Темекі тартудан өкпе рагының пайда болу себептері




Презентация қосу
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ
Ұлттық университеті
Кафедра:Саясат және денсаулықты
сақтауды басқару

Тақырыбы: Темекі тартудан өкпе
рагының пайда болу себептері.

Орындаған: ________________
Факультет: ________________
Курс:____
Тобы:_____
Тексерген:______________
Мақсаты:
Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің
адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден-
бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі
адам өмірін 12 минутқа қысқартатындығын
анықтаған.Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі
никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның
соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға
душар етуі әбден мүмкін.
Жоспары:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім:
Аурудың пайда болу себептері.
Клиникалық симптомдары.
Патологиясы
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Өкпе рагы негізінен бронхтардан
өсіп шығатын қатерлі ісік.Өкпе
альвеоларының рагы осы ісіктердің тек
бір пайызын құрайды.
Өкпе рагы тек өкпені ғана метастаз
бермей басқада ағзаларға таралуы
мүмкін. ӨР адам үшін өте қауіпті,себебі
ол жайылған кезеңінде байқалады.
Аурудын пайда болу
себебтері:
Өкпе рагымен ауырғандардын 95%
шылым шегушілер.Темекінін құрамында
400-ден аса элемент бар. Оның бір де бірі
адам ағзасына пайдалы емес, барлығы
бірдей залал. Оның ішінде никотин,
шайыр, көміртегі тотығы және кансереген
секілді заттардың зардабы аса ауыр
болып келеді. 100 мг. никотинді бірден
қабылдаған адам өледі. Бұл никотин
мөлшерін екі қорап темекіден алуға
болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен
адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның
бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді.
Адам оны күні бойы шегеді. Осы заттар
бронх эпителиіне тікелей әсер
етіп,оларды метаплазиялық,
дисплазиялық өзгерістер тудырады,арі
қарай рак дамиды.
Темекі түтінінің құрамында
сутегі асқын тотығы бар,ол
өкпенің рецепторын
ынталандырып жаңаруға жалған
хабар береді, нәтижесінде ауру
пайда болады.
Темекі шегу басты себеп,бірақ бір
ғана емес қоршаған ортаның
комір шаңдары мен сынап
буы,хром,никель тозаңдарыда
әсер етеді.
Клиникалық симптомдары:
Өкпе рагы симптомдары бірқатар
факторлардың әсерінен
ажыратылады,олар: біріншілік ісіктің
бронхта немесе өкпе тінінде орналасу
орнына байланысты. ӨР-ға келесі
симптомдар тән:
Жөтел (құрғақ немесе қан аралас);
Жиі өкпенің қабынуы;
Кеуде қуысындағы ауру сезімі,әсіресе
ісік бар аймақта;
Жоғары температура;
Тыныс алудың бұзылуы.
Патологиясы:
Өкпе рагы тез метастаз береді.
Метастаз беруіне байланысты басқа да
мүшелер
зақымданады.Көбіне:бауыр,лимфа
түйіндері,бас миы,бүйректер.
Өкпе рагының жіктелуі:
1. Орталық;
2. Шеттік;
3. Аралас-ауқымды;
4. Экзофитті;
5. Эндофитті;
6. Аденокарцинома;
7. Ірі жасушалы;
8. Безді жалпақ жасушалы.
Қорытынды:
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің
салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны
жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа
ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан
пассажирлердің санымен салыстыруға болады.
Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін
көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам
қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33
пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін
болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда
жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі
мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме
үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде
жасалып отыр. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі
уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен.
Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені
мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер
оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан
құтылудың жолын қарастырсын.
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне
жеткен!
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Флетчер Р.Клиническая
эпидемиология.Основы доказательной:Пер.с
англ.М.Медиа сфера,2004-264с.
Власов.ВВ. Введение в доказательную
медицину.М.Медиа сфера,2004-264с
www.google.ru
Нугманова Д.СКурс лекций «доказательная
медицина».Алматы,АГИУВ,31.03.08-25.04.08
pubMed сайты.

Ұқсас жұмыстар
Өкпе ісігі
Қатерлі ісік аурулары ішінде бірінші орында өкпе обыры
Темекінің шығу тарихы
ТЕМЕКІ ТАРТУМЕН КҮРЕС
Кеудеде ауру сезімі
Ісік клеткаларын зерттеу әдістері
Созылмалы обструктивті бронхит
Өкпе ауасының кобею синдромының патофизиологиясы
Сүт безінің обыры
Асқазан рагының жиілігі
Пәндер