Мінездеме жайлы




Презентация қосу
Мінездеме
Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым,
бірлестік, оқу орындарында белгілі
бір адамды өмірбаяндық,біліктілік,
кәсіптік, адамшылық тұрғыда
жазбаша сипаттау мақсатында
жиі жазылатын іс қағазының бір
түрі.
Мінездеменің пайдалану түріне
байланысты 3-ке бөлінеді:

Аттестация
мінездеме

Жеке мінездеме
• Қызметтік мінездеме
мінездеменің айрықша кең
тараған және әмбебап
формасы.Қызметкерді
обьективті әрі нақты мінездеу
қажет болған жағдайда
жазылады.Қорытынды бөлімі
еркін стильде жазылады және
құжат мазмұнын түйіндейді.
• Мінездеме қызметкерді басқа
бір қызметке я болмаса оқу
орнына ұсыну мақсатында да
жазылады.Мұнда ұсынылған
адамның аталған вакансияға
қажет деген
мінез,қасиеттері,кәсіптік
шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме
белгілі бір адамның атқарып
отырған қызмет орнына
лайық,лайық еместігін
тексеру мақсатында
жүргізілген аттестация
қорытындысына орай
жазылады. Мұндай
мінездеме қорытындысында
“атқарып отырған
қызметіне лайық”,“қызмет
бабында жоғары қызметке
ұсынуға лайық” немесе
“атқарып отырған қызмет
орнына лайық емес” деген
сияқты түйінді сөздер
жазылады.
Жеке мінездеме
(функционалды) адамның
жеке басының мінезін,
білімін, шеберлігін,
икемділігін т.б сипаттай
отырып жазылады.
Қорытынды бөлімінде
мінездеме не мақсатпен
жазылғандығы атап
көрсетіледі. Мыс “Еңбек
келісімін ұзарту үшін”
т.б.
Мінездеме А4 форматты параққа
жазылады.Көлемі 1 беттен аспауы
керек.Мінездеме мәтіні жазу
машикасында басылады я компьютерде
теріліп, кейін принтерден
шығарылады.Тақырыпты , өмірбаяндық
мәліметтерді,қорытынды мен негізгі
түйінді үлкендеу шрифтімен беруге
болады.
Кейде мінездеме жоғары жағында
мекеменің аты,логатипі,фирмалық белгісі
көрсетілген арнайы бланкілерде де
жазылады.Әр данасы есепте тұратын
арнайы бланкілерге жазылған
мінездемелер мінездеме беруші адамның
және ұйым жетекшісінің қолымен
расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі
басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап
тонмен жазылады. Мәтін баяндаушы ашық
райлы етістіктен
жасаладв( беріледі,орындады,көріне
білді,көрсетті).
Мінездеме құрылымы:
1) тақырыбы;
2)мінездеме берілетін адам туралы
қысқаша мәлімет;
3)негізгі мәтін;
4)қорытынды ;
5)мінездеме талап етуші ұйымның аты;
6)мінездеме берілген күн,ай,жыл;
7)мінездеме берушінің аты-жөні,қолы;
8)қосымшы (егер болса)
Мінездеменің тақырыбы парақтың
жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай
үлкен әріптермен жазылады.
Үлгі
Мінездеме

---------------------------------------университеті -----------------кафедрасының
аспиранты ----------на.1987 жылы туған, білімі жоғары. --------------- қызы
--------------------- университеті күндізгі оқу бөлімінің аспиранты болып 2009
жылы 1 қыркүйегінде қабылданды. 2010 жылы “------------------” тақырыбында
диссертация жұмысы бекітілді.
Аспирантурада оқып жүрген кезінде --------------------------- қызы өзінің
терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмысқа деген зор қабілітін көрсете
білді.Аспирантура бағдарламасына сәйкес оқу жүктемелерін , ғылым
кандидаты дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындады. Өзінің
кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғлыми,
ғылыми-теориялық конференцияларды бірнеше рет баяндама жасады.
Ғылыми жинақтар бетінде бес мақаласы жарық көрді.
Аспирант университет көлемінде жүргізілген қоғамдық,мәдени
шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасының
түрлі бағыттағы жұмыстарына белсене араласты.
Мінезі ашық,іскер,ұйымдаструшылық қабілеті жоғары.Өз жұмысына
ынталы , адамдармен тез тіл табыса білетін аспирант----------- қызы
оқытушылар ұжымымен аспиранттар арасында сыйлы және олардың зор
ықыласына бөленген. Тұрмысқа шыққан.Бір баласы бар
Мінездеме---------------------------------университетіндегі филология
ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын
---------диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.

---------------------------------------------------------университетінің ректоры, ҚР
ҒА корреспондент мүшесі,

профессор-----------------------------------------------
-----------------------------------------------------------
(қолы) (аты-жөні)
Мазмұны
1. Өмірбаян
2. Өтініш
3. Талапарыз
4. Түйіндеме
5. Стиль және оныі түрлері
7. Құжаттарды ведомостваға
мұрағаттау
8. Өтініш немесе арыз
9. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары
10. Ресми іс қағаздары
11. Мінездеме
12. Жолдама хат
13. Еңбек келісімі
14. Акт
15. Факс
16. Жеке құрам бойынша штат
кестесі
17. Бұйрық
18. Анықтама

Ұқсас жұмыстар
Абайдың Ескендір поэмасы
Шегіртке мен құмырсқа
Құжаттың атауы өмірбаян
Арыстан мен тышқан
Ара пен шыбынға мінездеме бер
Алтын күз
Құстардың қысқа дайындығы
Қысқаша теориялық мәліметтер
Тапқыр достар ойыны туралы ақпарат
МІНЕЗДЕМЕ
Пәндер