Пародонт ауруындағы иммунологиялық аспектілері




Презентация қосу
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина Университеті

Пародонт ауруындағы иммунологиялық аспектілері .

Орындаған: Шулгаубаева.И.С
Факультеті: Тіс емдеу
Тобы: 301
Қабылдаған: Қалихан . Ж.Қ.

Алматы 2010.
Жоспар:
• Пародонт құрамы
• .Пародонттың негізгі
белгілері
• Пародонттың қызметтері
• Парадонт ауруын таралуын РМА идексі
бойынша анықтау
• Парадонт тіндерінің таралу жиілігін
бағалау үшін КПИ индексі
бойынша анықтау
• CPITN-индексін анықтау
Пародонт-қабыну қызыл иектен
басталып,төменгі эпителий асты тіндерге және
тіс ұяшықтары сүйектеріне өтеді, кейде оларды
бұзады,қабындырады.
• Пародонт құрамына тіс аймағындағы анатомиялық
құрылымдар:қызыл иек,оның үстін қаптап тұрған
көп қабатты жалпақ түлемейтін
эпителий,периодонт (тісті қаптап тұратын
талшықты дәнекер тіндер),тіс ұяшығының
сүйектері кіреді.Қалыпты жағдайда қызыл иекті
қаптаған көп қабатты жалпақ эпителий
жасушалары (10-20 қабатты) тіс мойнында
эмальмен тығыз байланысып,микробтарға және
басқа патогенді факторларға
(уларға,ферменттерге ) әжептәуір бөгет болып
тұрады.Осы жердегі сілекей бездерінің сұйықтығы
да бактерияларға қарсы тұру қасиетеріне ие.
• Пародонттың негізгі белгілері:
• Аурудың тұңғыш клиникалық көрінісі тіс
маңайындағы қызыл етке қан құйылу үрдістері
ұзақ уақыт,тіпті бірнеше жылға созылады.
• Қызыл ет пен тіс арасында тереңдігі әр түрлі
қалта пайда болады.Қалталардың ішіндегі
экссудатта микробтар болады.
• Қызыл еттің серозды, некрозды немесе
пролиферативті қабынуы гингивит байқалады.
• Рентген көріністе тіс ұяшықтарының аралық
сүйектерінде деструктивті өзгерістер көрінеді.
• Қабыну және деструктивті
үрдістердің күшеюіне
байланысты түрлі
клиникалық
симптондар:тістердің
босап қалуы,қақсап
ауруы,істен шығуы,тіс пен
қызыл етінің түрлі
зақымдануы ауру адамды
мазалайды. Тіс ұяшықтары
• Қалталанып іріңге толған
көріністі альвеолярлық
пиорея деп атайды.
Пародонт науқастарының шығуына мынадай
себептердің әсері бар:

•Жақ сүйегіндегі тістердің жиі немесе сирек
орналасып, олардың бір-бірімен
үйлеспеуі , қисайғаны.
• Ауыз қуысында тістерге деген қолайсыз
жағдайлардың пайда болуы.
• Бет құрылысындағы анатомиялық
ауытқушылықтардың болуы.Мысалы, бұлшық еттердің
жақ сүйектеріне дұрыс бекімеуі.
• Кәмелетке жетер кезіндегі ішкі секрет бездерінің
гормондары ауыз қуысындағы мүшелерге зиянды әсер
етуі және ағзаның дертке деген төзімділігінің әлсіреуі.
• Ауыз қуысында микробтардың көбеюі.
• Пародонттың қызметтері:
• Барьерлік
• Трофикалық
• Серпінділік
• Пластикалық
• Қорғаныстық
• Барьерлік қызметі-бұл қызмет пародонт сау
кезінде толық атқарылады және келесі
факторлармен қамтамасыз етіледі:
• Қызыл иектің мүйізделуі (пародонтоз кезінде бұл
фактор бұзылады).
• Коллаген талшықтарының ерекше орналасады.
• Қызыл иектің тургоры.
• Барьерлік қызметінің атқарылуы одонтогенді
инфенция кезіндегі синсибилизацияны алдын алады.
• Сілекейдің анти бактериальды қызметі
( лизоцим,лактоферрин, муцин, биологиялық активті
заттар, иммуноглобулиндер).
• Қызыл иек сұйықтығының құрамы.
Пародонт ауруының Қазақстанда
кездесу жиілігі
• Трофикалық қызметі-бұл ең басты қызметінің
бірі және кең тараған.Капиллярлар торы мен нервті
рецепторлар қамтамасыз етеді.Бұл қызмет көбіне
қалыпты микроциркуляцияға байланысты.
• Шайнау қысымының рефлекторлы регуляциясы. Бұл
қызмет пародонттағы көптеген нерв
талшықтары рецепторлар арқасында атқарады.
И.С. Рубинов пародонто-мускульды рефлексының
жолын көрсеткен.Ол шайнау мускулатурасының
жиырылуын реттейді.
• Пластикалық
қызметі-патологиялық
және физиологиялық
процесстер кезінде жоғалған
тіндердің регенирациясы.
Осы қызмет
цементобласттар мен
остеобласттардың жұмыс
атқаруына байланысты.
Фибробласттар және де
тағы басқа жасушалық
элементтер анықталған
рольді атқарады.
• Серпінділік қызметі-
коллагенді және эластикалық
талшықтары
атқарады.Периодонт байламы
тіс альвеоласының тіндерін
шайнау кезінде қорғайды,ал
жарақатталғанда
периодонттың қан
тамырларымен нервті де
қорғайды.Тінаралық
тесіктермен жасушалардың
сұйық және коллоидты құрамы
серпінділік механизміне
қатысады.Пародонттың
барлық қызметтері бір-бірімен
тығыз байланыста.
Парадонт ауруын таралуын РМА идексі бойынша
анықтайды.Р-дегеніміз латынша paradont-емізік
яғни қызыл иек деген сөздің бас әріпі,М-
дегеніміз ол емізіктің бір шетін,
А-дегеніміз алвеоларлық осіндіні жауып
тұратын кілегей қабатты білдіреді .РМА индексін
анықтау үшін құрамында йоды бар Шиллер-
Писарев ерітіндісімен тіс жанындағы емізікті,
қызыл иекті оның шетін және кілегей қабатты
бояу керек.
Егер йод ерітіндісі жағылған
кезде емізік тұрған жері ғана ,
яғни тістің айналасы боялса ,
онда 1- балл беріледі , ал
осымен қоса қызыл иектің шеті
боялса , онда бұл
жағдай 2-балл,
3-деген балл қызыл иектің
тұтас боялғанын көрсететін
белгілер.
РМА индексінің жиілігін және оның дәрежесін
мына кестеден көруге болады .

Процент Бағасы,
бойынша дәреже бойынша
таралуы
0,0-20% Төмен

21-51% Орташа

51-100% Жоғары
Парадонт тіндерінің
таралу жиілігін
бағалау үшін П,А Леус
КПИ деген индексті
ұсынды.
Ол К-дегеніміз
комплексті жан -жақты
тексерістің
қорытындылары деген
ұғымды береді,
П-перидонтал, яғни
қызыл иек
маңайындағы қабыну
индексі деген сөз .
КПИ көрсеткіштері және оның бағасы (П.А Леус боиынша)

КПИ-индексінің Бағасы
көрсеткіштері
1. Қызылиекте ешнәрсе жок болса 0
2. Тіс қабыршағы болса 1
3. Қызыл иектің тісті қоршаған 2
кілегеи қабатынан
қан ақса
4. Тістің бетінде тас болса 3
5. Тістің айналасында кілегей 4
қабаттың қалтасы болса
6. Тіс қимылдап босаса 5
КПИ индексінің көрсеткіштері
балалардың жасына
байланысты әртүрлі болады;
егер баланың жасы 3-4 те
болса , онда ол 51 55 65 71
75 85 тіс маңайында ; 7 мен
14 жастың арасында болса , 11
16 26 31 36 46 тіс
маңайында ; ал 15 жастан
асқандарда
11 , 16-17 , 26-27, 31 , 36-37 ,
46-47 тістердің жанында
анықталады.
Парадонт (қызыл иектің қабынуы) науқастарының КПИ
индексімен есептегендегі көрсеткіші және оларға берілген
баға.

КПИ көрсеткіштері Бағасы

0,1-1,0 Қауіпті парадонт ауруы шығуы
мүмкүн

1,1-2,0 Жеңіл науқас

2,1-3,6 Орташа науқас

3,6-5,0 Ауыр науқас
CPITN-индексін анықтау үшін жоғарғы
және төменгі жақтың 6-топ
(17/16,11,26/27,37/36,31,46/47)тістерін
аламыз . Егер осы көрсетілген
тістердің біреуі жоқ болса, көршілес
тісті аламыз . Пародонт тіндерін
қанағыштығын тексеру үшін
зонттау әдісін , қызыл иек үсті және
қызыл иек асты тіс тастарын,
патологиялық қалтаны тексеру
арнайы зондпен жүргізіледі.
Тексеру кезінде
парадонтальды зонд
ауырлығы 25 грамм нан
артық болмауы
керек.Қанағыштық
көрсеткіші зондтау
кезінде немесе
зондтаудан кейін 30-40
секундтан кейін
көрінеді.
CPITN индексінің көрсеткіштері және олардың бағасы.

№ Көрсеткіштер Бағасы

1. Аурудың белгісі жоқ 0

2 Қызыл иектен қан ағады 1

3 Тісте тастар бар 2

4 Тісте ұзындығы 4-5 мм қуыс қалта бар 3

5 Тісте ұзындығы 6 мм қуыс қалта бар 4
Қорытынды:

Пародонт ауруынан сақтану.Пародонт ауруынан сақтану үш түрлі
негізгі кезеңдерден құралады.
1.Бірінші дәрежедегі сақтандыру шаралары:
А) гигиеналық ережелерді оқыту
Б) сапалы және құнды тамақтану
В) уақытында тіс дәрігерлеріне барып емделіп тұру
2.Екінші дәрежедегі сақтандыру шаралары:
А) гигиеналық ережелерді оқыту және оны сақтау
Б) жарақаттан сақтану
В) денсаулықты сақтау және дер кезінде профилактикалық
тексеріс рентгеннен өту
3.Үшінші дәрежедегі сақтандыру шараларына барлық хирургиялық ,
терапевтік және ортопедтік емдеулер жатады.
Индекстерді пайдаланғанда ең тиімдісі РМА немесе CPITN индексін
қолданған тиімді.

Ұқсас жұмыстар
Пародонт ауруларының иммунологиялық аспекттері
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Шашыранды склероз
Терапевт консультациясы
Пародонт тіндерінің зақымдалуының таралуы мен қарқындылығын бағалау
Некробактериоз ауруына сипаттама
Тұлға психологиясы бөлімі
Фалло тетрадасының визуальді диагностикасы. Электрорентгенография
Терапиялық стоматология
ТІС ЖЕГІ ҚУЫСТЫ ЕГЕЛЕУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ЭНЕРГИЯЛЫ ЛАЗЕР СӘУЛЕСІН ҚОЛДАНУ
Пәндер