Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері. (зейін, түйсік, ой, сана, сөз) туралы
Презентация қосу
Қалыпты физиология кафедрасы.
Тақырыбы:: Адамныңпсихикалық
қызметтерінің ерекшеліктері. (зейін,
түйсік, ой, сана, сөз).
Орындаған: Избасарова Б. А.
Факультет: Ж.М.-08-253топ
Тексерген: _________________
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
• Адамның психикалық қызметі.
• Назар аудару.
• Түйсіну.
• Ойлау.
• Сөйлеу.
• Сана.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Адамның психикалық іс-
әрекеті.
Психикалық әсерленістер физиологиялық құбылыстармен
тығыз байланысты.
Психикалық әрекет жалпы психикалық құбылыстардан,
күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Психикалық
әрекеттерге ықылас, түйсік, зерде, эмоция, ойлау, сөйлеу,
сана жатады.
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық
негіздері мен заңдылықтары И.М.Сеченов пен И.П:
Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады.
Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын
психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат
болмысты бейнелеуі ретінде қарайды.
Адамның психикалық күйлері: абыржу, қажу, шаршау,
жабығу, шабыт, белсенділік түрінде болады.
Адамның психикалық қаситтері: қабілеті, типтік
ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары,
талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.
Психикалық дамудың
алғашқы қарапайым
формалары.
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және олардың дамуы туралы
проблемалар өзара байланысты.
Аталған проблема бойынша ғалымда бірнеше теориялық бағыт
қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір
тарихында Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық
“антропопсихизм” бағдары. Оның мәні психиканың пайда болуы адамның
келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай
пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы
түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын
табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория “панпсихизм”, яғни бүкіл
табиғаттың жан-рухани қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі
қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған “биопсихизм”
теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі – психика жалпы материяның
қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлігіне ғана тән нәрсе. Қойылған
проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас психика барша
жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке
жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым
“нейропсихизм” деп аталған.
Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде бірін толығымен
құптай алмайды. Оның дәлелдері тіпті басқаша психология туындауы
жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің күрделі формасы – психиканың
туындауына себепші болған жағдайлары зерттеп танумен
байланыстырады. Тіршіліктің пайда болуының негізгі шарты – қоршаған
ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды
малекулалардың түзілуі.
Психикалық әрекетті бірнеше
әдістер арқылы зерттейді.
Олар физиологиялық, психологиялық,
социологиялық, кибернетикалық, моделдеу,
электрофизиологиялық әдістер.
Сонымен бірге пікірлесу, ауызша жауап,
бақылау, тәжірибе, әртүрлі техникалық
(радио-, видио-, кино-, ЭЕМ) аспаптар,
психологиялық сынамалар жиі
қолданылады.
Назар аударудың сапасы бірнеше физиологиялық көріністер
арқылы сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттаушылығы,
тереңділігі, орнықтылығы, қарқындылығы,
аударақосушылығы болады.
Назар аударудың ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті
– адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Еріксіз –
кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау
рефлексі ретінде пайда болады.
Орнықтылығы деп назар аудару белгілі нысанға
шоғырлануын айтады.
Назар аударудың тереңділігі – оның көлемі және таратылуы
арқылы анықталады.
Назар аударудың қарқындылығы, жоғары немесе төмен
түрде болады.
Адамдардың тынымды назар аударысымен қатар назар
аудармаушылығы байқалады. Назар аудармаушылықтың
бірінші түрі зейін шаршаудан, қажудан кейін білінеді.
Түйсік түсінігі
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын
қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік
береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі
таным көзі ретінде қызмет етеді, солар арқасында адамның даму
мүмкіндігі ашылады. Рационолизм негізінде алынған көзқарас мәні:
психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана
мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам
түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті.
Субъектив идеализм негізінде алынған қорытынды адам тек өзін
ғана табуға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын
дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген теорияға негіз
болады.
Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы
сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас
жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап
беретін ерекше сезім мүшесімен дәлелденді.
Түйсіктердің
физиологиялық негіздері.
Түйсік – дүние хақындағы бздің барша білімдеріміздің бастау
көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен
құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады, ал олардың сезім
мүшелеріне туындайтын құбылыс – тітіркену деп қабылданған.
Түйсіктің физиологиялық механизмі – арнайы жүйке тетігі
талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1)
сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі
бөліктерінде жайғасқан рецепторлар; 2) қозуды орталық
жүйке бөлігіне жеткізуші аференттік немесе сезімтал
жүйкелер; 3) шеткі бөліктерден жеткен жүйке импульстарын
өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Мысалы,
тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны
байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы,
тері жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және
т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны
белгілі.
Түйсік қасиеттері.
Түйсік қасиеттеріне: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы
және түйсік табалдырығы.
Түйсік сапасы – нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден
ажырататын және түйсік шеңберінде көрінісберетін дара ерекшелігі.
Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс
формаларының шексіз саналуандығын дәлелдейді.
Түйсік қарқыны – түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз
кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың
қызметтік жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы – түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл
қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады
да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен
қарқындылығына байланысты. Әртүрлі түйсіктің латенттік уақыты
әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130мс , ауырсыну
түйсіктеріне – 370, ал дәм түйсіктері үшін 50мс өзі де жеткілікті.
Түйсік табалдырықтары. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең
аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әерге
дейін жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста
қалады.
Ойлау жөнінде түсінік.
Ойлау – бұл тұлғаның шындықты жалпылама және
жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.
Ойлау – адамның жаңа жағдайларға бейңмделу кезінде
мақсаттарды жаңаша шешуге арналған ми
қыртысының өте күрделі іс-әрекеті. Ойлау арқылы
заттардың және құбылыстардың түйсінбейтін маңызы
мен мағанасы танылады.
танымның алғашқы кезеңі – нақтылы сезімдік бейнелеу.
Ойлау жалпы түсінік пен ұғымнан және пайымдау мен
ой тұжырымдарынан тұрады.
Ойлау түрлері мен заңдылықтарын логика, ал
психофизиологиялық тетңктерін – физиология мен
психология зерттейді.
Психология ғылымы негізінен ойлаудың нақтылы, бейнелі
және дерексіз қисынды түрін ажыратады.
Нақтылы немесе көрнекі - әсерлі ойлау бірінші сигналдық
жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашғы
сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.
Бейнелі ойлау – ойша байымдау немесе елестету және
жоспарлау арқа\ылы жүзеге асады. Бұл сөйлеумен тығыз
байланысты.
Дерекіз қисынды ойлау – ұғым, пікір нышандық белгілерді
және де басқа да дерексіз санаттарды пайдаланады.
Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі болып келеді.
Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстардың маңызды
ерекшеліктерін бейнелеу болып келеді.
Ойлау тәсілдері – индукция және дедукция. Индукция -
жалпыдан жеке пікір туғызу бағытын бейнелейді.
Дедукция- жеке пікірден жалпы қорытынды шығарады.
Ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін алғаш ашқан
ғалым И.М.Сеченов. Оның айтуынша, ойлау – нәрселерді
бір бірімен салыстыратын мидың рефлекстік
құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің
нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін
іс-әрекеті түзетіндігі И.П. Павловтың нақтылы
тәжірибелерімен дәлелденеді
И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектерінде,
ассоциация ұғымы организмнің белсенді бейімделу іс-
әрекетінің, күрделі нәрселер ортасындағы м,нездің
нәтижесі деп саналады.
Сөйлеу.
Сөйлеу немесе тіл – адамдардың қатынас құралы
ретінде қалыптасты. Тіл сөз арқылы ақпарат
қабылдау, өңдеу және жеткізу түрінде
сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен
бейнеленеді.
Сөз – бейнелеудің екінші сигналдық белгісі. Тіл
байланыстырушы (коммуникация) қызметі – оның
адамға тән арнайы қатыныс құралы болуы. Бұл
айтушы мен тыңдаушы арасындағы сигналды іс-
әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу
(экспрессивті), суреттелу немесе ұғыну
(импрессивтік) түрлерінен тұрады.
Тілдің қызметті.
Тілдің ұғындырушы қызметі – дерексіз ойлаудың, түсінудің
құралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және
тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті
қарапайым сезуді күрделі ойлау үрдісіне аударады.
Тілдің реттеуші қызметі – сөз арқылы организнің әртүрлі
жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі
ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын
өзгертеді. Мұны К.М. Быковтың ми қыртысы-аңзалық
теориясы дәлелдейді.
Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі үрдістен тұрады:
сөздік сигналды түйсіну және танып білу, қабылданған
хабардың мазмұнын түсіну және сөзді айту әрекеттері.
Тілдің немесе екінші сигналдық жүйенің әс-әрекеті мидың
маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру
талдағыштары арқылы орындалады.
Сөз айту талдағышы дыбыс аппараттары мен бұлшықеттері
қабылдағыштарынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып
сөйлеуді жүзеге асырады.
Мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында
орналасқан (Брока орталығы). Ауысыну кезінде еріксіз сөйлеуге
байланысты бұған қыртысасты құрылымдар да қатысады деп
болжауға болады.
Тілдің оптикалық орталығы сөзді оқу, тану мүмкіндік
қамтамасыз етеді. Ол мидың бұрыштық қатпарында орналасады.
Тілді түсіну мидың сөзді есту орталығы арқылы атқарылады. Ол
оқай адамдардың сол жақ ми сыңарларының самай
аймағыныңжоғарғы бөлігіне орналасқан (Вернике орталығы).
Тіл түйсігінің негізгі алғи шарты акустикалық немесе
оптикалық түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек
есту зердесі мен қиын материалды оқыған кездегі көздің ізденіз
қимылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі
аймақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністіріне
жауапты болғанымен, әдетте, тілдің күрделі іс-әрекеті (сөйлеу,
оқу, жазу, санау) мидың басқа бөліктері бүлінсе де бұзылады.
Өйткені психикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген
қызметі.
Сана.
Сана- адамның барша психикалық қызметіне ортақ
қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сана- бомысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы. Сана
арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым- қатынасы
мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік,
елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті
психикалық іс- әрекетінен құралады. Сана адам миы
қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты
сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара
әрекетінен туады.
Тіл- сананың (ойдың) материалдық көрінісі, негізі. Тілсіз
сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның
өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана
сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз -ақиқат болмысты
жинақталған біліммен салыстыру және адамның
тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім
беріледі.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады: (А. В.
Петровский).
1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық
бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді:
түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) Санада субъектімен объектінің айырмашылықтары бекиді.
Органикалық әлем тарихында тек алам өзін басқалардан
бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ
тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің
бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады.
Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен
бірге қзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен
ұштастырып, іс- әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-
ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана
қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп- салдарын анықтау,
еріктік шешім қабылдау, іс- әрекеттің орындалу жолын
анықтау т . б .
4) Сана құрылымында әрекетке орай қатнастар орнығады.
Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең
алдымен адам қатысқан қоғамдық қатнастарды бейнелейтін
сезімдер жүйесін қамтиды.
Қорытынды.
Осы күнгі физиологиялық ғылымының
өзекті мәселелердің бірі – адамның
психикалық іс-әрекетінің негіздерін
анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың оң
жіне сол жарты шарларының әрекеттік
айырмашылығы, сезім жүйелерінің, таным,
түйсік, тіл, сана үрдістерінің, ұйқы, сезініс,
мотивация іспетті психикалық әсерленістің
физиологиялық тетіктері кеңінен
зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. «Адам физиологиясы» Х.Қ.Сәтбаева.,
А.А.Өтепбергенов., Ж.Б.Нілдібаев. Алматы, 2005
2. «Основы физиологии человека» Н.А.Агаджанян.
И.Г.Власова., Н.В.Ермакова., В.И.Торшин.,
РУНД, 2003
3. Аймауытов Ж. Психология. Алматы, “Рауан” ,
1995ж.
4. Сәбет Бап-Баба. Психология. Алматы, 2002ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz