Қазақстандағы алманың тарихи отаны: Тянь-Шань генетикасы, түрлері және сақталу мәселелері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Алматы аграрлық колледжі

Алманың түрлері

Тексерген: Елтаева Қ. Е.

Орындағандар: Мустафаева Ж.

Алматы 2012 жыл

Slide 2

Алманың тарихи отаны - Алматы

Оксфорд университетінің зерттеушілері өткен апталарда алманың туған жерін таптық деп жар салды. Оксфорд биологы Барри Джунипердің мәліметінше Адам ата мен Хауа анамыздың хикаясына арқау болған жемістің тарихи отаны Қазақстандағы Тянь Шань тауларының жабайы бақтарында екен.

Ғалымдар осылайша осыдан екі жыл бұрын ағылшын тілінде жарық көрген Кристофер Роббинстің «Қазақстанды тану» атты кітабындағы «Қазақстан алмалар мен қызғалдақтар отаны» деген дерегінің ақиқатын растады.

Алмалардың генетикалық тегіне үңілген оксфордтық зерттеушілерді осылайша алманың түп-тамыры қазіргі Алматы облысындағы екі жүз метр биіктіктегі тауларға алып келді. Джунипердің зерттеулері осы өңірде ұзақ уақыт бұрын әртүрлі жемістердің бақтары болғанын болжайды.

Кеңес Одағы тұсында күллі әлемге танымал болған апорт алмалалары осы аймақта өсірілген. Британдық ғалымдардың ашқан жаңалығы бұнымен шектелмейді.

Бұған дейін алма басқа бір жемістердің араласуы нәтижесінде пайда болған жеміс деген тұжырым жоққа шығарылды.

Slide 3

Дәннен өсіп шыққан алмалалар Парсы шығанағы арқылы романдарға, роман әскерлер арқылы Еуропаға дейін таралған екен. «Бір өкініштісі, - дейді ағылшынтілді басылым - Іле Алатауында жабайы алма бағының тек жиырма пайызы ғана сақталыпты».

Ғалымдар алдағы он жылда Іле Алатауында үш жүз гектар және Жоңғар Алатауында жүз гектар алма бағы жоғалып кету қауіп бар деген қауіптерімен бөліскен. Ал ұлыбританиялық “The Telegraph” басылымы болса: «Әлемдегі ең тәтті жемістің азаюына Кеңес одағының саясаты себепші болды» дейді.

Совет кезіндегі ауылшаруашылығын дамыту саясаты көптеген ормандарды жойды. Сталин көшпелі қазақтарды отырықшылық өмірге үйретіп, колхоз маңына шоғырландырды. Бұл аштыққа ұласып, адамдар нәпақасын орманнан тауып, алма ағашын отынға пайдаланды.

Кеңес Одағының зұлымдығы бұнымен тынбаған. Сталин орыстың танымал ботанигі Николай Вавиловты өлтірткізді. Ол ормандағы әртүрлі жемістердің үлгілерін сұрыптаған алғашқы зерттеуші болатын. 1950 жылдары Никита Хрущев тыңайған жерлерді игеру ұранымен жемісті бақтарды жермен жексен етті.

Slide 4

«Апорт» алмасы

Қышқыл-тәтті дәмі бар шырынды ірі алмалар жаз соңында піседі. Апорт жеке өзі де, жеміс салаттары мен ассорти құрамында да жақсы. Алманың бұл түрі үй нәрсуы, пісірілген десерттер мен бәліштерге жақсы келеді.

Slide 5

Жергілікті қызыл алма

Алма темірге бай, сондықтан қантамыр жүйесіне жағымды әсер етеді. Оны тәбет қашқанда, зат алмасу бұзылғанда жеген жақсы. Алма ағзадан қымыздық (щавелевая) қышқылын, холестиринді, радионуклидтерді шығарады. Төмен калорийлі болғандықтан, артық салмағы бар адамдарға пайдалы. Әр асты алмамен аяқтаған тістер үшін өте жақсы.

Slide 6

Алтын алма

Алма - тамаққа шикі күйінде, аспаздықта шикізат ретінде, сусындар жасауда қолданылатын алма ағашының жемісі.

Slide 7

Жасыл алма

Қатты, қытырлақ жасыл алма - шырынды, қышқыл дәмді. Асқа жаңа піскен күйінде, пісірілген күйінде де қосуға болады.

Slide 8

Қызыл алма

Хош иісті, шырынды, қытырлақ, қышқылтымды дәмі бар ірі қызыл жеміс.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы басты таулы жүйелер: Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань
Тянь-Шань қонақ үйінің маркетингтік ортасын микро және макро факторлар тұрғысынан талдау
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен сақталу мәселелері
Ана тілі ұғымы және қазақ диаспорасында оның сақталу мәселелері
Адам генетикасы: тұқым қуалаушылық, негізгі зерттеу әдістері және нәсілдік-евгеника мәселелері
Қазақстандағы экотуризмнің жағдайы, мәселелері және даму перспективалары
Кәсіби аурулар: тарихи даму, түрлері және Қазақстандағы алдын алу шаралары
Алманың қанды бітесі, алмұрт қанкөбелегі және тұт қалқаншалы сымыры: биологиясы, зияндылығы және карантиндік шаралар
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы: болашағы мен негізгі мәселелері
Жұмыс орындарындағы өндірістік шаң: түрлері, сипаттамасы және адам мен қоршаған ортаға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz