ХХІ ғасыр Көшбасшысы туралы


Slide 1

22-қазан 2009 жыл

9-а және 9-б сынып

оқушылары арасында өткен

ХХІ ғасыр

Көшбасшысы

интеллектуалдық ойын сабағы

Slide 2

Мақсаты:

Оқушылардың мемлекеттік

тіл бойынша білімдірін

бекіту, ұйымшылдыққа,

зеректікке баулу,

танымдық, интеллектуалдық

қабілеттерін дамыту.

Slide 3

1. Өнер алды қызыл тіл. 2. Ана тілім -мейірім. 3. Тіл елдігіміздің ертеңі.

Көрнекілік құралдар:

Қабырға газеті, плакаттар

(қанатты сөз, мақал жазылған)

Slide 4

Ойын 6 бөлімнен

тұрады:

1. БӘЙГЕ

2. ПОЛИГЛОТ

3. ТІРІ

СҰРАҚТАР

5. МЕНІҢ СҮЙІКТІ АВТОРЫМ

6. ЖОРҒА

4. МАҚАЛДЫ АЯҚТА

Slide 5

БӘЙГЕ бөлімінде 6 сұрақ қойылады.

1-сұрақ: Омоним дегеніміз не?

2-сұрақ: Синоним дегеніміз не?

3-сұрақ: Антоним дегеніміз не?

4-сұрақ: Пысықтауыш дегеніміз не?

5-сұрақ: Анықтауыш дегеніміз не?

6-сұрақ: Толықтауыш дегеніміз не?

Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейміз.

Мысалы: Аяқ - (ыдыс, дене мүшесі)

Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейміз.

Мысалы: әдемі, сұлу, сүйкімді, қабілетті.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейді.

Мысалы: жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын.

Сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейді

Сөйлемде зат есімінен болған, не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, Сан-мөлшерлік, меншіктік-қатыстық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.

Сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді.

Slide 6

2. “Полиглот” бөлімінде 6 жұмбақ жасырылады. Жұмбақ шешуі қазақша, орысша айтылады.

Қар сияқты аппақ,

Өзі сондай тәтті-ақ.

(қант, сахар)

Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ.

(тұз, соль)

Аяғы жоқ жүрмейді.

Үй күзетеді-үрмейді.

(құлпы, замок)

Тоңғақты таниды

Бетті-қолды қариды.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

Қонса аяғы көп,

Ұшса аяғы жоқ

(аяз, мороз)

(қар, снег)

(ұшақ, самалет)

Slide 7

"Тірі сұрақтар"

бөлімінде 6 сұрақ болады.

1. Үш жүзді біріктірген хан?

а) Абылай хан.

ә) Тәуке хан.

б) Есімхан.

2. Әл-Фараби қай қалада туылды?

а) Исфиджаб.

ә) Фараб.

б) Тараз.

3. ”Диуани Хикмет шығармасының авторы?

а) Иассауи.

ә) Баласұғын.

б) Қашқари.

4. Қазақ тілі мәртебесін қай жылы алды?

а) 1991 жыл.

ә) 1989 жыл.

б) 1992 жыл.

5. Қазақ тілі білімінің атасы

а) Ы. Алтынсарин.

ә) М. Дулатов

б) А. Байтұрсынов

6. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қай жылы алды?

а) 1990 жыл.

ә) 1991 жыл.

б) 1993 жыл.

Slide 8

4. Мақалды аяқта.

Ер елінде, Гүл . . . . . .

Еңбек түбі береке,

Көптің түбі . . . . . .

Ел іші, алтын . . . . . .

Отан-оттан да . . . . . .

Көз қорқақ. Қол . . . . . .

(жерінде)

(мереке)

(бесік)

(ыстық)

(батыр)

Отансыз адам. Ормансыз . . . . . .

(бұлбұл)

Slide 9

5. “Менің сүйікті авторым” бөлімі бойынша, оқушы оқылған өлеңнің авторын оқиды.

Ғылып таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

(Абай)

Әр армандар болашаққа түр сілтеп,

Жыламасын!

Күлсе адам, күлсін тек.

(Ж. Кененбаев)

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

(Абай)

Мен кетемін, келеді. . .

Тағы өмірге мендей.

Олар мінді көреді,

Қисық жерін жөндей.

(Шәкәрім)

Батар күн, келер күн,

Атар таң, шығар күн.

(М. Мақатаев)

Мынау келген Назар ма?

Ақсақалды ауыл азар ма?

Сұрағаның бір-ақ тай,

Бермейді деп сазарма.

(Абай)

Slide 10

6. “Жорға” бөлімінде озып шыққан екі жеңімпазға кезек-кезек сұрақ қойылады.

45-қара сөзді жазған ойшыл, ақын?. (Абай)

“Абай жолы” роман-эпопеясын жазған жазушы?. (М. Әуезов)

Қазақстан Республикасы тұнғыш Президенті?. (Н. Ә. Назарбаев. )

Қазақ тіл білімінің атасы?. (А. Байтұрсынов. )

Қазақ халқының тұнғыш романшысы. “Бақытсыз жамал”? (М. Дулатов)

Қазақтың тұңғыш әліппесін жазған?. (А. Байтұрсынов)

Қазақстандағы тартылып бара жатқан теңіз?. (Арал)

Қазақтың астанасы?. (Астана)

“Диуани Хикметтің” авторы?. (Қ. А. Иссауи)

“Қалқаман-Мамыр” дастанының авторы?. (Ш. Құдайбердиев)

Қазақтың тұңғыш академигі?. (Қ. Сәтпаев)

Қазақ тілі қай тіл тобына жатады? (Түрік)


Ұқсас жұмыстар
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ АНА ТІЛІ
Сайысқа оқушылардың дайындығы
Философиядағы қоғам мәселесі
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ БӘЙГЕ
ХХІ ғасыр көшбасшысы. ИФМ апталық қорытындысы
Оқушыларды қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету
Зияткерлік ойын
ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ БӘЙГЕ
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Сілтілік құрамы металл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz