Пандемиялық доңыз тұмауы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология кафедрасы Пандемиялық доңыз тұмауы
Орындағандар: Карибаева А
Топ: ЖМ 07-011
Тексерген:
Алматы 2010

Шошқа тұмауы деген не?

Жаңа А/California/(H1N1) грипі
Шошқа тұмауы жалпы шошқаларда кездесетін, А типті вирус жол ашатын науқас. Ауру тез тарайды. Шошқа тұмауы (swine influenza, “swine flu”), шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады.

Жаңа(пандемиялық) грипп-Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын вирустың А/California/(H1N1) жаңа типі қоздыратын, аэрогендік беріліс механизмі арқылы таралатын, негізінде ауа-тамшылы жолымен жұғатын және тұрмыстық қатынас арқылы да жұғу мүмкіншілігі бар өте контагиозды антропонозды вирустық инфекция.

Аурудың жалпы клиникалық белгілері әдетте маусымдық грипке ұқсас, бірақ күрт басталып, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуымен, дене қызуының тез жоғарлауымен, анық интоксикация белгілерімен, өкпе қабынуның ауыр түрімен, әртүрлі асқынулармен (бактериалдық өкпе қабыну, ИТШ, менингоэнцефалит, полиневрит, т. б. ) сипатталады.

Науқастану деңгейі жоғары болады, ал өлім деңгейі (%1- 4) азырақ. Ауру шошқалар арасында тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс, ауру белгісі жоқ (asymptomatic) тасымалдаушы шошқалар арқылы жұғады. Ауру шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шығады. Климаты қоңыржай аймақтарда күзде және қыс айларында артады. Көптеген ел шошқаларына жүйелі түрде дәрі егеді.

Гриптің A(H1N1) типі әдетте <<шошқа грипін>> туындатады, бірақ олардың A(H1N2, H3N1, H3N2) типтерін де жұқтыра алатыны бұрыннан белгілі. Сонымен қатар құс грипінің қоздырғышы AIV(H5N1) -мен зақымдануы ықтимал. <<Шошқа грипін>> адамнан адамға берілу қасиеті болғандықтан антропозоонозды грипп деп те атауға болады.

Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусын ортаға шығару ықтималы бар.

Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымына қарағанда Мексикада өлімге себеп болған шошқа тұмауы вирусы- A/H1N1. Осы вирус адамнан адамға жұғады. A/H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасады.
Адамға жұға ма?
Иә. Шошқа тұмауы шошқадан адамға және адамнан адамға жұғады. Вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Сондықтан Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы науқастың бақылаудан шығатын ауқымды жұқпалы ауру болатынын айтып, ескерту жасауда.


Жаңа пандемиялық грипп оқиғасының эпидемиологиялық алғышарттары, эпидемиялық процестің сипаттамасы
Эпидемиологиялық алғы шарттар:
Вирустың пандемиялық таралуы.
Осы вирусты жұқтырып ауырған диагнозы зертханалық зерттемелермен дәлелденген адамдармен тығыз қатынаста болу;
Инфекция көзі:
Гриптің жаңа типімен науқастанған адамдар(жасырын кезеңінің басы мен науқастанған уақыттың 7 -10 күн аралығында) ;
Беріліс механизмі:
Ауалы - тамшылы;
Тұрмыстық қарым - қатынас;
Беріліс факторлары: Вируспен зарарланған ауалы - тамшылы аэрозолі;
Вируспен ластанған сыртқы орта объектілері мен ластанған қол.

Пандемиялық A(H1N1) грипіне зертханалық диагноз қоюдың алгоритмі
Биоматериалды уақытша тасымалдау ортасы
Биоматериалдың қалғаны - 70 °С сақталады
Нуклеин қышқылдарын бөлу
ОТ-ПТР(нақты уақыт режимі) пайдаланып, гриптің универсалды А түрін тексеру
Теріс нәтиже
Зерттеуді тоқтатылады
Оң нәтиже
Ұлттық референс зертхана жеткізу. Пандемиялық грипті дәлелдеу үшін зерттеу

Жаңа пандемиялық гриптің стандарттық анықтамасы
Болжамалы оқиға:
Жіті респираторлық аурудың келесі симптомдары бар адам:
Тез басталуы, тамақ ауруы, диспноэ, жалпы интоксикациялық синдромдар
Ықтимал оқиға:
Бұл - гриптің А түріне оң нәтижелі тест анықталған, бірақ H1 және H3 типтеріне нақты уақыт режиміндегі ПТР теріс нәтиже көрсеткен жіті респираторлық аурумен сырқаттанған адам.
Дәлелденген оқиға:
Бұл жіті респираторлық аурумен науқастанған адамда республикалық СЭС - тің ұлттық вирусологиялық референс зертханасында аталған әдістердің бірінде дәлелденген оң нәтиже болған:
Нақты уақыт режиміндегі ПТР
Вирусологиялық әдіспен вирус бөлініп алынған.
Сынамалардағы қарсы дененің 4 немесе оданда жоғары титрі анықталған.

Адамдар үшін шошқа тұмауына қарсы вакцина бар ма?
Шошқаларға арналған вакцина бар. Алайда адам үшін әлі вакцина табылмады. Маусымдық тұмау вакциналарының шошқа тұмауына қарсы қорғап, қорғамайтыны белгісіз. Себебі тұмау вирустары өте тез өзгереді.
Ауру айтып келмейді. Осыдан бірнеше ай алдын Мексикадан бастау алған шошқа тұмауы бүгіндері қазақ даласына да келіп жетті. Бұл кеселдің Қазастандағы алғашқы белгілері (А(H1 N1) вирусы) Астана қаласынан табылды. Лондон қаласынан оралған оқушыларды тексеру барысында олардың науқастарының шошқа тұмауы екендігі анықталып, елдегі халықтың біраз әбігерге түскендігі анық байқалады. Бұл алғашқы екі-үш күннің ішінде орын алып отырған жәйт. Бұдан кейінгі жағдайдың қалай болатындығы белгісіз. Бірден ескеретін жәйт, ”Сақтықта қорлық жоқ”. Халықтың үрейін сейілту және аурудың алдын-алу мақсатында Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің директоры Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәлихатында аурудың тез таралуын болдырмас үшін халықты сақтық шараларына баса назар аударуға шақырды. Мамандардың берген кеңесіне жүгінсек, ауруды жұқтырмаудың, одан сақтанудың қарапайым жолдарына дәкеперде тағып жүру мен Оксолин майын (мазь) пайдалану жатады екен.


Шошқа тұмауы Қазақстанға енді ғана жеткенімен, әлемнің басқа да елдерін о бастан-ақ дүрліктірген болатын. Қазіргі кезге дейін ауруға қарсы күрес шаралары мен науқастардың емделуіне бөлінген қаржыда есеп жоқ болар. Алайда, әлі күнге дейін аурудан құлан таза айығып отырған ел жоқ болса керек. Күннен-күнге ауруға шалдыққан науқастар мен аурудың таралу аумақтары да көбейіп келеді. Сондықтан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы шошқа тұмауы құс тұмауына қарағанда жаппай таралып, әлем бойынша қауіп тудырып отырғандығын айтты.
Қазақстан үшін аурудың таралуына жол бермеу мен науқастарды дер кезінде анықтап, ауруға қарсы күресу міндеті тұрғаны анық. Алайда, ол іс-шараларды атқаруға арнайы мамандар мен санитарлық-эпидемиологиялық департаменттердің қауқары жете ме? Аурға қарсы дәрі-дәрмек мәселесі қалай шешілмек? деген күрмеуі қиын мәселелер тұр.

Диагноз қою әдістері:
Вирусты детекциялау:
ИФМ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz