Аритмиялар


Slide 1

Ішкі аурулар кафедрасы

Тақырыбы:Аритмиялар.

Орындаған:Абдухалық С.

3002 топ стом. фак

Қабылдаған:Рысбеков. Е. Р.

Алматы 2010 ж

Slide 2

Жоспары

Аритмиялар

Импульс түзілуінің бұзылыстары, этиологиясы

Импульс түзілуі бұзылыстарының жіктемесі

Синустық тахикардия

Синустық брадикардия

Синустық аритмия

Синус түйінінің тоқтауы

Slide 3

Аритмиялар

Ырғақ бұзылыстарының түрлері:

Импульстің түзілу бұзылыстары

Өткізудің бұзылыстары (блоктар)

Импульстің түзілуі мен өткізудің бұзылыстары

Slide 4

Импульс түзілуінің бұзылыстары

Этиологиясы

Қозу процесінің бұзылысына алып келетін себептер:

Психогендік немесе рефлекторлық әсерлерден функциялық өзгерістері

Органикалық өзгерістер

Жүректің біріншілік аурулары

Улардың әсері

Гармондардың әсері

Электролиттік бұзылыстар

Жүректі механикалық тітіркендіру, жарақаттау

Жүректің туа кемістіктері

Slide 5

Импульс түзілуі бұзылыстарының жіктемесі:

І. Номотоптық бұзылыстар (импульстің СА түйінінде түзілу бұзылыстары) :

Синустық тахикардия

Синустық брадикардия

Синустық аритмия

Синус түйінінің тоқтауы

ІІ. СА түйінінен тыс гетеротроптық

импульстің түзілуі

Пассивті ырғақтар мен комплекстер:

Жүрекшелік

Түйіндік

Көшпелі суправентрикулалық ырғақ жетекшісі

Қарыншалық

Slide 6

Активті систолалар мен ырғақтар:

Жүрекшелік

Жүрекшелік экстрасистолия

Жүрекшелік пароксизмдік тахикардия

Жүрекшелер дірілі

Жүрекшелер жыбыры

Түйіндік

Түйіндік экстрасистолия

Түйіндік пароксизмдік тахикардия

Қарыншалық

Қарыншалық экстрасистолия

Қарыншалық пароксизмдік тахиардия

Қарыншалар дірілі

Қарыншалар жыбыры

Slide 7

Синустық тахикардия

СА түйіннің автоматизмдік қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы мин 100-ден артады, ырғағы дұрыс.

Slide 8

Синустық тахикардия мына жағдайда пайда болады:

Симпатикалық нерв жүйесі ықпалының күшеюінде

Кезбе нервісі тонусының төмендеуінде

СА түйіні жасушаларының гипоксия, ацидоз, улану немесе гипертермияның салдарынан тітіркенуінде.

Slide 9

Клиникалық көрінісі

Жүректің соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс 100-160 шамасында, ырғақты. Жүректі тыңдағанда эмбриокардия, маятник тәрізді ырғақ және І тонның күшеюі немесе жарықшақтануы естіледі.

Slide 10

ЭКГ-лық сипаттамалары:

R-R аралықтары, T-Р аралығының қысқаруы есебінен 0, 60 с кем.

P тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған, PQ аралығы 0, 12-0, 22 с шамасында.

Ұзаққа созылған тахикардия (симпатикотонияның немесе субэндокордиалбді ишемияның салдарынан) S-T аралығы қиғаш төмендеуі мүмкін.

Slide 11 Slide 12

Емдеу принциптері

Негізгі ауруды емдеу

Қою шай, кофе, алкогольді ішімділікті, өткір тағамдарды ішуді доғару, темекі тартудан бас тарту

Симпатикотонияда седативті дәрмектерді, b-адреноблокаторларды қолдану

Жүрек шамасыздығы болса, оны емдеу.

Slide 13

Синустық брадикардия

СА түйінінің автоматизмдік қасиетінің төмендеуінен болады. Жүрек ырғағы минутына 60-тан кем. Даму механизмі-трансмембраналық потенциалдың 4 фазасының баяулауы.

Slide 14

Синустық брадикардияға әкелетін жағдайлар:

Физиологиялық ваготония (тынысты тоқтатқанда, күшенгенде)

Патологиялық ваготония (ми сауытыішілік қысымының биіктеуінде)

Уланулар

Жұқпалы аурулар, холестаз синдромы

СА зақымдануына әкелетін аурулар

Slide 15

Клиникалық көрінісі

Симптомсыз немесе жүрек соғуы, жүрек тұсында салмақ сезіну байқалады. Пульс минутына 60-40, ырғақты және толық. Жүрек аса сирек соқса, онда бас миының ишемиясынан синкопальдік ұстамалар болып тұрады.

Slide 16

ЭКГ-қ сипаттамалары:

P тісше мен QRS комплекстерінің жұптасуы сақталған

R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Функциялық брадикардия болғанда атропин (1 мг) салған соң ЖСС жиіленеді.

Slide 17

Емдеу принциптері

Негізгі ауруды емдеу

ЖСС 40-тан кем болса, жүрек соғуын жиілендіретін дәрмектерді қолданады.

Slide 18

Синустық аритмия

Тыныстық және тыныстық емес түрлерін ажыратады:

Тыныстық аритмия n. vagus тонусының тыныс қимылынан өзгеріп тұруынан болады. Демді алғанда ЖСС жиіленеді, шығарғанда азаяды.

Тыныстық емес аритмия тыныс қимылына тәуелсіз, көбіне миокардтың біріншілік зақымдану сапдарынан болады.

Slide 19

ЭКГ-қ көрінісі

R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0, 15 с артық.

Тыныстық аритмияда R-R аралықтары тыныс фазасына сәйкес:демді алу кезінде қысқарады, шығару кезінде ұзарады.

Тыныстық емес аритмияда мұндай заңдылық жоқ, ең қысқа R-R аралықтан кейін ұзын R-R аралық болуы мүмкін. Оны тыныстық аритмиядан айыру үшін, ЭКГ-ны тынысты тоқтатып түсіреді.

Slide 20 Slide 21

Емдеу принциптері

Негізгі дертті емдеу

Антиаритмиялық ем, тахикардияның немесе брадикардияның басымдылығына қарай, ЖСС-на тәуелді түзіледі

Slide 22

Синус түйінінің тоқтауы

Синус түйінінің импульс түзуге шамасыздығы. Импульс болмауынан жүрек соғуы кенет тоқтайды. Бұл синус түйіні әлсіздік синдромының бір түрі.

Slide 23

Себептері:

Ауыр ваготония, каротидтік синустың аса сезімталдығы

Жүрек гликозидтерімен, антиаритмиялық заттармен улану, гипокалиемия

Жүрекшелік миокардтың зақымдануы.

Slide 24

Клиникалық көрінісі

Науқастың тағдыры СА түйіннің тоқтау ұзақтығына және латентті автоматизм орталықтарының іске қосылу тездігіне тәуелді. СА түйіннің автоматизмі мүлдем немесе өтпелі жойылады. СА түйіні мүлдем тоқтап, эктопиялық ырғаөтар шығып үлгермесе, онда науқас кенет өледі.

Slide 25

ЭКГ-лық көрінісінде ұзақ асистолиялық пауза болады.

Үзіліс кезінде түйіндік немесе идиовентрикулалық орынбасарлық систолалар немесе ырғақтар пайда болуы мүмкін.

Slide 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Б. Қалимұрзина “Ішкі аурулар” І том

С. Л. Қасенова “Ішкі аурулар”

www. google. kz


Ұқсас жұмыстар
Қарынша ішілік ырғақ
Жүрек аритмиясы
Синустық аритмия
Жүрек жеткіліксіздігі
Митралдық қақпақшаның пролапсы
Аритмияға қарсы негізгі препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері
Артериялық гипертония, гипертониялық жүрек
Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері
Жүректің созылмалы аурулары
Миокард инфаркті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz