Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасы



Алматы Аграрлық Колледжі

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасы
Орындаған: Жақсылық Берік,
Тексерген: Нуртаева Жанар.

Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
Ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элекенттері одан да бұрын айналыста жүре бастаған, капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр - бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.

Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.

Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
1993 жылы Қазақстанда ақша реформасын жүргізудің басты сипаты бұрынғы Кеңестік ақша белгісі рубльдің орнына ұлттық валютамыз теңгені енгізумен және ұлтық ақша жүйесінің қалыптастыру, соның нәтижесінде Ұлттық банкті және ұлттық несие жүйесін қалыптастыру болып табылды.
1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Харрисон” фирмасымен шарт жасасты. Сөйтiп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелiк ақшалар Қазақстанға жеткiзiлдi. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесi болды.
Осылайша еліміздің өз егемендігін алғаннан кейінгі тұңғыш ақша реформасы 1993 жылдың қараша айынан бастау алды. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстанның 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Осылайша айналысқа ұлттық валютамыз теңге ендi. Бiрақ көп ұзамай инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы теңгелер айналысқа шықты. 1995 жылы ұсақ тиындар бiртiндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегi монеталар шыға бастады.
КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және банктiк билеттердi айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi.
Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны алты ай мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегiнiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi.
15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi күнделiктi қабылданды. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген активтер мен пассивтер екi күн iшiнде қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер клиенттермен операциялар жүргiзбедi.


Сөйтіп, 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы валюта теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуде Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 милион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстан өндірілген алтын мен күміс енді Мәскеуге жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіре бастады. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 млн. Доллар қаржы берді. Бұл 17 жылға берілген «жұмсақ» несиелер болды. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz