КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ ТУРАЛЫ




Презентация қосу
КОМПЬЮТЕРЛІ
К ЖЕЛІ
Компьютерлік желі дегеніміз –
ресурстарды (дискі, файл, принтер,
коммуникациялық құрылғылар)
тиімді пайдалану мақсатында бір –
бірімен байланыстырылған
компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желі жұмыс істеу
принципіне, аппараттық және
программалық қамтамасыз
етуіне байланысты жергілікті
(ЖКЖ) және аумақты (АКЖ)
компьютерлік желі болып
бөлінеді.
Жергілікті желі шектеулі
аймақтағы (бір бөлмеде, бір
мекемеде, зауыт немесе бекетте
т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп -
өндірістік процестерді
автоматтандыру, әр түрлі
құжаттарды жедел өңдеу.
• Егер жалпы желіге бір-бірінен
айтарлықтай қашықтықтағы
компьютерлер немесе жергілікті
желілер біріктірсе, онда мұндай
құрылымды таратылған немесе
аймақтық желі деп атайды.
Қазіргі кезде ірі компьютерлік
желілер саны жүздеген
мыңдармен есептеледі.
Компьютерлердің бір бірімен байланысының геометриялық
схемасы топология деп аталады.
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш
түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі
адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге)
қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік
құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде
тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс
станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек
адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған
коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық
мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның
артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған
сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп
барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті
компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның
кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысты бұзады.
Сақиналы топология
Жұлдыз тәрізді
топология
Шиналық топология
Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша
таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін
жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет
желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған
пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.
Желідегі компьютерлер жұмысын программа
басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір –
біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды
араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір
тілмен – ортақ ережемен байланыс жасау қажет.
Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп
аталады.
Internet Explorer программасы Web – парақтарды қарауға
арналған. Ол бейнелейтін ақпараттың дыбыстық және
бейнесөйлемдеулерімен қоса Web – парақтарды
құрастырушылар жинақталған барлық жаңа
мүмкіндіктерді қамтиды. Internet Explorer
программасымен танысу үшін компьютерде Интернетпен
байланыс орнатылуы тиіс.
Электрондық пошта
Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға
ұқсас болғандықтан. Оның жұмыс істеу принциптерін
меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза
қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар
(хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер,
бейнелер жөнелтіледі. Бұл – байланысқа бірқатар шектеулер
қоя отырып, электрондық алмасудың кәдімгіге қарағанда
бірқатар айырмашылықтары бар екендігін білдіреді. Осы
себерті де электрондық поштаны планетаның бүкіл
аймағында бар пошталық қызметтің баламасы (альтернативі)
деп қарастыруға болмайды. Тек байланыстың бір түрін
басқасымен толтыру деп айтуға болады.
Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды.
Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:
Тұтынушы_аты@домен_аты(мысалы, intkaz@ok.kz) “@” –
символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып туратын
белгі.
Домен – компьтерлік желідегі логикалық түрде
біріктірілген серверлер мен қорлар (ресурстар) тобы. Бір
компьютермен басөарылатын немесе желідегі бір жұмыс
станциясының басшылық етуімен істейтін ақпараттық желі
қорларының тобы.
Домен аттары:
kz – Қазақстан com- комерциялық ұйым
ru-Ресей org-мекемелер сайты
uk- Ұлыбритания gov- мемлекеттік ұйымдар
сайты
ua- Украина edu-білім мекемелер сайты
de-Германия mil-әскери ұйымдар сайты
fr- Франция net-желіні басқару мекемелер
сайты
jp- Жапония
HTML тілінің негіздері
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web –
парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да
HTML де жазылған. HTML тілінде Web – парақтар жасау
программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым
программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу
тілі.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында
ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін.
Ол мітін ішіне мәтін сурет, дыбыс енгізу, мәтінді
безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы
құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте
ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желі. Интернет туралы негізгі түсінік
Желілер туралы жалпы ақпарат. Жаһандық және жергілікті желілер
Жұлдыз топологиясы
Компьютерлік желілер жайлы
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Глобал компьютер желісі
Компьютерлік желі түрлері
Компьютерлік желі түсінігі
Желінің қауіпсіздігі
Компьютерлік желілер
Пәндер