Емшектің созылмалы ауруы




Презентация қосу
Емшектің созылмалы ауруы
Орындаған: Қабылдаған:
Айдарбек Ұлжан Ажибаева Салима
Әйел омырауы – нәзік
жандардың сұлулығы
мен
тартымдылығының ең
басты құпиясы.
Өкінішке орай,
әйелдердің басым
бөлігі өз омырауының
денсаулығы туралы
көп ойлана бермейді.
Соның салдарынан,
соңғы кезде
маммолог дәрігерлер
«емшектің
созылмалы ауруы
(мастопатия)»
диагнозын жиі қоюда.
«Мастопатия» сөзі 2
түбірден құралған,
грекше «mastos» -
омырау, ал «pathos»
ауру, азап дегенді
білдіреді.
Мастопатия
ауруының екі түрі
бар: түйінделген
және араласқан
(диффузды). Бұл бір
шоқ жүзімге ұқсас
көптеген майлы және
безді бұлшықеттен
құралған сүт безінің
құрылысына
байланысты.
Диффузды форма сүт бездері элементтерінің өсуі мен
өзгеруінен болады. Бұл түріне көбіне 35 жасқа дейінгі жас
келіншектер шалдығады. Ал мастопатияның түйінделген
формасы 35-50 жас аралығындағы әйелдерде көптеп
кездеседі. Түйінделген түрі деп сүт бездерінің шектеулі
тығыздалуын атайды.
90 пайыз жағдайда әйел мастопатияны өзі анықтай алады.
Дұрысы, ай сайын етеккір циклінің 6-12 күні өз-өзіңізді тексеріп
тұру керек. Дәл осы күндері сүт бездері жұмсарып, өзгерістерді
анықтауға ыңғайлы болады
1. Сонымен, қолыңызды төмен түсіріп, айнаның
алдында омырауыңыздың формасын бір қарап
алыңыз да емшектеріңіздің сыртқы түріне назар
аударыңыз.
Енді қолыңызды басыңыздың артына көтеріп,
омырауыңызды қарап шығыңыз. Омыраудың бірінің
формасының өзгеруі мен тері түсіне мұқият зер
салыңыз.
Оң қолыңызды көтеріңіз. Сол қолыңызбен оң жақ
омырауыңызды баяу айналдыра басып шығыңыз.
Жуандаған немесе томпақ жерлердің бар-жоғына
назар аударыңыз. Енді сол қолыңызды көтеріп, оң
қолыңызбен сол жақ омырауыңызды дәл солай
тексеріңіз.
Сұқ және бас бармағыңызбен емшегіңізді қысып, сары су
жоқтығына көз жеткізіңіз.
Енді омырауыңызды жатып тексеріңіз. Шетінен бастап,
емшегіңіздің ұшына қарай айналдыра сипап және жайлап
басып қараңыз.
6. Айналма қозғалыстармен оң және сол қолтығыңыздың
астын басып көріңіз.
Тексеріс барысында мастопатия белгілерінің біріне ұқсас
өзгешіліктер байқасаңыз, ойланбастан, маммолог маманға
барыңыз.
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Кеуде мүшелері және сүт бездерінің хирургиялық аурулары
Ана сүтінің химиялық құрамы
Сиырдың аусыл ауруы
Емшек үрпесінің тарылуы
Сүт безінің обыры
Биіктік ауруы
Серозды желінсау
Сиырдың желінсау ауруы
Қан аурулары кезінде ауыз қуысы кілегей қабатының өзгерістері. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы дигностикасы, емі
Бауырдың созылмалы аурулары
Пәндер