Республиканың әртүрлі аймақтарында күнбағысты майға өсіру ерекшеліктері. Дақылды фитомелиорант ретінде пайдалану мүмкіндігі. Өсімдік майынан азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі күнбағыстың рөлі



Республиканың әртүрлі аймақтарында күнбағысты майға өсіру ерекшеліктері. Дақылды фитомелиорант ретінде пайдалану мүмкіндігі. Өсімдік майынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі күнбағыстың рөлі.
Күнбағыс астра тұқымдасына жатады. Шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады: майлы, шағылатын және аралық. Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар. Жемісі - шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымынан құралады. 1000 шекілдеуігінің массасы майлы сорттарында 40-80г, шағылатындарында - 170г-ға дейін. Өзінің дамуында күнбағыс мынадай өсу және даму кезеңдерінен өтеді: тұқымының өнуі, көктеуі, бүрленуі, гүлденуі, шекілдеуігінің өсуі, толысуы, пісуі (физиологиялық пісу кезеңінде себеттің төменгі жағы сары түске енеді, ал шекілдеуігінің ылғалдылығы 34-40%, толық пісу кезеңінде себет сарғыш-қоңыр түсті, тілді гүлдер қоңырланып түсіп қалады, жапырақтары қурап түседі) . Күнбағыс шекілдеуігі 4-6°С температурада өне бастайды, ал тіршілікке қабілетті егін көгі 16-18°С-да пайда болады. Өскінді тұқымдар - 10°С-ға дейінгі, ал егін көгі -5-6°С бозқырауды көтереді. Гүлдену кезеңіндегі оңтайлы температура - 25-27°С.

Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Күнбағысты бір орында қайтадан орналастырып өсірсе егістік аурулар және маманданған зиянкестермен залалда- нады. Өсіру аймағында бұрынғы орынға 8-10 жылдан ерте орналастырмаған абзал. Күнбағысты қант қызылшасы, жоңышқа, судан шөбінен кейін сеппеген дұрыс, өйткені олар топырақты қатты ылғалсыздандырады. Асбұршақ, майбұршақ, рапстан кейін де орналастырмаған абзал, олар мен күнбағыстың ортақ аурулары бар. Ең дұрысы күнбағысты сүріден кейін өсірілген бірінші немесе екінші бидайдан кейін орналастырып өсіргенде жақсы тұқым өнімі жиналады. Топырақ өңдеу. Қазақстанның солтүстігінде (күңгірт қара-қоңыр топырақтарда) топырақты негізгі өңдеуді 25-27см тереңдікте жазықтілгіш-терең қопсытқыштармен (ПГ-3-100, ПГ-3-5) жүргізген дұрысырақ. Қара топырақтарда алғы дақыл жиналғаннан соң жел эрозиясы қауіпі болмағанда танапты әуелі БДТ-7 ауыр дискілі тырмасымен өңдеп, соңынан терең аудара жыртқан (25-27см) жөн, бұл агрошара атпа тамырлы агрошөптермен ластанған танаптарда өте тиімді. Қыста қар тоқтату да оң нәтиже береді. Көктемде жазық тілгіш құралдармен өңделген танаптарда БИГ-3, БМШ-15 немесе БМШ-20, ал аудара жыртылғанда - тісті тырмалармен тырмаланады.

Себу алдында топырақ 6-8см тереңдікте культивацияланады, бір мезгілде тырмалау мен бұдырлы катоктармен тығыздау іске асырылады. Тыңайтқыштар. Күнбағыс органикалық тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді. Оның астына күзде 40т/га дейін шала шіріген көң мен 60-90кг/га әсер етуші зат мөлшерінде фосфор тыңайтқышын негізгі тәсілмен топырақты аудара жырту жолымен енгізуге болады. Калий тыңайтқышы 40-60кг/га ә. е. з. мөлшерінде тек қана құмдауыт топырақтарға енгізіледі. Күзде тыңайтқыш енгізілмеген жағдайда себумен бірге 10-12см тереңдікке және тұқым себілетін қатарлардан 10см қашықтықта әр гектарға 10-15кг. ә. е. з. мөлшерінде түйіршіктелген тыңайтқыш енгізуге болады. Тұқымды себуге дайындау. Кондициялы тұқым себуден 15-20 тәулік бұрын 80% ТМТД улы химикатпен, немесе 50% фундазолмен аурулар мен тұқым өңезіне қарсы дәріленеді. Себу жұмыстары. Күнбағыс ерте себу мерзімінің дақылы, алайда оның майлы сорттары жылуға жоғары қажетсінуімен ерекшеленеді, сондықтан оны тұқымның сіңіру тереңдігінде топырақ 8-10°С-ға

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz