Қауіп тудыратын дәрілік заттар. Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі


Slide 1

С. Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Кафедра: Денсаулық сақтау саясаты және басқару

СМӨЖ

Орындаған:Алимкулова А

Қасен Ә

Факультет: ҚДС

Курс: 3

Топ: 07-006

Тексерген: Рамазанова М. А

Алматы 2010 ж

Қауіп тудыратын дәрілік заттар. Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі.

Slide 2 Slide 3

Жоспар:

Кіріспе:

Қауіп тудыратын дәрі дегеніміз не?

Негізгі бөлім:

Дәрілердің қауіпсіздігі мен қалай қолдану керектігі

Канададағы зерттеу мәліметтері

Препараттардың түрлері

Дәрінің жағымсыз әсерлері

Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі

Қорытынды:

Бақылаудан өтпеген дәрілердің зияны

Біздің ұсынысымыз

Slide 4

Қауіп тудыратын дәрі дегеніміз не?

Әр дәрінің өз бетінше тудыратын қаупі бар. Ер адамға да, әйел адамға да қауіп тудырмайтын химиялық зат ойлап табу мүмкін емес. Тек қаупі өте жоғары дәрілерге ғана назар аудару мүмкін емес. Бұндай қиын мәселені тез шешу де мүмкін емес. Егер бұл мәселені шешетін болсақ жоғарғы сапалы, медициналық қажеттіліктерді толық қамтамасыз ететін эффективті, құны жағынан тиімді дәрілер ғана қалатын еді. Өкінішке орай көптеген мысалдарға қарасақ бұл мүмкін емес. Бұндай мәселені тек бірнеше дәрілер ғана тудырмайды.

Slide 5

Дәрілердің қауіптілігін оның фармакологиялық қаупіне байланысты емес, оны қалай тағайындағаны мен қолданғанына байланысты. Дәрі-дәрмектердің қауіптілігін тек лабораториялық мәселе ретінде қарастыруға болмайды. Қажетсіз уақытта қолданған дәрі, тіпті толықтай сапасы бақыланса да, адам өміріне керісінше қауіп тудыруы мүмкін. Кейбір жағдайда бұның ақыры бір науқасқа немесе бірнеше науқастарға ғана емес, бүкіл әлемге де әсер етуі мүмкін. Осыған ең жақсы мысал: антибиотиктерді дұрыс қолданбау, осының себебінен қазіргі уақытта көптеген бактериялар қауіпсіз және арзан дәрілерге тұрақты.

Slide 6

Қазіргі уақытта микробтарға қарсы заттарға тұрақтылық бүкіл дүние жүзілік мәселеге айналды, тіпті дамыған елдердің де медико-санитарлық мекемелеріне тікелей әсер етуде. Бұның ең негізгі себебі: микробқа қарсы дәрілерді адамдар мен жануарларға дұрыс қолданбау. Ең жақсы мысал: диарея кезінде антибиотиктерді басқа да комбинирленген препараттармен бірге дұрыс қолданбау. Бұл қауіпті және сәтсіз тәжірибе. Себебі көп жағдайда деареяны вирустар тудырады, ал вирустарға антибиотиктер әсер етпейді.

Slide 7

Дәрілердің қауіпсіздігі мен қалай қолдану керектігі

Келесі мәселе дәрілердің қауіпсіздігі мен қалай қолдану керектігі жайлы толықтай мәліметтердің болмауы. Негізгі себеп- маркетингке дейінгі сын. Маркетингке деінгі сын Еең қарапайым, ең қысқа әдіс.

Әйел адамдар жер бетінің 52 % - ын, 15 жасқа дейінгі балалар 32 %- ын, 65 жастан жоғары адамдар - 6%- ын құрайды. Бәрін қоса алғанда 2/3 бөлігі “ ерекше жағдайдағы” категорияға жатады.

Slide 8

Бұндай топтағы адамдар дәріні қабылдағанда өте сақ болулары керек. Олардың ішінде дәріге тәуелді адамдар тобы бар. Міне сондықтан маркетингке дейінгі тәжірибе дәрілердің жанама әсерлерін толықтай болжай алмайды. Дәрілер әрбір фармацевтикалық клиникаларға түскеннен кейін маркетингтен кейінгі бақылау жүргізілуі тиіс. Олардың нәтижелері дәрілерді регламенттеуші органдарға беріліп отыруы қажет. Міне осыған байланысты дәрілердің адам организміне қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыруға болады.

Slide 9

Канададағы зерттеу мәліметтері

Канададағы зерттеу мәліметтері бойынша дәрілердің жанама әсерлерінің ықтималдылығы әйелдер мен 50 жастан жоғары адамдарда өте жоғары. Бұның негізгі себебі: екі топтың көп мөлшерде дәрі қабылдауы. Ауруханаға түскендердің 5-20 % дәрінің жанама әсерінен болғандар. Бір жағымды жағы : дәрінің жанама әсерімен түскен науқастарға нақты диагностика жүргізіледі. Барлық заттар - у. Дәрінің удан айырмашылығы оның дұрыс қолданылуында және дозасында.

Slide 10

Препараттардың түрлері:

Диареяға қарсы препараттар.

Құрамында жүйке жүйесіне әсер ететін, қан клеткасын өзгертетін цилохинол мен гидроксихинолин бар. Сонымен қатар түсік тастауда диэтилстильбестрол қолданылуда. Осылардың бәрі қол жетімді, қауіпті дәрілерге жатады.

Рационалды емес комбинациялық препараттар. Оған жататындар:

Жөтелге қарсы препараттар

Тұмауға қарсы препараттар

Нарықтағы бұл препараттың 80% жуығы рационалды емес, сонымен қатар эффективтілігі төмен.

Slide 11

Қолжетімсіз қымбат өнімдер.

Бактерияларды жою қабілеті өте жоғары. Мысалы артритке қарсы дәрілер қарапайым дәрілерге қарағанда 2-14 есе қымбатырақ.

Сәйкес келмейтін өнімдер.

Қажетсіз немесе пайда әкелмейтін дәрілер тобы. Көптеген фармацевтикалық компаниялардың назарын өзіне аударды. 1992 жылы ақпан айында 6 рет қатарынан “ Форчун” журналы таңдануға тұрарлық ие болды. Марапаттау кезінде мынандай критерилер бағаланды:

Басқарудың сапалылығы

Қаржылай тұрақтылық

Өнімнің сапасы

Тамсандыра, дамыта білу

Slide 12

1991 жылы Африкадағы кезінде сатылымда тәбетті стимульдеуші периактина препараты болды. Бұл препараттың жанама әсері дене массасының жоғарылауы болып табылатын - антигистамин. Дәрі емес құнды тағамдарды қабылдау адам организміне ем болып табылатыны белгілі. Кейінірек бұл дәрінің стимулятор ретінде сапасыз екені анықталды.

Нарықта жүрген диареяға қарсы өнімдердің 4/5 бөлігі құнсыз, сапасыз, нәтижесіз;

Осы өнімнің құрамының 50% жуығы қажетсіз микробқа қарсы дәрілерден тұрады. ;

Жөтелге қарсы препараттардың 80 % жуығының құрамында жанама әсер шақыратын эффективті емес ингридиенттер бар.

Slide 13

Дәрінің жағымсыз әсерлері:

Дәрілерді мөлшерден тыс қолдану дәрінің жағымсыз эффектілеріне әкеп соқтыратын негізгі себептер:

Көптеген фармакотерапиялар

Шығынның өсуі

Жағымсыз эффектілердің жоғары болуы

Қажетсіз кезде қолдану

Slide 14

Ауруханаға түскен науқастардың зерттеу нәтижелері бойынша алынған кесте

Түрлері

%

гипотензивті

13. 1

Паркинсонизмді емдейтін зат

13. 0

кортикостероидтар

12. 3

психотропты

12. 1

Инсулин және қантты төмендеткіштер

9. 2

диуретиктер

8. 0

Басқаларына қарағанда қарт адамдарда жиі жанама әсер тудыратын дәрілер

Slide 15

Фармакотерапиядағы дәлелді медицинаның рөлі:

Қазіргі медицина фармакотерапияның әдістері мен жаңа дәрілік заттардың шығуымен тығыз байланысты. Дәлелді медицина бүкіл медико-фармацевтикалық мақалалардың тілін болжай алады. Ол өзін барлық дамыған елдерде жеке саясат ретінде қалыптасты. Ол препарат таңдаудың әдісі мен емдеу кестесі ғана емес. Егер дәрігерлер жаңа мәліметтермен қамтылған болса медицинаның дамуына толықтай жол ашылар еді. Қазіргі кезде ВОЗ жаңа, стандартты әдістер ойлап табуда. Осы жаңа әдістердің көмегімен дәрілік заттардың адам организміне қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болар болар еді.

Slide 16

Дәлелділіктің жоғарғы сатысында мета-анализ, рандомизрлік, плацебо-контроль зерттеулерінің нәтижелері орналасқан. Көптеген елдерде дәрілік заттардың клиникалық сұрақтарына жауап беретін дәрілік заттар бойынша ауруханалық комитет пен терапия ашылған. Мысалы: Австралия мен Ұлыбританияның ауруханаларында ( 86-93%) осындай комитеттер бар. Әрине бұндай комитетті біздің елімізде де қолдануға болады. Олардың міндеті дәрілік заттарды әсерлілігі мен оптималды бағасы бойынша әр ауруға қатысты іріктеу. Жанама айтқанда денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық ресурстарға қанша денсаулық сатып алуға болады.

Slide 17

Өкінішке орай дәлелді медицина медицинаның, соның ішінде фармакотерапияның деңгейін айтарлықтай өзгерте алмады. Бірақ аз да болса да эффективті емес, тиімсіз әдістерді жойып, болжамды жақсарта алды. Ацетилсалицил қышқылын, статинами, гипотензивті препараттарды қолданған науқастарда инсульт 25-30% - ға төмендетті. Адекватты фармакотерапия жүргізу үшін дәрігер дәрілік препараттар жайлы көп мәліметтерге ие болуы керек. Бұндай терапия әдеттегі жағдайдың 55%- ын қамтамасыз етеді.

Slide 18

Нарықтағы дәрілердің дұрыс бақыланбауынан болатын кемшіліктер:

Сәтсіз ем. Сонымен қатар дұрыс емделмеген жағдайдағы өлім.

Дәрінің жанама әсерлеріне ұшыраған адамдар.

Ақшаның бекер жұмсалуы.

Slide 19 Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық зерттеулер
Фармакоэпидемиология және фармакоэкономика жайлы
Мәселелі дәрілер туралы түсінік. Дәлелдімедицинаның қазіргі уақыттағы фармакотерапияның дамуындағы атқаратын рөлі
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖАРНАМАЛАУ
Дәлелді медицинаның артықшылықтары
ҚР және ТМД елдеріндегі дәлелді медицина орталықтары
Дәріге тұрақтылық
Дәлелді медицинадағы зерттеу әдістерінің артықшылықтары
Мәліметтерді сынап бағалау
Медициналық қараулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz