Басшылық пен кадрларды басқару: құрылымы, функциялары және кадр саясаты


Slide 1

Басшылық, адамдарды және топтарды басқару

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқару қызметшілерінің құрамы мен құрылымы.

2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері.

3. Кадрларды іріктеу, бағалау тәсілдері.

Slide 3

1. Басқару кадрларына басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару функциясын орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын және басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.

Slide 4

Басқару кадрларын алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады. Басқару деңгейі бойынша: жоғары, орташа, төменгі буындар.

Кәсіптік құрылымы бойынша: ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кадрлары және т. б. .

Басқару еңбегін мамандандыру бойынша: әкімшілік, экономикалық.

Білімі бойынша: жоғарғы, арнайы орта білімді, практиктер.

Орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі бойынша.

Slide 5

• Өндірістік (жұмысшылар)

• Басқарушылық (қызметкерлер)

• Негізгі

• Көмекші

• Басшылар

• Мамандар:

Персонал түрлері:

функционалды

Техникалық инженерлер

Slide 6

Басқару жүйесіндегі қызметшілердің әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықты қайта өтуіне қарай сипатталады.

Басшылар - бұл тиісті ұжымға басшылық етушілер, басқару аппаратының немесе оның жеке буындарының жұмысын үйлестірушілер, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырушылар.

Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады.

Slide 7

Басшы ұйымдастырушылық функцияны орындай отырып, бірлесіп жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде іс-әрекетін үйлестіреді.

Басшы кәсіби даярлықтан ойдағыдай өзі істейтін сала бойынша, білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз функциясын орындағанда мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан-жақты талдауы және тиімді бағалауы тиіс.

Slide 8

Ұжымға жетекшілік ету сипатына қарай басшыларды - сызықтық, функционалдық деп бөледі.

Басшылық қызметті жүзеге асыруда оқшау шаруашылық бөлімшесіне жетекшілік ететін сызықтық басшылықтың айрықша рөлі бар. Олардың әрқайсысы өзіне бекітілген басшылық аппараты арқылы қарамағындағы адамдардың жұмысын үйлестіріп қана қоймай, тиісті әлеуметтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық және адамгершілік алғы-шарттарды қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдап, өзі басқаратын барлық бөлімшедегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Slide 9

Функционалдық басшылық - бұл функционалдық басқарма қызмет, бөлімдер мен басқарудың барлық деңгейіндегі басқа да бөлімшелерге басшылық ету. Оның міндетіне басқарылатын объектілердегі параметрлерді өзгерту үшін сызықтық басшылыққа ұсыныс әзірлеу жатады.

Маман - бұл өндірістік немесе басқару сипатындағы жекелеген нақтылы қызмет мәселелеріне қатысты арнайы шешім нұсқаларын әзірлейтін қызметкерлер.

Slide 10

Басқарма мамандары басқару функциясына және олардың кәсіптік әзірлігіне қарай жіктеледі. Ал, техникалық қызметшілер - бұл басшылар мен мамандарға қызмет көрсететін жұмыскерлер. Олар басқарудың жекелеген операциялары бойынша жіктеледі (кеңсе жұмыскерлер, курьер, кассир, т. б. ) .

Slide 11

2. Кадр саясаты- бұл халық шаруашылығын, ондағы салаларды іскерлік қабілеті бар қызметшілермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағидалар, принциптер және осылардан туындайтын формалар, әдістер жиынтығы.

Өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жүзеге асырады.

Кадр жұмысы дегеніміз, кадр саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің формалары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары.

Slide 12

Персоналды басқару қағидалары:

Әлеуметтік-психологиялық диагностика;

Топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу;

Өндірістік және әлеуметтік дау-жанжалды және есеңгіреуді болдырмауды басқару;

Кадрларды басқару жүйесін ақпараттық и қамтамасыз ету;

Slide 13

Жұмыспен қамтуды басқару;

Бас лауазымды қызметтерге үміткерлерді іріктеу және бағалау;

Кадрлық потенциалды және персоналдың қажеттілігін талдау;

Кадрлар маркетингі;

Іскерлік мансапты жоспарлау және бақылау;

Жұмыскерлердің кәсіби және әлеуметтік жағдайға тез бейімделуіне жағдай жасау;

Еңбек мотивациясын басқару;

Еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін қамту;

Психофизиология, еңбектің эргономикасы мен эстетикасы туралы жұмыстарды басқару.

Slide 14

Кадрларды іріктеу - бұл негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі. Іріктеу процесі келесі элементтерден тұрады: бос қызметтердің сипаттамасы; бар кандидаттар туралы мәліметтерді жинау; кандидаттарды іріктеу жүйесін ойластыру (олардың қолайлы/қолайсыз сапаларын салыстыру) ; неғұрлым қолайлы үміткерлерді таңдау; кандидаттарды соңғы рет бағалау және таңдау; қызметкерлерді жұмысқа орналастыру


Ұқсас жұмыстар
Кадрларды басқару және кадр саясаты: принциптер, жүйе және әдістер
Қазақстандағы мемлекеттік кадр саясаты және бюджеттік мекемелердегі кадр басқару тұжырымдамалары
Жоғары оқу орнын басқару: модельдер, кадр саясаты және құрылымдық ұйымдастыру
Мектептің педагогикалық жүйесін басқару: құрылымы, функциялары және кадрларды орналастыру
Кәсіпкерлікте кадр саясаты: қызметкерлерді басқару принциптері, бағыттары және жұмысты бағалау
АҚШ және Жапония менеджментінің салыстырмалы талдауы: ұйымдастыру, кадр саясаты және сапаны басқару
Мейрамхана және қонақүй кәсіпорындарын басқарудың негізгі функциялары, құрылымы және кадрлық саясаты
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру: басқару құрылымы, функциялары мен маркетингтік тәсілдер
Басшылық стильдері мен басқару әдістерінің түрлері мен сипаттамасы
Ақша айналымын басқару: Ұлттық банк функциялары мен басқару құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz