Асбұршақты өсіріп-баптау технологиясы



Асбұршақты өсіріп-баптау технологиясы
Орындаған. Жолтай Данагул ПА-304
Тексерген. Оразбаев С профессор

Жоспар.
1. Халық шаруашылығындағы маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары.
2. Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптары.
3. Өсірудің интенсивтік технологиясы.
4. Тыңайтқыш енгізу
5. Топырақ өңдеу
6. Тұқым себуге дайындау
7. Тұқым себу мерзімі, мөлшері
8. Егістікті күтіп-баптау
9. Жинау

Халық шаруашылығындағы маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары
Дәнді бұршақты дақылдардың ішіндегі көп тарағаны ас бұршақ, себебі ол халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Біріншіден, ас бұршақ бағалы тағам, оның дәнінде белок-28, көміртегі қосылыстары-62, 45, витаминдер, минералдық тұздар бар. Сондықтан ас бұршақ дәнінен жарма, аздап ұн дайындалады. Пісіп жетілмеген дәндері мен жасыл бұршақтарынан консерві жасалады. Екіншіден, ас бұршақ -жақсы мал азықтық дақыл. Әсіресе, құрамалы жем дайындағанда таптырмайтын өсімдік белогының қайнар көзі. Зоотехникалық норма бойынша жемнің бір мал азықтық өлшемінде 105-110 грамм қорытылғыш протеин болуы керек, ал ас бұршақтың бір мал азықтық өлшемінде 150-180грамға дейін протеин болады.

Мысалы, гүлдену-жеміс түзу кезеңінде шабылған ас бұршақ көк балаусасының құрғақ затында 15-18 процент протеин болады. Ас бұршақтың 1 центнер балаусасында 16, ал шөбінде 49, 5 мал азықтық өлшем бар.
Ас бұршақтың ТМД-дағы көлемі 4 млн гектарға жуық, 1990 жылы 130, 0 мың гектары Қазақстанда өсірілді. Көбінесе ас бұршақ республиканың солтүстік облыстарында егіледі. Ас бұршақтың 1990 жылы Қазақстан бойынша гектарынан 11, 0 центнер өнім алынып, барлығы 143, 0 мың тонна түсім жиналды.
1991 жылы Қазақстанда ас бұршақтың мына сорттары аудандастырылып себілді: Кан, Романский-77, Зерноградский неосыпающийся, Неосыпающийся-1 және Таловец -55.

Сыртқы орта факторларына қойылатын талаптар.
Ас бұршақ жылылықты көп тілемейді. Оның тұқымы 1-2°С
жылылықта өніп -өсе береді, бірақ жақсы көктеп шығуы үшін қолайлы температура 4-5°С шамасында. Егер генеративтік органдарының пайда болуы үшін қолайлы температура 16-20°С болса, бұршақтың өсуімен дәнінің толысуы үшін 22-26°С температура керек. Өркендері көктемгі -5-6°С суықтыққа төзе алса, оның гүлдену кезеңінде -2-4°С суықтың өзі қауіпті. Ас бұршақ ылғалды көбірек қажет ететін дақыл. Оның транспирациялық коэффиценті 300-600-ге тең. Ал оның топыраққа себілген тұқымының бөртуі үшін дәннің салмағының 100 процентіндей ылғал қажет.
Генеративтік органдары пайда болуынан бастап толық гүлдену кезеңіне дейінгі аралықта ас бұршақ ылғалға аса мұқтаж болады. Сонымен қатар оған дәндену кезеңінде де жеткілікті мөлшерде ылғал керек. Бүрлену және гүлдену кезеңінде ылғал тапшы болса, ас бұршақтың өнімі күрт төмендейді.
Ас бұршақ қара топырақта жақсы өседі. Механикалық құрамы ауыр, қышқыл топырақты ас бұршақ әсте қаламайды.

Өсірудің интенсивтік технологиясы.
Алғы дақыл. Ас бұршақ алғашқы даму кезеңінде арам шөптерден көп зардап шегеді. Сондықтан оны таза танапқа сепкен дұрыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда оның жақсы алғы дақылы күздік дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, картоп сияқты отамалы дақылдар. Бір себілген танапқа ас бұршақты қайталап сепсе, оның өнімі кемиді, сол себепті ас бұршақты бұл орынға 4-5 жылсыз қайыра орналастыруға болмайды.

Тыңайтқыш енгізу.
Ас бұршақ топырақтағы қоректік заттарды өсіп шыққаннан пісіп жетілгенге дейін пайдаланады. Дегенмен, қоректік заттарды дамуының алғашқы кезеңінде көп мөлшерде керек етеді. Гүлдену кезеңіне дейін барлық пайдаланатын азоттың үштен бірін 36%, фосфордың екіден үш бөлігін 60-64% және калийдің үштен бірінен тең жартысына дейінгі 37-53% мөлшерін пайдаланады. Дәннің пайда болып, толықсу кезеңінде фосфорды 84-95 процент, калийді 79-81 процентіне дейін сіңіріп үлгереді, ал азотты пісіп жетілгенге дейін пайдалана береді.

Топырақ өңдеу.
Жерді негізгі өңдеу әдісі әр аймақтың топырақ климат жағдайына байланысты. Эрозия қаупі жоқ, механикалық құрамы ауыр топырақтарда жерді түренді плугтармен сүдігерге терең жыртады. Жерді терең жырту ас бұршақ тамыр жемісінің жақсы өсуіне, түйнек бактерияларының мол болуына мүмкіндік туғызады. Жер неғұрлым ерте жыртылса, соғұрлым оның пайдасы зор, өйткені топырақтың су, ауа режимдері, физика-механикалық қасиеттері жақсарып, осының арқасында микробиологиялық процестердің жүруі жылдамдайды.
Механикалық құрамы жеңіл, топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аймақтарда жерді негізгі өңдеу күзде сыдыра жыртқыш культиватормен жүзеге асырылады.
Көктемгі топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Күзде түренді плугтармен жыртылған жерлерде ылғалды ЗБТС-1, 0-пен, ал аударылмай сыдыра жыртқыштармен өңделген танаптарда БИГ-3А тырмаларымен жабады. Ас бұршақты интенсивті технологиямен өсіргенде, егін себер алдында жерді РВК-3, 6, РВК-5, 4 құрамалы агрегаттармен өңдеген дұрыс.

Тұқым себуге дайындау.
Тұқымды себуге дайындау оны әр түрлі ауруларға қарсы дәрілеуден басталады. Аскохитоз, фузариоз, бактериоз, сұр шірік және басқа ауруларға қарсы себер алдында тұқымның әр тоннасын 5-10 литр суға ерітілген 4-6 кг 70 проценттік тигам, немесе 3-4 кг 80 проценттік ТМТД препараттарымен өңдейді.
Өсімдіктің аталған ауруларынан шегетін зардабын азайту үшін, ас бұршақ егісінің әр гектарына 2-4 кг 80 проценттік цинебом препаратын шашады.
Себілген ас бұршақ тұқымы жақсы өніп шығуы және ерте пісіп жетілуі үшін республиканың солтүстік облыстарында себілетін тұқымды 4-5 күн ыстық ауамен желдеткен дұрыс.


Тұқымды себу мерзімі және дән себу мөлшері
Тұқым себу мерзімі жергілікті жағдайларға байланысты. Ас бұршақ ылғал сүйгіш және салқынға төзімді дақыл болғандықтан оны ерте сепкен жөн. Бұл егіннің өнімін арттыруға себеп болады.
Дән себу мөлшері сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, тұқымның ірілігіне, себу әдісіе, танаптағы ылғал қорына және басқа жағдайларға баланысты өзгеріп тұрады. Тұқымы ірі сорттардың қолайлы себу мөлшері бір гектарға 0, 6-0, 7 млн өнгіш дән болса, ұсақ тұқымды сорттар үшін ол -0, 7-0, 9 млн. Таспалық әдіспен сепкенде әр гектарға 0, 6 млн, кең қатарлы сепкенде -0, 4 млн өнгіш дән қажет.

Егістікті күтіп-баптау.
Егістікті күтіп баптауға тұқым себілгеннен кейінгі топырақты нығырлау жатады. Бұл агротехникалық шара себілген тұқым мен топырақтағы ылғалдың байланысын жақсартып, дәннің бөртуіне және тез көктеп шығуына себебін тигізеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz