Басшылық стилінің түсінігі, қалыптасу факторлары және негізгі түрлері


Slide 1

Басшылық стилі

Slide 2

Қарастырылатын сұрақтар:

Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары

Стиль түрлері және олардың сипаттамалары

Либералдық, авторитарлық және демократиялық стилдер

Slide 3

Ұжымға басшылық ету процесінде әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін тандай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға, басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Slide 4

Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

1. Іс-әрекет сипаты;

2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

3. Психологиялык қасиеті;

4. Орындау тәртібінің жағдайы

Slide 5

Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы, ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.

Стильдің қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

Slide 6

Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден онда басшының көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптен келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

Slide 7

Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтанда отандық және шет елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.

Мәселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:

1. Бір жақты автократтық стиль;

2. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

3 Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне бір-келкі катыса отырып басқару стилі;

4. Парламенттік сипаттағы басқару стилі;

5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

Slide 8

АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады) :

1. Функцияпы беру стилі;

2. Міндетті бөлісіп басқару;

3. Ерекшелсу тосілімен басқару;

4. Жүйені ретке келтіру арқылы басқару.

Slide 9

а) «Функцияны беру стплі» әрбір қызметкерге, өз басқара алатын нақты істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.

б) «Міндетті бөлісіп басқару жүйесінде» басшы мен бағыныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, әрбір адамныңц міндет аясы белгіленіп, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады

Slide 10

в) «Ерекшелеу тәсілімен басқаруда» басшының міндеті өз қызмекерлерінің мүмкіндікті тиімді пайдалануына қолайлы жағдай тұғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген сңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау критерийіне сәйкес көмек қажеттігін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.

д) . «Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда» белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-зкономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.


Ұқсас жұмыстар
Дәріс 13: Көшбасшылық стильдері мен теориялары, қалыптасу факторлары
Этномәдениеттің қалыптасу факторлары және әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың теориясы
Қаржы ресурстары: түсінігі, түрлері, қалыптасу көздері және басқару тәсілдері
Туристік сұранысты зерттеу әдістері мен қалыптасу факторлары
Адамгершілік: ұғымы, қалыптасу факторлары және тәрбиелік міндеттері
Жеке тұлғаның қалыптасу факторлары және тәрбиенің рөлі
Кәсіпорын экономикасы: қызмет түрлері мен негізгі факторлары
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер: түсінігі, жіктелуі, факторлары, бағалау және басқару әдістері
Антисептика: түсінігі, түрлері және негізгі антисептикалық заттар
Менеджмент әдістерінің түсінігі, классификациясы және негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz