Бұйрық


Slide 1

Бұйрық

Slide 2

Бұйрық

Бұйрық - мекемедегі, ұйымдағы, ведомоствадағы кадрлаға байланысты әселелерді- оларды іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бірі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс парағы сияқты құжаттарға қатысы бар, өйткені бұлардың барлығы да еңбек кітапшасында тіркелінеді, ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнетақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер жинақтайды.

Қызметкерлер мен жұмысшылардың жұмысқа қабылдау, ұмыстан шығару, басқа қызметке ауыстыру кезінде, демалысқа шығару немесе мадақтау негізінде қызметкердің немес жұмысшының жеке басына байланысты бір топ құжаттар жиынттығы болады.

Slide 3

Бұл топқа келесі құжаттарды енгізуге болады: өтініш, құрамы бойынша жеке бұйрық, мінездеме, түйіндеме, еңбек кітапшалары, жеке істер мен жеке құрамына тиісті барлық құжаттар. Құрамы бойынша жеке бұйрықтар жазылған, келісілген өтініштің негізінде шығарылды. Оның мазмұны өтініштің мазмұнына сәйкес ресімделеді. Олардың мазмұны мына сұрақтарға байланысты берілуі мүмкін: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа қызметке ауыстыру, кезекті демалысқа шығару, атқарған қызметтері үшін мадақтау т. с. с.

Slide 4

Құрамы бойынша жеке бұйрықтар жалпы бланкіде ресімделеді. Тақырыпша беріледі. Мәтінге сәйкес қысқаша жазылады не туралы деген сұраққа жауап беріледі. Мысалы, жұмысқа қабылдау туралы құрамы бойынша жеке бұйрықтарды қалыптастырушы бөлім берілуі мүмкін. Өнімдік бөлім бірнеше пунктерден тұруы мүмкін. Әр пункт атқаратын әрекетті білдіруші етістіктен басталады: тағайындау, ауыстырылсын, босатылсын деген сияқты. Бұл етістіктер табулятордың 0-дік жағдайынан бастап басылады және бас әріптермен ғана азылады.

Өнімдік бөлік мазмұны табулятордың 1-ші жағдайынан бастап басылады, онда қызметкердің аты-жөні, тегі және қай күннен бастап, қандай қызметке, қанша еңбек ақы көлемімен тағайындалғаны нақты тілде жазылып көркемделеді.

Slide 5

Бұйрық-жарлық құжаттары

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы- несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары - құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жрлықтар бере алады.

Басшылықтың алқалық органдары (кеңестер, съезде, конференциялар т. б. ) шешім қаылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.

Slide 6

Бұйрық түрлері:

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді:

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар;

Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар;

Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қаысты болғандықтан жекелік болады.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істер, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша сқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғрғы органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.

Slide 7

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктер тұрады: белгілеуші және жарлық.

Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат - міндеттері, бұйрық шығарушының себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған “БҰЙЫРАМЫН” деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Орындауға жауаптылықты: “Бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелсін” деп көрсетіледі.

Нұсқау - ақпараттық -әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрықтар, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие. Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерден тұрады.

Жарлық - басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды.

Slide 8

Құрамы бойынша жеке бұйрықтың көркемделу үлгісі

“РОСА” АҚ

БҰЙРЫҚ

12. 12. 07 № 36-к Павлодар қ

Жұмысқа қабылдау туралы

12. 12. 07-ден бастап Баймұханов Асет Әділбекұлы бас экономист қызметіне

ҚАБЫЛДАНСЫН

Еңбекақы штаттық кітаптағы кестеге сәйкес.

Негізігі:еңбек келісім

Директоры Нұрғалиева Б. К.

қолы

Бас бухгалтер:

Кадр бөлімінің меңгерушісі

Таныстым:

жеке қолы тегі күні.


Ұқсас жұмыстар
Сөздер мен сөз
Auto Cad графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары
Наурыз- жыл басы туралы
Грамматикалық категориялары және сөздік формасы
Автокад бағдарламасы
Нөлдік форма
Етістіктің жақ категориясы - қимылдың субъектісін көрсететін категория
Көшбасшылық, билік және ықпал ету теориялары
Үйде оқытуға жауапты мамандарда және пән мұғалімдерінде болу тиіс құжаттар
Бұйрықты сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz