Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттар туралы
Презентация қосу
Фармакология кафедрасы
Орындаған: Арысбек Нұржан
Факультет: ҚДС
Курс: ІІ
Тобы: 2005
Қабылдаған: Момышов А.М.
Жоспар
І.Кіріспе
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттардың анықтамасы;
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттардың жіктелуі;
2. Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттарға қойылатын
талаптар;
3. Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттардың жалпы
сипаттамасы;
ІІІ.Қорытынды
Сарысу алмастырушы және дезинтоксикациялық заттардың
фармакологиялық қасиетерінің жиынтығы бойынша әсерін сараптау;
Сарысу алмастырушы және
дезинтоксикациялық заттардың
анықтамасы:
САРЫСУ АЛМАСТЫРУШЫ ЕРІТІНДІЛЕР – бұл қан
сарысуының немесе оның жеке компоненттерінің
жетіспеушілігінің орнын толтыратын дәрілік затар.
Құрамы бойынша қан сарысуына жақын және ұлкен
мөлшерде енгізілетін сарысу алмастырушы ерітінділер
инфузиондық деп аталды. Олар біраз уақыт
патологиялық өзгерістер шақырмай, ағзаның және
изолирленген мүшелердің қызметін ұстап .
ДЕЗИНТОКСИКАЦИЯЛЫҚ ЗАТТАР –улардың
тіндерден қан сарысуына бөлініп шығуына және
олардың бүйрекпен шығарылуын ықпал ететін дәрілік
затар.
Сарысу алмастырушы және
дезинтоксикациялық заттардың
жіктелуі:
Инфузиондық ерітінділердің 20-дай
жіктелуі бар. Жиі сарысу алмастырушы
ерітінділерді олардың әсеріне бағыттап,
қанның негізгі қасиетіне байланысты
бөледі.
САРЫСУ АЛМАСТЫРУШЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛУЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:
Гемодинамикалық ерітінділер (волемиялық, шокқа
қарсы) – шығу тегі әртүрлі шоктарды емдеу және
бұзылған гемодинамиканы қалыпқа келтіру үшін.
Орташа молекулярлы декстрандар негізінде –
полиглюкин, рондекс, лонгастерил 70.
Төмен молекулярлы декстрандар негізінде –
реополиглюкин, лонгастерил 40, реомакродекс.
Желатина негізінде– желатиноль, плазможель,
геможель Тұзды ерітінділер (кристаллоидтар) –Петров
ерітіндісі.
Дезинтоксикациялық
ерітінділердің жіктелуі:
Дезинтоксикациялық ерітінділер –
этиологиясы әртүрлі улануларда улардың
шығуына ықпал етеді.
Төмен молекулярлы поливинилпирролидон
негізінде – гемодез, неогемодез, энтеродез.
Төмен молекулярлы поливинил спирті
негізінде – полидез.
Су-тұз тепе –теңдігін және қышқыл –сілтілік
негіздерді ретеушілер – диареямен шақырылған
сусыздануда, ми ісінуінде, улануларда қанның
құрамын түзетуін қалыпқа келтіреді.
Электролитті ерітінділер – натрий хлориді (0,9%,
3%, 5%, 10%), Рингер, Рингер-Локк, Рингер-лактат,
дисоль, трисоль, квартасоль, хлосоль, ацесоль,
лактосоль,моностерил, ионостерил Д5, Дарроу
ерітіндісі.
Натрий гидрокарбонаты ерітіндісі (1,4%, 3%, 4%,
7%, 8,4%).
Энтеральды препараттар – ригедрол.
Арнайы талаптар:
ерітінділер изоосмотикалық,
изотоникалық, изогидрикалық болу
керек;
олардың тұтқырлығы қан сарысуының
тұтқырылығынан асып кетпеу керек.
ПОЛИГЛЮКИН
(Роlyglucinum).
Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде жартылай
гидролизденген декстранның (глюкозаның полимері) орта
молекулярлы 6 % стерилді ерітіндісі.
Қасиеті бойынша ұқсас препараттар шетелде мынандай аттармен
шығарылады: Dextravan, Ехраndex; Масrodex және т.б.
Полиглюкин гемодинамикалық әсерлі сарысу алмастырушы
шокқа қарсы препарат болып табылады. Қан альбуминіне ұқсас,
салыстырмалы түрде үлкен молекулярлы салмағына байланысты,
полиглюкин қан тамырлар қабырғалары арқылы баяу енеді және
қан ағымына енгізгеннен кейін онда ұзақ айналымда болады.,
Қан сарысу белоктарының осмостық қысымынан 2,5 есеге
жоғары, жоғары осмостық қысым нәтижесінен, полиглюкин қан
айналымында сұйықтықты ұстап қалады, сөйтіп
гемодинамикалық әсер көрсетеді.
Энтеральды тағайындауға арналған препараттар. Ағзаның
энергетикалық ресурстарын қамтамасыз етуге, қоректік
заттарды мүшелер мен тіндерге жеткізуге арналған.
Белоктық гидролизаттар – гидролизин, казеин гидролизаты,
амикин, аминопептид, аминозол, амиген, аминон.
Амин қышқылдарының қосындысы - альвезин, альвезин Нео,
левамин, аминофузин.
Энергетикамен қамтамасыз етілудің көздері –глюкоза
ерітндісі (5%, 20%, 40%), глюкостерил.
Липидті эмульсиялар – липидин-2, нитралипидин,
липофундин, венолипид, эмульсан, липофундин-С, липомайз.
Оттегін тасымалдаушылар – қанның
тыныс алу қызметін қалыпқа келтіреді.
Гемоглобин ерітінділері.
Фтордекалин негізінде фтор
көмірсутекті эмульсиялар.
Кешенді (полифункциональдық)
ерітінділер.
Реоглюман.
Полифер.
Сарысу алмастырушы және
дезинтоксикациялық заттарға
қойылатын талаптар:
Жоғалған айналымдағы қан көлемінің орнын тез
толтыру;
Гемодинамикалық тептеңдікті қалыпқа келтіру;
Микроциркуляцияны қалыпқа келтіру;
Қан тамырларында ұзақ уақыт жеткілікті мөлшерде
болу;
Айналымдағы қанның реологиялық қасиетін жақсарту;
Тіндерге оттегінің келуін жақсарту;
Жеңіл метаболиздену, тіндерде жиналмау, жеңіл
шығарылуы және жақсы көтерілуі;
Иммундық жүйеге минимальды әсер көрсету.
РЕОПОЛИГЛЮКИН
(Rheopolyglucinum).
10 % глюкозаның полимерлі ерітіндісі - декстран
(Полиглюкинді қара) салыстырмалы молекулярлы
салмағы 30 000 - 40 000 натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісі қосылған.
Реополиглюкин төмен молекулярлы декстранның
препараты болып табылады. Ол қанның формендік
элементтерінің агрегациясын төмендетеді, тіндерден
қан ағымына сұйықтықтың өтуіне ықпал етеді. Осыған
байланысты, препарат қанның суспензиондық
қасиетінің жоғарылатады, оның тұтқырлығын
төмендетеді, ұсақ капиллярлардағы қан ағымының
қалыпқа келуіне ықпал етеді, дезинтоксикациялық әсер
көрсетеді, қанның форменді элементтерінің
агрегациясының алдын алады және төмендетеді.
ЭНТЕРОДЕЗ
(Еnterodesum).
Төмен молекулярлы поливинилпирролидон препараты,
молекулярлы салмағы гемодездікі сияқты (12 600 #
2700), гемодез тәрізді дезинтоксикациялық қасиет тән,
бірақ ішке қабылдауға арналған.
Препаратты ересектерге, асқазан-ішек жолдарының
жедел инфекциясының (дизентерия, сальмонеллез
және т.б.) уытты формаларында, тамақтық
токсикоинфекцияда, жедел бүйрек және бауырлық
жетіспеушілікте, жүкті әйелдердің токсикозында және
интоксикацияның басқа түрлерінде тағайындайды.
ГЕМОДЕЗ (Наеmodesum).
Сулы-тұзды 6 % төмен молекулярлы поливинилпирролидон
ерітіндісі, (салыстырмалы молекулярлы салмағы 12 600+2700)
және натрий, калий, кальций, магний, хлор иондарынан тұрады.
Поливинилпирролидон (ПВП) полимерлі қосылыс болып
табылады; суда жақсы ериді.
Асқазан –ішек жолдарының (дизентерия, диспепсия,
сальмонелезы және т.б.) уытты формаларында, уланулардан
кейінгі гиповолемияда, күйік ауруының уытты фазасында,
операциядан кейінгі интоксикацияда, инфекциялық ауруларда,
жүкті әйелдердің токсикозында және интоксикациямен жүретін
басқа да патологиялық жағдайларда ағзаны дезинтоксикациялау
үшн қолданылады.
Гемодезге ұқсас препараттар шетелде мынандай атпен
шығарылады: Neocompensan, Peristan Н және т.б.
Натрий хлоридінің 0,9%
(изотоникалық) инъекцияға
арналған ерітіндісі.
Натрий хлоридінің 0,9% (изотоникалық) инъекцияға арналған ерітіндісі
адамның қан сарысуына ұқсас, оны жиі «физиологиялық» деп атайды. Бұл атау
шартты түрде, өйткені бұл ерітінді ағза тінінің өмір сүруіне қажетті
физиологиялық жағдайларды сақтау үшін қажет басқа заттардан (калий, кальций
тұздарынан және т.б.) тұрмайды.
Салыстырмалы түрде натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін
дезинтоксикациялық зат ретінде және ағзаның сусыздануында жиі қолданылады.
Судың тапшылығынан болатын сусыздануда, натрийден бұрын су көп мөлшерде
жоғалғанда (ентігуде, лихорадкада, құсуда және т.б.), натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісінің 1 көлемін 5% глюкоза ерітіндісінің 1-2 көлемімен
араластырады. Тұздың жетіспеушілігінен дамитын сусыздануда мысалы, іш өтуде,
бүйректік және бүйрек үстілік жетіспеушілікте. Суды бақылаусыз ішу салдарынан
кейін дамитын қатты терлеуде, зәр айдағыштармен бірге қолданылған тұзсыз
диетада, асцитті сұйықтықты алып тастағаннан кейін және т.б., керісінше натрий
хлоридінің изотоникалық ерітіндісінің 3-4 көлемін 5% глюкоза ерітіндісінің 1
көлемімен араластырады. Сусызданудың бұл түрінде қан сарысуының осмостық
қысымының және жасушадан тыс сұйықтықтың тез қалыпқа келтіру мақсатында
гипертоникалық ерітінділерді (2-5% ерітінділерді) де құяды. Әйтпесе,
жасушадағы осмостық қысым қан сарысуына қарағанда жоғары болады, ол
жасушалық алмасудың бұзылуымен жасуша ішілік ісінуді, калийдің жоғалуын,
жасуша ішілік ацидоздың дамуын шақыруы мүмкін. Оларды түрлі дәрілік заттарды
еріту үшін кең түрде қолданылады, соның ішінде инфузияда.
Қанды құю (гемодилюция), ондағы улы заттардың
концентрациясын төмендету үшін тәжірибелік медицинада көп
уақыттан бері қолданылып келеді. Бұл мақсатта сулы жүктемені
және сулы- электролиттік және сарысу алмастырушы
ерітінділерді парентеральды енгізу болып табылады. Соңғылары
әсіресе жедел улануларда тиімді, өйткені гемодилюциямен бір
уақытта айналымдағы қан көлемін қалыпқа келтіреді және
диурездің тиімді ынталануын қамтамасыз етеді.
Сарысу алмастырушы ерітінділерді жекдел қан кетулерде, түрлі
шоктарда, микроциркуляция бұзылыстарында, улануларда және
гемодинамиканың басқа бұзылу үрдістерінде қолданылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Харкевич Д.А. Фармакология. 7 басылым - М.: Медицина, 2002. – 724 бет.
Харкевич Д.А. Фармакология. Алтыншы басылым – М.: Медицина ГЭОТАР, 1999.
– 661 бет.
И.В.Маркова, И.Б.Михайлов, М.В.Неженцев Фармакология. Учебник для
студентов педиатрических факультетов медицинских учебных заведений. – СПб.:
Фолиант, 2001. – 416 бет.
Кафедрада оқылған дәрістер.
Қосымша.
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8- басылым, перераб., доп. и испр. - М.:
ГЭОТАР - МЕД, 2004. – 736 бет.
Фармакология/ Под ред. Р.Н.Аляутдина. – 2- басылым, испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД,
2004. – 592 бет.
Справочник Видаль. Лекарственные препараты в Казахстане: Справочник. М.:
АстраФармСервис, 2004. – 800 бет.
Дрогозов С.М. Фармакология на ладонях. Харьков. 2003. – 103бет.
Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. 1-2 т.
– 926 бет. (т.2).
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz