Қан айналысының жетіспеушілігі




Презентация қосу
Тақырыбы: Қан айналысының
жетіспеушілігі
631 топ студенті: Қойманова Аманкул

Оқу жылы 2009-2010
Тақырыбы: Қан айналысының
жетіспеушілігі
Қан айналысы жетіспеушілігі – ағзалар мен тіндердің
тиісті қызметіне керекті қан мөлшерін қамтамасыз ете
алмайтын кемістігімен сипатталатын қанайналдыру
жүйесінің дертке байланысты ауыр жағдайы.
Жедел және созылмалы деп бөледі:
Жедел – ҚЖ оның бірден (тез арада) дамуымен және ауыр
халге бірден түсіру, өлім қауіпін төндіруімен ерекшеленеді.
Созылмалы - ҚЖ-ін солқарыншалық (сол қарыншаға
ауыртпалық түсу және кіші қанайналыс шеңберіндегі іркіліс)
және оңқарыншалық (оң қарыншаға ауыртпалық түсу мен
үлкен қанайналыс шеңберіндегі іркіліс) деп бөледі.
Этиологиясы патогенезі:

Миокард метаболизмі тікелей бұзылып,
ондағы АТФ пен калийидің жетіспеуінен
болатын миокард жиырылғыштығының
төмендеуі
Жүрекке түсетін ауыртпалық артық болып,
оның етінің зорлануынан, шамасынан артық
қызмет етір,шаршауынан, яғни
компенсаторлық мүмкіншілігі
тамамдалғанынан болатын жүрек
жетіспеушілігін гемодинамикалық
жетіспеушілік дейді.
Қан айналысының жетіспеушілігінің жіктелуі
(Н.Д.Стражеско, В.Х.Василенко, 1935;
Н.М.Мухарлямов, 1978)
Түрі Жүрек жұмысы жетіспеушілігі Қантамыр жұмысы
жетіспеушілігі
Этиологиясы Іштен және жүре біткен жүрек Интоксикациялар, инфекциялық
ақаулары, миокардиттер, аурулар, аллергия, нейрогендік
перикардиттер, (сегментарлық және
кардиомиопатиялар, жүрек ырғағы сегментүстілік), психогендік,
мен өткізгіштігінің бұзылыстары, травмалық, генетикалық
стресс әрекеттері факторлар және жүрек
жетіспеушілігі
Жүрісі Жедел ағымды, созылмалы Жедел, созылмалы,
(ағымы) перманенттік, пароксималдық
Шығу тегі 1. систолалық, диастолалық, Жүйкелік (нерв) және
аралас гуморалдық реттеудің
2. қысыммен, көлеммен, бұзылысы, рецепторлық
миокардиалдық, ырғақтық аппараттың өзгерген
жұмыстың бұзылуы, сезімталдығы, қантамыр
комбинациялық жолдармен қабырғасының құрылымдық
шыққан шаршау бұзылыстары, тромбоз
Клиникалық Солқарыншалық І, ІІа, ІІб, ІІІ Талу, коллапс, шок, әр түрлі
варианттар сатыдағы тамырлар дистониялары
Оң қарыншалық І, ІІа, ІІб, ІІІ
сатыдағы
Тоталдық
Клиникасы жедел түрінде күтпеген
жағдайда бірден қатты басталатын ентігу,
бала түрінің кенеттен қуарып не болмаса
циноздың шығуы, осымен қатар, қанның
іркілу белгілері дамып, ішінің ауыра
бастауы, мойын веналарының кернелуі,
дезадапция шығуы (бет әлпетінің ерекше
өзгеруі, үйреншікті науқастың бұрында
болмауы т.б.)
Созылмалы түрі бірте-бірте дамиды.
Созылмалы миокардит,
кардиомиопатиялар, жүрек
ақауларындағы бұзылыстарға сай болып
шығады.
І дәрежедегі жүрек жұмысы жетіспеушілігі қимыл
жасамай отырғанда белгілі болмайды.
Жетспеушілік дене қимылы көбейгенде ентігу,
тахикардия және шаршағыштықтың шығуымен
білінеді. Нәрестелердегі бірінші белгі олардың
ұзақ еме алмауы, сөйтіп емшектен безе бастауы,
осы кездегі әлсіздік, мазасыздану, ентігу,
приоралдық цианоз шыгумен айқындалады.
ІІа дәрежедегі жетіспеушілікте ентігу мен елеулі
тахикардия қимыл жасағанда-ақ байқалады.
Веналық іркіліс белгілері: оңқарыншалық
жетіспеушілікте мойын веналарының кернеуі,
бауырдың аздап үлкеюі, аяқтың ісінулері,
тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы, белі мен
шабының ісінуі; солқарыншалық жетіспеушілікте-
ентігу кейде жөтел және өкпенің төменгі
бөлшектерінде ылғалды сырылдардың естілуі. Екі
қарыншалық, яғни тоталдық жетіспеушілікте
жоғарыда келтірілген белгілер түгел байқалады.
ІІб дәрежедегі жетіспеушілікте бала төсек тартып
жататын болады, азғантай қозғалғанның өзінде
ентігу мен жүрек соғуы үдейді. Кейігіштік,
рендігіштік байқалып ештеңеге зауқы болмайды.
Ұйқы бұзылып, тәбет төмендейді. Оңқарыншалық
жетіспеушілікте бауыр едәуір үлкейеді,
пальпацияға ауыратын болады; іште су жиналады
(асцит), денесі тұтас ісінеді. Солқарыншалық
жетіспеушілігі көбірек болса, өкпедегі іркіліс
белгілері, оның ісіну қатерлі білінеді. Акроцианоз,
цианоз белгілері, кіші дәрет азаяды. Жүректің
көлемі осы кезде көп үлкейеді, тондардың,
шулардың бәсең естілуі, біраз жағдайда
ырғақтың бұзылысы қосылады.
ІІІ дәрежесінде жоғарыда көрсетілген белгілердің
бәрі тереңдей түсіп, анасарка пайда болады, ішкі
ағзалар мен жүйелерде кейін қайтпайтын
дистрофиялық өзгерістер орын алады.
Жүректің жедел
жетіспеушілігінің емі:
Медикаменттік емде жүрек гликозидтерін
(строфантин 0,05%, коргликон 0,06%,
дигоксин 0,03-0,05мг/кг) баланың жасына
қарай мөлшерлеп венаға жіберіледі.
Лазикс не фуросемид тәулігіне 2-5мг/кг,
бронхоспазмды кетіру үшін – 2,4%
эуфиллин (баланың әр жасына 1мл
есебінен, бірақ5-тен көп болмауы керек)
Психомоторлық қозуды басу үшін седуксен
(0,1-0,2мл әр жасына), дроперидол (0,25-
0,5мг/кг) қолданылады.
Созылмалы жүрек
жетіспеушілігін емдеу:
Емі кешенді:
Негізгі кеселді (ревматизм, кардит, ырғақ
бұзылысы ж.б.) емдеу;
Миокардтың жиырылу күшін қалыпқа
жақындату және жақсарту, жүректің
диастоладағы жұмысын реттеу;
Орталық және шеттегі гемодинамиканы
жөндеу
Жедел дамыған асқынуларды емдеуге
бағытталады
Созылмалы қан айналысы жетіспеушілігін
емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектер:
миокардтың жиырылғыш қызметін
арттыратындар (жүрек гликозидтері,
синтетикалық катехоламиндер,
анаболикалық дәрілер, калий
препараттары); жүрек жұмысына жеңілдік
беріп, сол арқылы қан айналысын
жақсартатын диуретиктер, перифериялық
вазодилятаторлар және ангиотензин
аударушы ферменттің ингибиторлары,
бета-адреноблокаторлар.

Ұқсас жұмыстар
Бүйректің жедел жетіспеушілігі
ДӘРУМЕН - АДАМ
Ақша айналысының заңы, оны реттейтін институттар
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру
Лимфа құрамы және физиологиялық қасиеттері
Қан құюдан кейінгі асқынулар
Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы
Дәрумендер (витамин)
Гриптен болған пневмониялар
Естен тану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Пәндер