АНТИБИОТЕКТЕР




Презентация қосу
Антибиотиктер өндірісі
Антибиотик туралы мәлімет. Антибиотиктер (антибиотиктік заттар) организмдердің
әр түрлі топтарынан (бактериялар, саңырауқұлақтар, жоғары сатыдағы өсімдіктер,
жануарлар) түзіледі. Алғаш рет А.Флеминг (1881-1955) шотылант микробиологы
антибиотиктерді ашты және оны медицинада кеңінен қолдана бастады.
Ғылыми әдебиетке антибиотик терминін 1942ж. Ваксман енгізген болатын. Бұл термин
атының сөзбе–сөз аудармасы (тіршілікке қарсы) тек ғылыми лексиконға емес, күнделікті
қолдануға енгізілді.
Антибиотиктер – организмнің тіршілік етуге қабілетті арнайы өнімі немесе олардың
модификациясы микроорганизмдердің белгілі тобына (бактериялар, саңырауқұлақтар,
балдырлар, протозда) қарағанда жоғары физиологиялық активтілікке ие. Антибиотик
вирустың немесе қатерлі ісіктің өсуін толығымен жойып жібере алады немесе тежей алады.
Антибиотикпен емделгенде адамда қабылдау мөлшерін аз мөлшерде қолдану және олардың
арнайы биологиялық әсер етуі болып табылады.
Көрсетілген өнімнің алмасу ерекшелігі мынада: біріншіден, антибиотиктер тіршілікке
қажетті, мысалы спирттер, органикалық қышқылдар, кейбір тағы басқада өсуіне әсер ететін
микроорганизмдердің түрлері, сондай -ақ жоғарғы биологиялық активтілікке ие. Осылай,
грам оң бактерияларды (микрококка, стрептококка, диплококка т.б.) бәсеңдету үшін
эритромицин антибиотигінің минималды концентрациясының, не бәрі 0,01-0,25мкг/мл ғана
қажет. Осындай аз концентрациясы бар спирт немесе органикалық қышқылдар
ингибирленетін бактерияға ешқандай әсер ете алмайды. Екіншіден антибиотиктік заттар
биологиялық әсер ету әрекетін таңдайды. Бұл организмдердің бәрі антибиотикпен байланыса
отырып, оның әрекетіне сезімтал бола бермейді. Осыған байланысты микроорганизмдер екі
топқа бөлінеді: антибиотикке сезімтал және оларға резистентті (берік) болып.
Кейбір антибиотиктер микроорганизмдердің аз түрінің өсуін тоқтатады, өзгелері
микроорганизмдердің көп түрінің өсуін тежейді. Осы ерекшелігіне байланысты
антибиотиктерді екі топқа бөледі: биологиялық әрекетке кең спектрлі антибиотиктер, қысқа
спектрлі әрекет ететін антибиотиктер. Бірінші топқа, яғни кең спектрлі әрекет ететін
антибиотиктерге бензилпенициллин (пенициллин G), новобиоцин, гризеофульфин және
басқа антибиотиктер, түрі азырақ бөлігін және өсуі шектелгенді бәсеңдететіндер немесе
сезімтал микроорганизмнің штамы жатады.
Өнеркәсіптік жағдайда антибиотиктердің пайда болуы
Антибиотикті өнеркәсіптік жағдайда биологиялық синтез нәтижесінде алу,
биологиялық синтез нәтижесінде антибиотиктік заттарды өнеркәсіптік жағдайда алу немесе
осы физиологиялық активтік қосылыстың биосинтез процесіндегі молекуланы химиялық
модификациямен алу.
Өнеркәсіпте шығарылатын антибиотиктің продуценті болып бактериялар,
антиномицеттер және мицелиялы саңырауқұлақтар жатады.
Бактериямен, актиномицетпен, мицелиялы саңырауқұлақтармен пайда болатын
организмнің әртүрлі топтары антибиотиктер деп аталады.
Бактериямен пайда болатын антибиотиктер
Бактерия тектес антибиотиктердің шамамен 600-ге жуығының аты бар, ал бірақ-та
өндіріп шығарылатыны бірнешеу – ақ. Солардың ішінде атап айтсақ грамицидин С.
Грамицидин – спора түзетін топырақта тіршілік ететін Бациллус бревистен алынған, оны
Bacillus breuis var пайда болатын «С»грамицидин антибиотигі деп атаған. Ол
стафилококтарға, стрептококтарға, пневмококтарға жойқын әсер етеді. Полимиксиндер
продуценті болып Bac. polymyxa және Bac. circulans саналады; бацитрациндер Bacillus
licheniformus синтезделуші; низиндер Streptococcus lactis культурасын продуцирлейді.
Бактерия тектес антибиотиктердің ерекшеліктері болып саналады, олар өзінің
химиялық құрылысына қарай полипептидке (сызықты немесе циклді) жатады және төмен
молекулалы ақуыздарға жатады. Бір продуцент даму процесінде химиялық құрамы бойынша
антибиотикке жақын бірнешеуі түзілуі мүмкін. Сондықтан антибиотиктер тобымен жұмыс
жасайды, бактериямен синтезделетін: грамицидиндер, олардың бес формасы белгілі (А ,В,СD,
(S,) D), амин қышқылының құрамымен ажыратылатын; полимиксиндер 22 формасы
қосылады, соның ішінде А1, А2, В1,В2, D2, Е1 (колистин А) Е2,(колистин В), М, Р1, Р2)
полимиксин құрамына аминқышқылымен диаминмайы және метилоктан (метилгептан)
қышқылы кіреді. Бацитрациндер 10 жеке антибиотикпен қосылады (А, А1,В,С,D, Е,F1,F2, F3
және G). Сүт қышқылды стрептококкпен пайда болатын, жеті негізгі ақуыз құрамына
кіретін низин. Бірақта ол биологиялық активтілікті ғана тудырады.Низин стрептококкамен
синтезделетін негізгі ақуыздың барлығының шамамен 20 % құрайды.
Актиномицетпен пайда болатын антибиотиктер
Медициналық және мал дәрігерлік практикада антибиотиктердің басым көпшілігі
актиномицеттерден алынады. Антибиотиктердің басым көпшілігі іс жүзінде кеңінен
қолданылатын, биологиялық активті қосылысқа ие, актиномицеттің көмегімен өндірісте
шығарылатын антибиотиктердің көп бөлігі алынады.Бұл антибиотиктік затқа бір қатар
қосылыстардың тобы жататындар, олар химиялық құрылысы әр түрлі болатын және
биологиялық әсері кең спекторда болатын.
Актиномицеттік антибиотиктің бұл тобына кіретін молекула гликозид байланысы бар:
стрептомицин, Streptomуces griseus пайда болатын; неомициндер продуценті болып
Streptomуces fradiea, Str. albogriseolus саналады, канамициндер продуценті болып Str.
Кanamyceticus пайда болатын; гентамициндер Micromonospora purpurea пайда болатын;
фортимициндер тек фортимициннің өзіне ғана жататын Micromonospora olivoasterospora
пайда болатын; спорарицин продуцирлеуші Saccharopolyspora hisula subsp kobеnsis болып
саналады; саннамициндер продуценті болып Str. Sannanensis саналады және кейбір басқа
заттар.
Стрептомицин – актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген
микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар.
Пенициллинге қарағанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол жасушадағы тотығу
процесін шапшаң тоқтатады.
Стрептомицин тұз және күкірт қышқыл тұздары түрінде өндіріледі. Медицинада бұл
антибиотиктің аса тиімді екені толық дәлелденді.
Антибиотиктер әрқайсысы жеке микробтарға ғана әсер етеді.
Мутанты штамдар Str. aureofacien механикалық процестің бұзылуымен метилді топты
тасмалдауда, метил тобының 6 жағдайын құрамайтын тетрациклин антибиотигін
синтездеуі мүмкін. Мұндай антибиотиктер диметилхлортетрациклин және
диметилтетрациклин деп аталады. Деметил қосылысы бастапқы штамның Str. aureofaciens
даму процесінде алынады. Бұл үшін ортаға актиномицетті культивирлеу үшін
метил тобының негізгі доноры тетрациклин молекулалары (этионин,
D- норлейцин , D-метионин ) метилин антиметаболиттерді қосу керек.
Антибиотик биосинтезі (2-ші саты)
Биосинтез стысы, антибиотикті алу процесіндегі негізгі биологиялық саты болып
саналады. Оның мақсаты антибиотиктің продуценті антибиотик биосинтезінің максималды
деңгейін қамтамасыз ете алатындай жағдай жасау. Биосинтез сатысының эффективтілігі
антибиотиктің түзілу деңгейіне байланысты, ол организмнің генетикалық ерекшелігімен,
қоректік орта құрамымен, продуценттің даму режимімен анықталады. Сондай-ақ ол
антибиотик заттардың максималды түзілу уақытына, орта компоненттерінің құнына тағы сол
сияқтыларына байланысты.
Микробиологиялық өндірістің қазіргі даму жағадайындағы тиімді әдісі,
антибиотиктердің микроорганизм – продуценттерін немесе басқа да биологиялық активті
қосылыстарын өсіретін түптік культивирлеу әдісі болып отыр. Антибиотик өндірісінде
микроорганизм-продуценттін немесе биологиялық активтік затты культивирлеуде үздіксіз
және периодты әдіс қолданылады.
Ферментерлер. Өндіріс көлемінде антибиотиктерді алу үшін герметикалық жабық
арнайы ыдыстар немесе микроорганизм-продуценттерін түптік культивирлеуді қамтамасыз
ететін ферментерлер қолданылады.
Ферментер – антибиотикті өндірістік масштабта алуға арналған продуцентерді түптік
культивирлеуге арналған арнайы герметикалық жақсы жабылатын аппарат.
Антибиотик продуцентін түптік әдіспен өсіруге арналған ферментер:
1-аппараттың корпусы; 2-жылуалмастырғыш; 3-термометр гильзасы;

4-барбатер; 5-валды орталықтандыруға арналған тартпа;
6-араластырғыш вал; 7- табаншалы араластырғыш ; 8-ферментер
тіреуі;
9-валдың біріктіргіш муфтасы; 10-араластырғыштың жетегі; 11-мотор.
Антибиотикті бөлу және тазарту (4-ші саты)
Антибиотиктің түзілу процесінде культуральды сұйықтықта қолданылмаған
ортаның компоненттері бөлінеді, әртүрлі зат алмасу өнімдері бөлінеді, ол жасушаның
автолиз өнімімен байытылған. Қоспаларды бөліп алу антибиотиктерді химиялық
тазартудың бірінші және маңызды сатысы.
Химиялық тазартуда бірқатар процестер қосылады: антибиотиктердің дайын
тазартылған препаратты кепкенше нативті ерітіндіде өңдеу. Бұл сатыда антибиотиктің
қасиетіне, оның химиялық құрылысына және негізгі жиналу орнына байланысты бөліп
алу және тазарту әдісі қолданылады. Негізгі әдіс есебінде экстракция, тұндыру, ион алмасу,
материалдарды сорбциялау, булау мен кептіру қолданылады.
Экстракция әдісі.Антибиотикті әртүрлі қоспалардан тазарту мақсатында оны
бірнеше еріткіштен, екіншісі еріткішке ауыстыру перекристаллизация алдын – ала
тұндырумен жүргізіледі. Мұндайды перекрисаллизация деп атайды.
Ион алмасу сорбциясы. Бұл әдіс тиісті ион алмасу шайыры бар түтік арқылы
химиялық табиғаты бойынша қышқылдар, негіздер немесе амфотерлі қосылыстар болып
табылатынан, антибиотиктердің сулы ерітіндісін өткізеді, сол кезде олар түтіктегі
шайырға сорбцияланады, ал кері зарядты бір бөлігімен ион алмасу шайыры арқылы
қайта өткізіледі. Мұндай кезде қоспа шайырда тұнады, ал ерітінді тазартылған
антибиотик түтіктен шығып кетеді.
Тұндыру әдісі. Тұндыру әдісі антибиотиктерді органикалық немесе неорганикалық
заттармен тұнбаға түсетін қоспаны бөліп алу мақсатымен байланыстыру
негізделген.Алынған тұнбаны фильтрмен центрифугирлеумен нативті ерітіндіден бөліп
алады, жуады және кептіреді, содан кейін пайда болған қоспаны ыдыратып, антибиотикті
экстрагирлейді немесе қайта тұндырады (кристаллиздейді). Антибиотикті химиялық
тазарту әдісі концентрлеу болып саналады, демек жоғарғы вакууммен, ерітіндінің үлкен
бөлігін айдау жолымен орындалады.
Қолданылатын бөлу әдістері мен химиялық тазарту, сондай-ақ құрал – жабдықтар
мен қолданылатын реактивтердің сапасы өте маңызды, ең алдымен алынатын
антибиотиктің сапасын және оның шығымын арттыру үшін қажет.

Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі топтың өкілдері
Антибиотик түрлері
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕДИЦИНА МИНИСТРЛІГІ АКАДЕМИЯСЫ
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Жұқпалы ауруларды емдеу
Гликопептидті антибиотиктер
Антибиотиктер өндірушілер
Антибиотиктер. Медицинадағы маңызы
Стрептомицин өндірісі
Пеницилин тобының антибиотиктері
Пәндер