Азаматтық қарым- қатынасты реттейтін құжат Түйіндеме



Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжат Түйіндеме

Түйіндеме
(фр. тілінен алынған термин) “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді.

Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу.
Түйіндеменің ерекшелігі-үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!
Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.
Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.

Түйіндемеге қатысты қалыптасқан негізгі көзқарастар:
1 пайым: Түйіндемеде бұрынғы қызмет орындары мен ол жерде атқарған міндеттер түгел тізіліп көрсетілуі керек.
2 пайым: Түйіндемедегі «мақсат» деген бөлімнің қажеті шамалы.
3 пайым: Басшылар әдетте ұзын-сонар түйіндемелерге назар аударады.
4 пайым: Еңбегіңіздің құнын қаперіңізден шығармаңыз.
5 пайым: Түйіндемемен бірге кепілхат пен оны ұсынушылар туралы мәлімет қоса тіркелуі қажет.

Хронологиялық тәсіл - алдымен қазір істеп жүрген жұмысынан бастап, кейінгі қызметтерін жазады.
Функционалдық тәсіл - жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі. Сонынан білімі жайлы мәлімет беріледі.
Түйіндеме жазудың екі тәсілі бар:

Түйіндеме құрылымы:
1. Құжат аты;
2. Ізденушінің жеке басы туралы мәлімет;
3. Ізденушінің мекен-жайы;
4. Түйіндеме авторы үміттеніп отырған вакансия;
5. Істеген жұмыс орны мен оқыған оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы көрсетілген негізгі мәтін;
6. Қоғамдық, кәсіптік т. б. жұмыстары туралы қосымша мәлімет;
7. Кейбір қосымша мәліметтер(шет тілдерді, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндігі т. б. ) ;
8. Жеке бас қасиеттері;
9. Кепілдеме(жұмыс орнынан не жеке адамның атынан алынған) ;
10. Күні;
11. Ізденушінің қолы.

Түйіндемеде не туралы жазбау керек?
Түйіндемеңізге мыналарды қосудың қажеті жоқ: Өзіңіздің барлық еңбек тарихыңызды; Потенциалды жұмыс берушіңізді; Соңғы 3-5 жұмыс орныңыз; Дене бітіміңізді; Фотосуретіңізді; Жұмыстардан кету себептеріңізді; Жалақыға деген талаптарыңызды; Рекомендация берген адамдардың аты-жөні (бұл тізімді дайындап қойыңыз, сұхбаттасу кезінде керек болуы мүмкін) .

Түйіндеме қандай болу керек?
Түйіндемені жазу стильіне қойылатын негізгі талаптар: қысқа; нақты; белсенді (ешқашанда қатыстым, көмек көрсеттім және т. с. с. деп жазбаңыз. Бұл сіз бір реттік қызмет көрсеткен деп ойлауға мүмкіндік береді) ; шындық.

Түйіндеме жазуға қойылатын негізгі талаптар:
► «ТҮЙІНДЕМЕ» сөзі парақтың аталуында жазылмайды;
► ақпараттың барлығы, қажет болға жағдайда, дәлелденуі тиіс;
► түйіндеменің көлемі А-4 парағында екі беттен аспауы тиіс;
► түйіндеме оқуға оңай және грамматикалық қателер болмауы тиіс;
► түйіндемеде қандай да бір аббревиатураларды немесе арнайы терминдерді қолданбаған дұрыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz