Картоп




Презентация қосу
Картоп.

Оындаған:Елшібаева М.Қ.
ПВ-305
Тексерген:Оразбаев С.Ә.
а.ш.ғ.д профессор
Халық шаруашылығындағы маңызы,таралуы,өнімі

Картоп жан жақты пайдаланатын маңызды ауыл
шаруашылығы дақылы.Түйнегінде 25% құрғақ зат,14-22%
крахмал,1.4-3% белок,1% клетчатка,0.2-0.3% май,0.8-1%
күл болады.Картоп түйнегінде бағалы дәрумендер
аскорбин қышқылы,В,А,РР,К дәрумендер тобы мен
минералды тұздардың маңызды көзі.Біздің елімізде
тағам,тігін,қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті
крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып
табылады.Картоптың агротехникалыық және
агроэкономиеалық маңызы зор.Отамалы дақыл ретінде ол
көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы
дақыл.Шыққан тегі Оңтүстік Америка.
Ботаникалық сипаттамасы.

Картоп алқа тұқымдасына
жатады.Оны вегетативті
түрде және тұқыммен
көбейтуге болады.Жер
асты сабағының ұштары
жуандап түйнекке
айналады.Картоп бұтасы
бірнеше сабақтардан
құралады.Өсімдігі
қосжарнақты,әлсіз
дамыған тамыр жүйесін
қалыптастырады және
топырақтың 60 см
қабатында орналасқан.
Сорттары.

Пісу мерзімінің ұзақтығына байланысты ерте
піскетіндер(50-60 тәулік),ортадан ерте пісетіндер (60-
80),орташа мерзімде пісетіндер(80-100),ортадан кеш
пісетіндер (110-120),кеш пісетіндер (125 тәулік және одан
жоғары).Сорт неғұрлым кеш пісетін болса соғұрлым оның
потенциалды мүмкіндігі көп.
Ботаникалық ерекшеліктері.

Картоп жылу сүйгіш өсімдік.Температурасы 3-5
С төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне
бастайды.Картоптың сабағы мен жапырағының
өсуіне қолайлы температура +5-6 С.Олардың
максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22
температурада байқалады.Өсімдіктің толық
дамуына қажетті биологиялық белсенді
температура жиынтығы 1400-1600,орташа
мерзіме пісетін сорт үшін 1600-1800,ортадан
кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-2200
аралығында,ал негізінен 1600- 2600 дейін өзгереді
Картоп плантациясын дұрыс орналастыру.

Суармалы жағдайда өсірілетін картоп үшін
мынадай ауыспалы егіс ұсынылады.
1.Көп жылдық шөптер-картоп-тамыржемістер-картоп
2.Бір жылдық шөптер-картоп-жүгері-картоп
3.Жүгері-картоп-тамыржемістер-картоп
4.Қырыққабат-картоп-қияр-картоп-пияз-картоп
Тәлімі (суарылмайтын) жерлерде
1.Ықтырмалы сүрі жер-картоп-бидай
2.Ықтырмалы сүрі жер-картоп-сұлы +бұршақ
тұқымдастардың қоспасы-картоп
3.Ықтырмалы сүрі жер-картоп-жүгері-картоп
Картоп плантациясын орналастыру
Топырақ өңдеу жүйесі.

Толыққанды егін көгін алу, пәрменді өсу және даму,
қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа
борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет.Борпас топырақтарда
минерализация үрдісі қарқынды жүреді,соған сәйкес
сіңімді қоректік заттар мол жиақталады.Тығыз
топырақтарда тамыр нашар және беткі қабатта ғана
дамиды,әлсіз дамыған тамыр жүйесі өсімдіктерді
ылғвлмен қамтамасыз ете алмайды.Топырақ өңдеу
нәтижесінде брпыс құрылым ғана
жасалмайды,арамшөптер,аурулар мен зиянкестердің
жойылуына алғы шарт жасалады,егіс паясы ,органикалық
және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі.
Картоп егістігін күтіп баптау.

Ерте кезде жүргізілетін ең қарапайым және
тиімді күтім әдісі картоп көгі шыққанға дейін
және ол шыққаннан кейін алқапты тырмалау
болып табылады.Тырмалау отырғызғаннан кейін
5-6 күннен соң кіріскен дұрыс.Тегіс алқаптарға
отырғызылған картопты отырғызу бағытына
көлденең немесе айқыш ұйқыш қылып
тырмалайды.Қырқаларға отырғызылған картопты
қырқалар бойымен тырмалайды,кейде қырқалар
бағытына қарай тістері майыстырылған тырмалар
да пайдалануға болады.
Назар салып
тыңдағандарыңыз
үшін рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Картоп ісігі
Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі Corynebacterium sepedonicum (Spiek. et Kotth.) Scapt. et Burkh
Картоп өсіру және сақтау технологиясы
КАРТОП ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ КАРАНТИНДІ АУРУЛАРЫ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРІ
Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы және таралуы
Картоп зиянкестерімен күресу шаралары
Картоп. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Картоптың алтын түсті нематодасы
Картопты тасымалдау ерекшеліктері
КАРТОПТЫҢ САБАҚ НЕМАТОДАСЫ
Пәндер