Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық Медицина университеті

Кафедра: Балалар жасындағы стоматология және профилактика

курсы

Тақырыбы: Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі. Пародонт тіндері және тіс кариесінің таралуы мен қуатын бағалау.

Орындаған:

Факультет:

Топ:

Курс:___

Тексерген:

Алматы 2009 ж.

Slide 2

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ

Пародонт ауруларының құрылымы

мен қызметі

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Пародонт ауруының қабынуының даму

механизмі

Пародонт тіндері және тіс кариесінің таралуы

мен қуатын бағалау

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Пародонт қабынуы бар науқастардан

алдын-ала сақтану

ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Пародонт шығу тегі мен атқаратын

қызметтері жөнінен жалпылама

орталық сипаттары бар жұмсақ және

қатты ұлпалар тобының жиынтығы

болып табылады.

Бұған: қызыл иек, периодонт,

тіс альвеоласының сүйек жақтауы

және тіс түбірінің цементі жатады.

Осы пародонт құрамына енген әрбір

компоненттің тіршілік етуін осы

ұлпалар тобының морфологиялық

және функционалдық сипатынан

тысқары қарастыруға әсте болмайды.

Пародонт тісті бірқалыпты күйде

ұстап тұрады, оны өз қызметін атқаруына

байланысты қоректенуін қамтамасыз етеді.

Тіс аппараттарының байламдары

Slide 4

Цементтің құрылысы

Цемент тіс түбірі дентинінің

сыртқы бетін қаптап жауып тұрады.

Тістің мойын жағын ала цемент

жартылай эмальға жабыса түседі,

ал тіс түбірінің ұшына қарай жуандап,

ал жас ұлғая келе тіс түбіріндегі оның

мөлшері көбейеді.

Цемент- сүйек тінінің арнайы түрдегі

заты болып табылады. Өздерінің

құрылысы және химиялық құрамы

бойынша талшықты сүйекке жақын.

Оның құрамында 68% органикалық емес

және 32 % органикалық заттар мен су

болады. Органикалық заттар негізінен

алғанда коллагендер.

Slide 5

Периодонттың құрылысы

Периодонт көптеген коллаген

талшықтарының будаларынан

тұрады. Бұл будалар түбір цементі

мен тіс альвеоласы жақтауының

араларына сым тәрізді тартылып

жатады. Периодонттың коллаген

талшықтарының жуандығы 510мкм

шамасында болады. Коллаген

талшықтарының осы будалары тісті

тіс альвеолаларына бекітіп, ұстап

тұрады. Коллаген талшықтары

будаларының араларында қалыптаспаған

талшықты дәнекер ұлпасының жұқа

қабаттары орналасқан. Бұл ұлпаның

құрамында торшалық әртүрлі элементтер

болады.

Slide 6

Көптеген қан және лимфа тамырлары

периодонтты көптеп аралап өтеді.

Бұлар тіс альвеолалары жақтауларындағы

сансыз көп тесіктер арқылы қызыл иек

пен жақ сүйек кемігінің қуыстарындағы

тамырларымен жалғасып, анастомоз

құрайды. Периодонттың бүкіл ұзына

бойында тіс түбірінің ұшынан тістің

түбіне дейін нервтің миеленді және

миеленсіз талшықтары кездесіп отырады.

Периодонттың байланыстырушы аппараты

жік-жік болып жататын мол коллаген

талшықтарынан тұрады. Осыған

байланысты периодонттың талшықтарын

негізінен алғанда 3 топқа бөліп қарастырады:

Slide 7

Периодонттың талшықтары

Маргинальді

Бүйірлік

Апикальді

Slide 8

Маргинальді топқа жататын

талшықтар тістің мойыны

жағында болады. Бұл

талшықтар жақтың үстіңгі

бетіне көлденең бағытта

орналасады.

Бүйірлік топтағы талшықтар -

периодонт талшықтарының

ең үлкен тобы. Бұлар тістің

мойнынан басталып, түбірдің

ең ұшына дейінгі аралықта

орналасады.

Slide 9

Апикальді тобына жататындары түбірдің ұшы тұсына орналасқан. Мұндағы талшыұтар негізгі екі бағытта жатады: 1-Сүйек альвеоласы түп жағына параллель орналасқандары; 2-Сүйек альвеоласының түбі жағына айнала тарамдалып орналасқандары;

Slide 10

Альвеоллярлық өсінді және тіс альвеоласы

Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің

тістер орналасқан бөлігі альвеолярлық

өсінді деп аталады. Жақ сүйектің

альвеолярлық өсіндісінің сүйек

тінінің химиялық құрамы мен

құрылысы жағынан болсын басқа

сүйектері тінінен айырмашылығы

жоқ болса да шамалы ғана болады.

Оның құрамы 30-40% органикалық,

60-70 % органикалық емес заттардан

және аздаған мөлшерде судан тұрады.

Slide 11

Альвеолярлық өсіндінің екі жағы :

Сыртқы

(ЕРІН НЕМЕСЕ ҰРТҚА ҚАРАҒАН ЖАҒЫ)

Ішкі

(ауыз немесе тілге қараған жағы)

Slide 12

Қызыл иек

Қызыл иек ауыз қуысы кіреберісі мен

ауыз қуысы аралығында орналасқан.

Жақ сүйектің альвеолярлық өсіндісінің

жауып тұрған ауыз қуысы кілегейлі

қабығынан құралған. Қызыл иек тікелей

тіске - эмальдің кутикуласына кіріге жабысқан.

Slide 13

Пародонт тіндерінің құрылысы

Қызыл иек

Еркін (тіс аралық)

Бекітілген

(альвеолярлы)

Маргинальді

Көрші тістердің аралығында

орналасқан қызыл иек, еркін

қызыл иек деп аталады. Ол тіс

аралық емізікшені бейнелейтін

ерін-ұрттық және тіл емізігінен

тұрады. Пішіні үшбұрышты,

Биіктігі тістің кесу қырына

Бағытталған.

Альвеолярлы өсіндіні

жауып жататын қызыл

иектің бөлігі бекітілген

қызыл иек деп аталады.

Қызыл иектің маргинальді

бөлігі тістің мойнына жақын

орналасқан. ол басқа да

волокналармен жуан

Мембрананы құрайды.

Олар периодонтты

механикалық бүліністерден

қорғайды.

Slide 14

Пародонттың қантамырлары

Пародонттың ұлпалары мен тістің күре

тамыр артериясы алабы арқылы артериялық

қанмен қоректенеді. Негізін айтқанда ол

қантамырлар үстіңгі және астыңғы жақ

артериясы қантамырларынан таралады.

Үстіңгі жақтың артқы тістері мен олардың

айналасындағы ұлпалар - үстіңгі артқы

жақтағы альвеолярлдық артериялардан,

ал алдыңғы тістер - үстіңгі жақтағы

альвеолярлық артериялардағы

қантамырлармен қоректенеді. Бұл артериялар

өздеріне сәйкес үстіңгі жақтың

артерияларының ортаңғы және алдыңғы

бөліктерінен тарамдалады.

Slide 15

Пародонт тіндерінің этиологиясы

Бактериальді тіс тоғасы

Гингивит

Микроорганизмнің веруленттілігі мен саны

А) ауыз қуысының гигиенасы

Б) әсер етеуші факторлар

Тіс тасы Спецификалық

Анатомиялық ерекшеліктері микробтық

Тіс жегі факторлар

Ятрогенді факторлар

В) диета (тамақтанудың ерекшелігі)

Г) патофизиологиялық факторлар:

Сілекей (құрамы, қасиеті, функциональді бұзылыстар)

Ауызбен дем алу

2. Уақыт

3. Жалпы тұрақтылық: Ағзаның

Жасы реактивтілігі

Жүйелі аурулар

Генетикалық бұзылыстар

Алиментарлы фактор

Дәрілік препараттардың әсері

Психоматикалық факторлар

4. Окклюзионды жарақат

Пародонтит

Slide 16

Пародонттың лимфа тамырлары

Пародонттың лимфа тамырлары

көптеген лимфакапиллярлар түрінде

болады. Олар тармақталған тор

тәрізденіп сол тамырлардың

жанында оларды қоршай орналасады.

Осы тамырлар арқылы лимфа жақ

асты және тіл асты лимфа

бездеріне барып құйылады. Ол

бездерге лимфа тіс пульпасынан,

қызыл иектен және жақ сүйектерден

да барып құйылады. Лимфа тамырлар

тармақтары қантамырлар тармақтары

сияқты тіс қимылы тудырған

гидростатикалық қысымдарды

теңестіруде маңызды рөл атқарады.

Slide 17

Пародонттың иннервациясы (нервтенуі)

Тістер мен олардың айналасындағы ұлпалардың

жүйке талшықтарымен иннервациялануы алдыңғы

және артқы, үстіңгі альвеолярлық тамырлар мен

үшкіл жүйке тамырдың екінші-үшінші тармақтарынан

құралған астыңғы альвеолярлық жүйке тамырлар

арқылы иннервацияланады.

Пародонттың иннервациялануы тіс альвеоласының

бүйір тесіктерінің енетін жүйке талшық будалары

арқылы да болады.

Slide 18

Пародонттың атқаратын қызметі

Пародонт амортизациялаушы (тісті іліп

көтеріп тұратын), трофикалық, пластикалық,

барьерлік (тосқауылдық) қызметтерлі атқарады.

Бұдан басқатістің шайнаудағы қысымын

рефлекторлық жолмен реттеуге қатысады.

Амортизациялаушы қызметі периодонттың талшықтық құрылымдарын коллаген мен эластиндік талшықтар және оның сұйықтық ортасының торша аралық жапсарларының өзгеріп отыруы арқылы қамтамасыз етіледі.

Трофикалық қызметі пародонттың аса маңызды қызметтерінің бірі және ол оның ұлпаларындағы зат алмасуларды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қызметтің орындалуы жақсы дамыған микроайналымдық арнаның бірқалыпты жұмыс атқаруның барысында болып жатады.

Пластикалық қызметі пародонттың бұл қызметі оның ұлпаларының ұдайы бірқалыппен жүруінен болады. Бұл физиологиялық және патологиялық процестердідң барысында атқарылады.

Slide 19

Барьерлік қызмет (факторлары)

1 - Тіс пен қызыл иектің жалғасуы және тістің айналасын дөңгелендіре байлаған байламының бүтіндігі.

2 - Қызыл иек эпителийнің мүйізденуі.

3 - Коллаген талшықтарының көп болуына және олардың жігінің бағытталу ерекшеліктеріне байланысты.

4 - Қызыл иектің тургорына байланысты.

5 - Пародонттың борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының негізгі затының жағдайына байланысты.

6 - Қызыл иек сайының құрылысы мен қызметінің ерекшелігіне байланысты.

7 - Сілекейддің бактерияға қарсы қызметтеріне, әсіресе олардағы биологиялық белсенді заттар болып табылатын лизоцим, ингибин және басқаларға байланысты.

8 - Иммундық реакцияларда маңызды рөл атқаратын лимфоциттердің, ткань базофильдердің, макрофагтар пен плазмоциттердің болуна байланысты.

Slide 20

Пародонтта жасқа байланысты болатын өзгерістер

Пародонттағы жасқа байланысты инволюция процестері өте күрделі және аз зерттелген мәселе. Пародонт ұлпаларының ескіруі олардың генетикалық аппараттарындағы өзгерістерге байланысты болуы кәдік құбылыстар деуге болады. Бұл құбылыстар организмнің иммунологиялық реакция туғызу қабілетін және зат алмасудың молекулярлық, торшалық, ұлпалықдеңгейлерде өзгерістерге ұшырауына байланысты.

Қызыл иекте жасқа байланысты өзгерістер эпителийдің мүйізделу процесінің күшеюі, гликогеннің дәнді қабат торшаларында жоқ бола бастауы, кілегейлі қабық тақташасы талшықтарының гомогенизациялануы және капиллярлар санының азаюы арқылы білінеді.


Ұқсас жұмыстар
Пародонт ауруындағы иммунологиялық аспектілері
Терапиялық стоматология
Пародонт қабынуының клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы
Тіс - денсаулық кепілі
Пародонт тіндерінің зақымдалуының таралуы мен қарқындылығын бағалау
Пародонт ауруларының иммунологиялық аспекттері
Минералдар алмасуының бұзылыстары
Отыз екі мықты, Қаз-қатар боп шықты. Он алтысы үсті, Он алтысы асты
Йодтың адам ағзасындағы артық мөлшері
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz