ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ
Презентация қосу
ТАҚЫРЫП 1.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ
МЕНЕДЖМЕНТ
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Менеджмент туралы түсінік
2. Кәсіпкерліктің мәні және негізі
3. Шағын және орта кәсіпорындарды басқару
• Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі
гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген
мағынаны білдіреді.
Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға
мынадай түсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент мағынасы – материалдық, адам,
физикалық және ақпараттық ресурстарды басқару.
•
Қызмет түрі (синонимы басқару)
менеджер = басқарушы, жетекші.
Директорлар кеңесі
білім саласы (бизнес мектептері,
жоғарғы білім, дәреже МВА,
ВВА, HBS, INSEAD,LBS, Wharto
Менеджмент түсініктері,
анықтамалары
• Ф. Тейлордың
пікірінше
менеджмент –
іргелі дәл
ғылымға,
ережелер мен
принциптерге
негізделген
шынайы ғылым.
• Питер Друкердің
түсіндіруінше – жоғарыда
аталған элементтері бола
тұрса да, менеджмент
ғылымнан немесе кәсіптен
гөрі, практикаға жуықтау. Ол
менеджмент ұғымына кең
мағынада түсінік беруге
қарсы болып, оны іскерлік
кәсіпшілікке, былайша
айтқанда тауар өндіру мен
алуан түрлі экономикалық
қызмет көрсетуге
жатқызады.
• Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э.
Плоумен кеңірек түсінік берді. Олар былай деп
жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан
қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға
тән тенденцияда топты қалыптастыру
нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл.
Мұндай топтың мысалына үкіметті алуан түрлі
клубтарды және іскер кәсіпорындарды
жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның
өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы
тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер
жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы
белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен
міндеттері белгіленеді, айқындалады».
• Клод Гельвецияның пікірінше, басқару
процесі - өнер, оның басты мәні мен
мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды
(басқару саласындағы ұйымдық ілім
негізін) қолдану.
• Менеджмент- нарықтық экономика
жағдайында өндірісті тиімді басқарудың
теориясы мен практикасы.
• Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге
асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға
және ұйымдастыруға байланысты
адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисті Василий
Леонтьевтің анықтамасы бойынша:
«Менеджмент – бұл өнім, технология,
өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі,
әлеуметтік қатынас саласында жаңарту,
инновациялау, жаңалық енгізу
мақсатында фирмаларды,
компанияларды тиімді басқару
принциптері, тәсілдері мен
формаларының жиынтығы».
• Вольфганг Хойер өзінің «Европада
бизнес қалай жасалады» кітабында
былай деп жазды: «Менеджмент – бұл
жұмыс істеп тұрған коммерциялық
кәсіпорынның арнайы органы». Егер
батыста кез келген кәсіпорын жөнінде
сөз бола қалса, адамдар әуелі сол
кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден
қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға
танытатын да тек басшылар.
Менеджмент =
ғылым+тәжірибе+
өнер, шеберлік.
Менеджмент деңгейлері
Жоғарғы деңгейлі менеджерлер –зауыт директор
президенті, вице-президенті, директорлар кеңесі
төрағасы, университет ректоры және т.б.
Орташа деңгейлі менеджерлер –
цех басшысы, бөлім басшылары,
филиал директоры, факультет деканы,
сату бөлімінің басшысы және т.б. .
Төменгі деңгейлі менеджерлер –мастерлер, бригадирлер,
кафедра меңгерушілері, сауда менеджерлері және т.б.
• Кәсіпкерлік жеке
және заңды
тұлғалардың пайда,
табыс алуға
бағытталған өзінің
тәуекеліне, өзінің
мүліктік
жауапкершілігіне өз
атынан жүзеге
асатын бастамалық,
еркін қызметі.
• Кәсіпкерлік
дегеніміз – белгілі бір
істі істей білу. Іс істеу –
адамның белсенділігі
және іскерлігі.
Белсенділік және
іскерлік – адамның
еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері:
• шаруашылық субъектілердің еркіндігі
және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез
келген сұрақ бойынша құқықтық норма
шегінде шешім қабылдауға еркін.
• Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің
басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы
алу.
• Шаруашылық тәуекел және
жауапкершілік. Кез келген дәл
есептеулерінде де тәуекелді анықтау
мүмкін емес.
• Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар
қажет:
• Экономикалық. Экономикалық жағдай
тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері,
тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша
қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп
болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші,
қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
• Құқықтық жағдай кәсіпкерлік қызметті реттейтін,
кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай
жасайтын заңдардың болуы.
• Әлеуметтік жағдай жеке тұлғаның жұмысқа
қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде бизнестің
ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына
қатынасына әсер етеді.
• Кәсіпорындардың үш түрін бөліп
көрсетуге болады: ірі, орта және шағын.
Олардың кешені бірін-бірі толықтыра
отырып, экономиканың тұтас ағзасын
құрайды.
• Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім
шығарушылар болып табылады. Ірі
кәсіпорындар – экономика «қаңқасы»,
экономикалық тұрақтылықтың базисі.
• Шағын кәсіпорындарға 500 адамнан
аспайтын жұмысшылар бар және сату
көлемі 20 млн доллардан аспайтын
фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл
көрсеткіштер шартты болып табылады.
• Орта кәсіпорындарға 500 адамнан
асатын жұмысшылары баһр, сату
көлемі 20 млн доллардан асатын
фирмаларды жатқызады.
• Кез келген процесс сияқты шағын және орта
бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет.
Шағын және орта кәсіпорындарды басқарудың
келесі қызметтерін көрсетуге болады:
• жоспарлау (стратегиялық менеджмент,
маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес
жоспарды әзірлеу);
• ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті
сәйкес басқару құрылымын құру);
• мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
• бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды
анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
• Жакенова Б.и др. Менеджмент
негіздері. – Астана : Фолиат, 2007. – 258
б
• Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және
менеджмент негіздері. – Астана :
Фолиат, 2007. – 319 б
• Виханский О.С., Наумов А.И.
Менеджмент: Учебник для вузов. –3-е
изд. –М.:Гардарика, 1998.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz