КӨШЕТТІК ӘДІСТІҢ МАҢЫЗЫ


Slide 1

Көшеттік әдістің маңызы

Қабылдаған: Макеев Р

Дайындаған: Айдарбекова С

ПА-304қ

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Көшеттік әдіс туралы түсінік.

Көшеттік әдістің түрлері.

Көшеттерді шынықтыру.

Қызанақты және пиязды көшетпен өсіру.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Көкөніс дақылдарын негізінен екі тәсілмен өсіріледі: көшеттермен және көшетсіз. Барлық көкөніс дақылдарын көшеттері арқылы отырғызуға болады. Көшеттерді өсірудің негізгі мақсаты - әрбір дақылдан ерте өнім алу. Көшеттер деп өнімдік мүшелері қалыптаспаған, көктем шыққанға дейін алдын ала салқыннан қорғалған, өңделген топырақта 25 - 70 тәулікте өсіріліп ашық алаңға отырғызып ерте өнімдерін алуға дайындалған жас өсімдіктерді айтады. Көшеттердің вегетациясы әрбір дақылдың өзіне тән ерекшелігіне және біздің мемлекетіміздің әртүрлі ауа райының жағдайына байланысты, оңтүстік, оңтүстік - шығыс, солтүстік, солтүстік - батыс, батыс және шығыс аймақтарында ауаның күндізгі жылуы 170 - 180 С, түнде 120-150С болғанда, ал өңделген топырақтың 10 см тереңдігіндегі жылу 100-120С болғанда, салқынға төзімді дақылдардың көшеттерін отырғызуды бастайды.

Slide 4

Г. И. Тараканов және т. б бойынша ашық грунтқа арналған көшеттерді технологиялық жағынан ерте, орташа және кеш деп бөледі.

Ерте көшет-ақ қауданды және түсті орамжапырақтың, балдыркөктің, порей пиязының және пияздың тәтті сұрыптарының көшеттері. Оларды жылытылатын пленкалы немесе басқа да құрылыстарда ерте мерзімде өсіреді және ерте өнім алуға болады.

Slide 5

Орташа көшет-кеш пісетін орамжапырақтың, қызанақтың, қиярдың, бұрыштың және баялдының көшеттері. Оларды жылытылмайтын пленкалы жылыжайларда, булыжайларда және жылытылатын грунтқа кешірек өсіреді.

Кеш көшет-ақ қауданды орамжапырақтың орташа мерзімде пісетін сұрыптарының, күзде пайдалануға тиісті орамжапырақтың, қояншөптің, рауғаштың және т. б ашық грунтқа, салқын көшетжайларда өсірілетін көшеттер.

Slide 6

Көшетжай

Slide 7

Көшеттер арқылы өсіру қазіргі кездегі жерсіндірілген көкеніс дақылдарының тұқымдарының жетіспеуінің салдарынан пайда болған қымбат тұқымдарды 5-10 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Салқыннан қорғалған көшеттерді өсіруде күтіп-баптау жұмыстары өте жақсы тиянақты жүргізіледі. Көшеттердің бастапқы өніп-өсуі кезеңінде көшеттердің арасындағы арамшөптерді жою, тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру, өнімділігін арттыратын микроэлементтер ертіндісімен бүрку өте қолайлы. Мысалы: 1 м2 топыраққа 250 дана көшеттері өсірілетін болса, 100 м2 та 25000 дана, ал үлкен шаруашылықтарда ең кем дегенде 2-3 мың м2 та көшеттер отырғызылады, бұның өзі 10-12 гектар ашық алаңды көшетпен қамтамасыз етеді.

Slide 8

Салқыннан қорғалып өңделген топырақтарда көшеттерді өсірудің бірнеше түрі бар: құмырада, құмырасыз, көшіріп және көшірмей отырғызу.

Көшетті құмырада өсіру тәсілі-ең тиімдісі. Ол өнімнің жетілуін 12-14 тәулікке жеделдете отырып, өнімділікті 20-30% арттырады. Құмыраларды шымтезек-қарашіріндіден әзірлеген қолайлы. Шымтезек жетіспейтін жерлерде қарашірінділі-топырақ қоспасын пайдалануға болады: қарашіріндінің 3 бөлігі, шым топырақтың 1 бөлігі және 1-2% сиыр қиы. Тұқымдарды өңделген топыраққа алдын-ала белгіленген (5×6см, 6×6 см) қоректену алаңына егеді. Осы орында көшеттерді ашық алаңға шығарып отырғызғанға дейін 40-50 тәулік өсіреді.

Slide 9

Көшетті құмырасыз өсіру тәсілінде тұқым себерден 2 апта бұрын жерге қалыңдығы 0, 07-0, 1мм полиэтилен пленкасын төсейді. Оған қоректік қоспаны қалыңдығы 8-10см етіп төгеді. Қоспаның құрамы: шым топырақтың 2 және қарашіріндінің 1 бөлігі. Құмырасыз көшеттерді ағаш үгіндісінің төсенішіне 2-3см топырақ қоспасын төгіп өсіру тиімді. Көшетжайдың тегістелген жеріне алдын ала минералды тыңайтқыштар араластырылған ағаш үгіндісін қалыңдығын 5см етіп төгеді. Көшет өсіргенде егіс алқабын тексергенде қосымша отырғызу үшін қажет деген есеппен, 1015% артық саны ескеріледі. Бұл тәсілде тұқымдар жиі қоректену алаңына (3×2см) егіліп, осы өскіндердің 1-2 нағыз жапырақтары 13-20 тәулікте өсіп жетілгеннен кейін, 5×6см, 6×6см қоректену алаңына сиретіліп отырғызып, көшеттерді ашық алаңға шығарып отырғызғанға дейін 40-50 тәулік өсіреді.

Slide 10

Көшіріп отырғызу-жас өсімдіктерді қалыпты өсіру үшін молырақ қоректік алаң беріп қайтадан отырғызады. Көшіріп отырғызуға арналған жас өсімдіктерді, жарнақ жапырақ немесе 1-3 кәдімгі жапырақ сатысында сеппе көшет деп атайды.

Көшіріп отырғызу-көп еңбекті талап ететін үдеріс, оны жүргізу үшін ашық грунттың 1га 10-25 адам-күн қосымша еңбек шығыны керек. Көшіріп отырғызуды қысқа мерзім аралығында жүргізетін болғандықтан, ол көп адам күшін қажет етеді. Сондықтан көшіріп отырғызу, тұқымды көшет алуға ерте сепкенде және көшетжайлардың құрылыстары жеткіліксіз болғанда ғана тиімді.

Slide 11

Көшетті көшіріп отырғызусыз өсіргенде жұмысты өте қысқа мерзімде орындауға, еңбек шығынын азайтуға және үдерісті механикаландыруға мүмкіндік туады. Тұқымды көшет өсіруге ПРСМ-7, СОП-43, СПО-22 булыжай тұқым сепкіштерімен себеді.

Slide 12 Slide 13

Көшеттерді шынықтыру

Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру деп атайды. Шынықтырудың мәні температураның мүмкін көтерілуі мен төмендеуіне, күшті күн радиациясына, ауа және топырақ құрғақшылығына өсімдіктің төзімділігінің жоғары болуына ықпал жасайтын микроклиматты қалыптастыру болып табылады. Жылумен, жарықпен және ауамен шынықтыруды ажыратады.

Slide 14

Жылумен шынықтырғанда көшетті өсіру кезеңінде температураның салыстырмалы түрде төмен болуын, әсіресе, түн мезгілінде, фосфорлы-калийлы қоректік деңгейінің жоғары болуын қадағалайды және орташа суландырады. Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды, сонда олардың грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі артады. Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатпай, орташа деңгейде ұстайды. Бұл өсімдіктің, әсіресе, көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына төзімділігін арттырады.

Slide 15

Көшетпен отырғызу ережелері.

1. Отырғызылатын тұқымды жақсы білу, яғни ол қай сортқа жататынын, қандай тыңайтуды, кандай ортаны, қандай температураны калайтынын білу.

2. Тұқымның өңделген-өңделмегенін білу, яғни ол сатып алар алдында өңделсе, қайта өңдеу оны құртады, содан тұқым өнбей қалады.

Slide 16

3. Тұқымды дұрыс өңдеу, аса көп химиялық препараттарды қолданбау. Мысалы: марганцовкамен өңдеу. Термоөңдеуде қажетті температураны білу.

4. Дұрыс гумус таңдау. Шірімеген көң қолданбау, бір тұқымдасқа жататын немесе сол дақылыды екініші жыл сол топыраққа егпеу себебі сол топырақтағы ауру, зиянкестер қалып қоюды.

5. Температураны білу. Мысалы: терезе алдында отырғызылған көшеттер топырағы температурасы төмен болады. Егер жылыжайда температура оптимальды болса да, ол топырақ температурасы солай бола бермейді, көп жағдай да бөлме температурасынан 5-100 С төмен болады, содан өнгіштігі төмен болып қалуы мүмкін.

Slide 17

Қызанақты көшеттеп өсіру


Ұқсас жұмыстар
Көшеттік әдіс
Қуаңшылық жағдайда алма көшеттерін тиімді өндіру технологиясы
Көшетті ұйымдастыру технологиясының ерекшеліктері
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері
ҚР орман қоры және оның қазіргі заманғы жағдайы
КАРАНТИНДІК НЫСАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Ақ қауданды капутаны көшетсіз әдіспен өсіру
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz