіре алмайды, яғни тұтастай
кәсіпорын алға қойған міндетті
орындай алмайды.
Жүйенің жалпы қасиеті
иерархиялығы (төменнен
жоғарыға бағыну тәртібі) яғни
жүйе неғұрлым күрделі
құрылымға енгенде оның
элементіне айналуы және
керісінше жүйе элементі
дербестік ала отырып, өзі де
жүйеге айналады.
2. Жүйенің негізгі екі типі
болады: жабық және ашық.
Жабық
жүйенің белгіленген нақты
шекарасы болады, онын іс-
әрекеті қоршаған
орта жүйесіне біршама
тәуелсіз.
Ашық жүйенің ерекшелігі
сыртқы ортамен тығыз
байланыстылығында.
Энергия, мәліметтер,
материалдар — бұл жүйе
шекарасы арқылы сыртқы
ортадан енетін
объектілер.Мұндай жүйе
өзін өзі қамтамасыз ете
алмайды, оның өмір сүруі
сырттан келетін
энергияға, мәліметтерге және
материалдарға тәуелді.
Басшылар негізінен ашық
жүйемен жұмыс істейді,
өйткені барлық
ұйымдар ашық жүйеге
жатады. Адамдардың
ұйымының өмір сүруі
сыртқы әлемге тәуелді.
Ұйым сыртқы ортадан
мәліметтер, капитал, адам
ресурстарымен материалдар
алады. Бұл компоненттер
кіруші деп аталады.
Түрлендіру процесінде ұйым
осы енетін компоненттерді
өңдеп,оларды өнімге немесе
қызмет көрсету үшін
түрлендіреді. Бұл өнімдер мен
қызметтер ұйымнан сыртқы
ортаға шығатын компоненттер
болып саналады.
Егер ұйым тиімді жұмыс
істесе, онда түрлену
процесінде енетін
компоненттердің қосымша
құны пайда болады. Соның
нәтижесінде пайда, нарық
үлесінің ұлғаюы, сатылатын
заттардың көбеюі (бизнесте),
әлеуметтік жауапкершілікті
жүзеге асыру, ұйымның өсуі
секілді қосымша шығу
компоненттері пайда болады.
3. Басқарушы кәсіпорынның
сыртқы ортамен тығыз
байланыс жасауына тура
келеді. Басқарушы әр жолы
жоспар белгілеген кезде ол
ұйымның тыс жерлердегі
қоғам мүшесінің қажеті мен
тілегін, сондай-ак. шикізат пен
адам ресурстарына,
технологияға және сыртқы
ортаға байланысты баскада
сұраныстарын ескереді.
Кәсіпорынның сыртқы ортасын құрайтын
факторлар

Экономикалық Технологиялық Әлеуметтік

Кәсіпорын
Кәсіпорын

Этикалық
Саяси
Кез келген әлеуметтік-
экономикалық жүйе біршама
дербес, бірақ өзара байланысты
екі бөліктен тұрады:
басқарылатын (баскару объектісі)
және басқарушы (басқару
субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке
келтіру мақсатында
баскаруықпалын жүргізуге арналған
объектіні, яғни белгіленген жүйеге
жетуге мүмкіндік беретін даму
нысанын айтады.Оның өзі өндірістің
алуан саласындағы процесті жүзеге
асырады.
Басқарушы жүйе - бұл
техникалық құралдар
көмегімен мақсатқа сай
ықпал етуді жүзеге
асыратын органдар мен жеке
жұмысшылар жиынтығы.
Басқарушы жүйе — бұл «нені»
немесе «кімді» басқарады, ал
"басқарылатыны - не» немесе
«кім» басқарады. Бұған ұқсас
ұғымдар басқару субъектісі
мен басқару объектісі.
Басқарылатын және
басқарушы жүйелер
субъектісіменобъектіге енетін
және объектіденсубъектіге
шығатын тікелей ақпараттар
көмегімен тығыз байланысты
болып, олардың үнемі
әрекеттесуін, жұмыс істеуін
жәнедамуын қамтамасыз
етеді.
Кәсіпорын және онын жиынтық
элементтері туралы сөз
болғанда кәсіпорында немесе
оның ірі бөлімдерінде
(басқаратын және
басқарылатын жүйелерінде),
ерекше техникалық
технологиялық, ұжымдық,
экономикалық және әлеуметтік
жүйелер құратын элементтер
мен микроэлементтердің
біркелкі топтары
құрылатындығы байқалады.
Басқарылатын жүйенің
басты элементі - адамдар.
Олар бүкіл жүйенің қозғаушы
күші, шешім қабылдаушысы
т.б. Бұлар тұтастай басқару
аппаратын құрайды. Бұл
жүйені ұйымдық-
экономикалық деп атайды, ал
олардың элементтері-
ұйымдастыру нышандары мен
ықпал ету тәсілдері болып
саналады.

Ұқсас жұмыстар
Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде
Менеджердің жауапкершілігі
Менеджер жауапкершілігі
Мeктeптeгі пcихологиялық қызмeтті бacқaру жәнe ұйымдacтыру
Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникация
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Пәндер