Күнбағыс майын өсіру ерекшеліктері
Презентация қосу
Тәжірибе-7
Күнбағыс майын өсіру ерекшеліктері.
Күнбағыс (лат. Helianthus - күрделі гүлділер
тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік.
Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2
түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық К. (Н.
annuus).
Күнбағыстың халық шаруашылығында маңызы және өнімділігі
•Қазақстан бойынша 1991 жылы күнбағыстың 5 сорты өсірілді. Олар мыналар- Армавирец, Восход,
Заря, Салют, Скороспелый-87 және Юбилейный-75. Себілген тұқым тез және біркелкі көктеп шығуы
үшін қолайлы температура +20-25°С шамасында болып табылады.
•Топырақта жатып бөртіи, біраң өнбеген түңымы —13°С градуста, ал жер бетіне көктеп шыққан жас
өркені —5-6°С суыққа үсімейді. Күнбағыстың гүлдену кезеңіндегі қолайлы температура +20-25°С
болып саналады.
•Күшті дамыған және топырақтың терең ңабатына бойлап өсетін тамыр жүйесі болғандықтан күнбағыс
құрғақшылыңқа да төзімді келеді.Дамуының алғашқы кезеңінде ауа және топырақ құрғақшылығын
жақсы көтереді. Ылғалды ең көп қажет ететін мезгілі — күнбағыстың табағы пайда болу-гүлдену кезеңі.
Осы мезгілде өсімдік өсу кезеңі бойында сіңіретін барлық суының 44 процентін пайдаланады.
•Аталған уақытта ылғал жеткіліксіз болса, табаңтың ортасындағы дәндер толыспай, жеңіл болып
қалады. Күнбағыстың бір ерекшелігі — ол көктеп шыңңаннан бастап табақ құрғанга дейін топырақтың
80 см тереңдігіне дейінгі ылғалды найдаланады. Бірақ одан артық тереңдегі ылғалды пайдалану оған
қиындыққа соғады. Сондықтан жаздың екінші жартысында жауған жаңбыр күнбағыс үшін өте пайдалы.
•Құрғақшылыққа төзімді болғанымен күнбағыстың транспирациялық коэффициенті 470-570-ке тең,
сондықтан одан мол өнім алу үшін топырақтың ылғалдылығы оныц танаптық су сиымдылығының 70
процентінен кем болмауы керек. Күнбағыс егуге қара және қызыл-қоңыр топырақтар қолайлы.
•Механикалың құрамы ауыр саздан және жеңіл құмдақ топырақтар күнбағыс өсіруге жарамайды.
Күнбағыс өсірудің интенсивті технологиясы және жинау
• Алғы дақыл. Ауыспалы егісте күнбағысты күздік және жаздық дәнді
дақылдардан, жүгеріден, дәнді бұршақты дақылдардан кейін орналастырғанда жақсы
өнім алуға болады. Әр түрлі аурулары, зиянкестері және арам шөптері, әсіресе сұңғыла
көп тарап күнбағысқа зиян келтірмеу үшін оны бір егілген жеріне 7-8 жылсыз қайталап
себуге болмайды.
• Тыңайту. Күнбағыс 1 тонна дәи құрау үшін топырақтан 60 кг азот, 26 кг фосфор
және 186 кг калий пайдаланады. Осы сіңірілген элементтердің орнып толтыру үшін
топырақты тыңайту керек. Ол үшін күнбағыстың осы элементтерді қай уақытта қалай
пайдалану ерекшеліктерін білген жөн.Күнбағыстың фосфорды ең көп қажет ететін кезі
кектеп шыққаннан бастан, гүлдегенге дейін, ал одан кейін ол бұл элементті шамалы
молшерде пайдаланады. Ал алғашқы өсу-даму кезеңінде азотқа онша зәру
болмағанымен кейіп, бас алып табақ ңұрғаннан гүлдегенге дейін опы коп молшерде
керек етеді, біраң бұдан соң оныц азотты сіңіруі тағы да төмендейді.
Калийді бүкіл өсу кезеңі бойынша пайдаланады, дегенмен оны табақ құрудан толық
пісіп жетілгенге дейін көбірек сіңіреді.Егер топырақта азот коп, фосфор жеткіліксіз
болса, күнбағыстың өсу кезеңі ұзарып, дәпіндегі майдың мөлшері азаяды.
Күнбағыстың жақсы өсіп дамуына топырақтың өзіндегі калий қоры жеткілікті,
сондықтан оған калийлі минералдық тыңайтқыш берудің қажеті жоқ.Күзде судігер
жырту алдында әр гектарға 30-40 тонна көң және әсерлі заттар есебімен 60-90 кг
фосфор шашып, топыраққа сіңіреді. Себу кезінде тұқыммен бірге әр гектарға әсерлі
заттар есебімен 10-15 кг түйіршікті суперфосфат сіңірген жаңсы нәтиже береді.
Топырақ өңдеу. Басқа дақылдар сияқты күнбағысқа да танапты дайындау
алғы даңылдарды жинап алғаннан кейін топырақты негізгі өңдеуден
басталады.Күзде топырақ оңдеу тәсілі күнбағыстың алғы дақылына, танаптағы
арам шөптердің түрлеріне және басқа жағдайларға байланысты. Дәнді дақылдар
мен жүгері алғы егістерінен кейін танапта бір жылдық арам шөптер басым болса,
топыраңты ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен 6-8 см-ден 8-10 см-ге
дейін 2-3 рет өңдейді, содан кейін ПН-4-35, ПН-8-35 және басқа түренді
плугтардың бірімен 20-22 см тереңдікте сүдігерге жыртады.
•
Тұқымды себуге әзірлеу және себу. Жоғары сапалы, іріктелген тұқым сепкенде ғана
күнбағыстан мол өнім алуға болады. Әр түрлі ауруларға шалдықпау және зиянкестермен
зақымданбау үшін тұқымның әрбір тоннасым 2-3 кг ТМТД препарагымен дәрілейді.
•Тұқым себу мерзімін белгілей білудің зор маңызы бар. Қолайлы мерзімде себілген танапта арам
шөптер жойылып, егінді күтіп-баптауға шығын аз жұмсалады, күнбағыстың өнімі гектарына,
1,3-3,2 центнер артады.
Күнбағысты себудін ен қолайлы мерзімі тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақтың 10-12°С
жылынған кезі. Егер температура бұдан төмен болса, себілген тұқым көпке дейін өнім шықпайды.
Мұның өзі топырақта жатқан тұқымның өну қабілетін төмендетіп, олардың біразының шіруіне
әкеліп соқтырады.
Тұқым себу молшері жергелікті жердің ауа райына, топырақтағы ылғал қорына, себу әдісі
және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Орманды-далалық және далалық
аймақтардағы тұқым себудің қолайлы мелшері әр гекторға 40-45 мың дана, жартылай
құрғақшылық-далалық аймақта —30-40 мың дана дән болады.
Өсірудіц интенсивтік технологиясын қолданғанда тұқымның себу мөлшері 10 процентке
көбейтіледі. Күнбагысты қазіргі кезде пунктирлі әдіспен өсімдік қатар аралығын 70 см, ал
олардый қатардағы ара қашықтығын 24 см етіп СПЧ-6МФ немесе СУПН-8 сеялкаларының
бірімен себеді. Тұқым себу тереңдігі құрғақ топырақтарда 8-10 см, ал ылғалы мол жерлерде —4-5
см.
Егісті күтіп-баптау жұмысы тұқым себумен бір мезгілде жүргізілетін топырақты
нығыздаудан басталады. Егіп себілгеннен соң 4-5 күннен кейін, яғни арам шөптердің «ақ жіпше»
кезеңінде оны бірінші рет тырмалайды, ал екінші рет тырмалау тұқым көктеп шығуға 3-4 күн
қалғанда жүргізіледі. Күнбағыс көктеп шыққанша жүргізілген бұл екі тырмалау арам шөптер
өскінін 50-60 процент жояды. Агрегаттардың жүру жылдамдығы сағатына 6-7 км-ден аспауы
керек.
Егін жинау, тұқымды тазалау және кептіру жұмыстары қатар жүруі керек,
әйтпесе дән бұзылып кетеді.
Сорттың дәніндегі майдың мөлшеріне байланысты қоймада сақалатын тұқымның
ылғалдылығы 7 (дәндегі май мөлшері 43%)—9 проценттен (дәндегі майдың мөлшері
37%) аспауы керек.
Қолданылуы
Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің
дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын
тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады,
онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда
38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ
өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс
құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан
400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және
тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары
аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың
негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б.
Тарихы. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың
кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын
алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады.
Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне
аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады.
Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей
болып өседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz