АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрірлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Экономика және құқық факультеті Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау Орындаған: Исаева Динара УА-402 топ Тексерген: Байболтаева Н. Ә.

Жоспары Негізгі бөлім Аудиторлық қызмет көрсетудің қазақстандық рыногының сапасын бақылау мәселелері Негізгі аудитордың өз асситенттерінің жұмысына бақылау жасауы Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы Аудиторлар жұмысының сапасына сыртқы бақылау Фирма жұмысының сапасы Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары аудитті құжаттау

Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екі бөлікке бөлінген: өзінің кәсіби қызщметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады. Үлкен төртікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық және кеңес беру қызметінің барлық шеңберін қамтиды. Жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда Халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірбиесін қабылдауды енді ғана бастап отыр. Халықаралық аудит стандарттары бойынша шын мәнінде жұмыс істетйтін қазаұстандық аудиторлық фирмалардың пайыздық үлесі қандай, ал кім оны тек декларациялайды деген сұрақтарға өте дәл сенімділікпен жауап беру мүмкін емес. Қазіргі кезде әртүрлі халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанда қызмет көрсетудің бұл рыногыныңөкіледрін сапалық жағынан аттестацияны өткізуді жүзеге асыруға әрекет жасалуда. Атап айтсақ, 2000 жылғы 27 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігінің бір топ сарапшылары орталық азия аумағында Бүкіләлемдік банктің жобаларын аудиттеу құқығын алғысы келетін және алуы мүмкін қазақстандық аудиторлық компаниялардың қызметіне, олардың жұмыстарының Халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізді.

Бағалауды шетелдік те, аудиттің батыстық ережелері бойынша аттестация өткен ресейлік мамандар да Бүкіләлемдік банктің алматы қаласындағы өкілдігінің мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Олардың барлығы мемлекеттік органдардан да, қандай да бір қоғамдық бірлестіктен де тәуелсіз болады. Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже нұсқаулар мен оцедураға сәйкестігі жатқызылады. Тексеру бағдарламасы және тексеру құжаттарының шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарланған жоқ. Бағалау нәтижесң Бүкіләлемдік банктің мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалаудан тек екі өазаөстандық компаниялардың: Туелсіз аудиторлық компания «Ценртаудит Қазақстан» және «Ержанова и к» өткендігі хабарланған. Тексеру жүргізу әдістемесін, яғни нені және қалай тексеретіндігін аудитордың өзі таңдауға құқықты екендігін атап айту керек. Клиент аудиторға жұмыстардың арнайы бір түрлерін орындауды, мысалы, корпоративті табыс салығын есептеудің дұрыстығын тексеруді немес е тауарлы материалдық босалқылардың есебіне аудит жүргізуді тапсыруы мүмкін. Бірақ клиенттің осындай арнайы қосымша қызметтер көрсетуіне, мысалы, аудит жүргізу процесінде қосымша төлем жасалынған жағдайда салық және басқару мәселелері бойынша кеңес беруіне тыйым салынбайды.

Тек дайындау үшін клиентке өзі көмек берген немесе оны құру үшін бухгалтерлік есепті аудитор қалпына келтірген қаржылық қортынды есепті тексеруге жол бермейді. Жұмыстардың ондай қосарлануы аудитордың тәуелсіздігі принципін бұзғандық болып табылады және оған нормативтік құжаттармен тыйым салынған. Сонымен бірге іс тәжірбиеде:»Кім ақша төлесе, сол музыкаға тапсырыс береді» принципі әйгілірек болып келеді. Кейбір клиенттер ақшаның ірі сомасын аудиторға төлесе болды олардан, істің шын мәніндегі жағдайына қарамастан, өз кәсіпорынның қызметі жөнінде мақтаулы пікірлерді күтуге болады деп есептейді. Қызмет көрсету бағасы жоғары аудиторлық фирмаға көңіл аудара отырып, клиент олардың жұмыскерлерінің жоғары біліктілігіне және жұмыстың сенімділігіне үміт артқаны дұрыс. Аудитордың қортынды пікірлері, егер ол кәсіптік стандарттарды және этикалық нормаларды сақтайтын болса, әділ болуға тиісті және төлемнің мөлшеріне байланысты болмауы керек. Аудит осы мемлекетте қабылданған принциптер мен стандарттарға сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады. Ресми деңгейде Қазақстанда да осы ықпал әрекет етеді деп есептелінеді.

Алайда, іс тәжірбиеде клиенттер аудиторладың қатал, бірақ әділетті қортынды пікірлер жасауына байланысты, оларды жүргізілген аудиттің сапасы төмен деп кінәлауға тырысады, сөйтіп осы негізде келісім шарт бойынша төленуге тиісті өызмет үшін төлем жасаудан бас тартады немесе аудиторлардың үстінен лицензия беруші органға шағым жасауы мүмкін. Аудитор кәсібінің ерекшелігі олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында. Яғни, олар көптеген ақпарат тұтынушылардың (банктердің, инвестициялық компаниялардың өкілдері, контрагенттер) бұл экономикалық субъектімен тістес болу немес болжам жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қортынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді. Аудитор үшңн басты міндет аудиторлық қортындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау. Сондықтан аудитор клиенттің кез келген қыңырлығы мен тілектерін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.

Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті. Әрбір аудитолық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан, олардың тәжірбиесін жинақтап көрсету күрделірек. Бірақ негізгі бөлімшелер мен басқару органдарын анықтауға болады. Ірі аудиторлық фирмалардың басқару құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: Директорлар кеңесі; Директор; Аудит объектілері бойынша департаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнетақы қорларының және басқа қаржылық институттарының) ; Кеңесберу департаменті; Маркетинг бөлімі, бухгалтерия, аппараттық, заңгерлік бөлімдер және т. б.

Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылымында төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін: Фирманың директоры; Фирманың аудит жөніндегі директоры; Кеңес беру бөлімі; Мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т. б. бөлімдер. Бұл мәселе бойынша жеткілікті түрде толық ақпараттарды оқулықтардан алуға болады. Сондай ақ осы бөлім үшін тиімдірек болып табылатын кейбір мәсілелер А. У. Жандаулетовтың «Стандарты аудита на практике» деп аталатын еңбегінде қарастырылған. Енді осы еңбектен үзінді келтірейік. Ірі аудиторлық компаниялар, сондай ақ, халықаралық фирмалар аудитті мынадай құрамдажүзеге асырады: аудитордың көмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер. Аудитордың көмекшісі ретінде, қағида бойынша, аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, аз ғана жұмыс тәжірбиесі бар тұлғалар танылады. Аудитордың көмекшісі тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттарымен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді. Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың жұмысын бақылайды, өызметтің күн сайынғы мониторингін жүзегеасырады, аудиторлық қортынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды. Яғни, аға аудитор қандай да бір субъектідегі аудитке толығымен бақылау жасайды және менеджер немесе супервайзердің шолу джасауы үшін материалдар дайындайды. Менеджер немесе супервайзекр қағида бойынша, бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық етеді. Жалпы менеджерлер аудиторлық қортынды есептің алдыңғы нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.

Компанияның партнерлары. Халықаралық тәжірбиеде аудиторлық фирмалар партнерлықтың заңды нысаны, бизнес иесі болып табылады жәнеоларға толық материалдық жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық компанияларда аудиторлық қортынды есепке қол қоюға тек партнерларғана құқылы. . . партнерлар клиентпен байланыстар үшін, бизнестің стратегиялық дамуы үшін жауапты. Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады: Негізгі аудиторлардың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасалуы; Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы; Сыртқы бақылау. Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы. Негізгі аудитор аудиттің орындалуына толық жауап береді. Тексеру жүргізу кезінде ол ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және соған сәйкес, аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті. Аға аудиторға және қатар дағы тексеруге қатысушыларға берілген кез келген тапсырма, жұмысты тапсырған жақ оны орындаушының осы жұмысты орындауға білімі мен тәжірбиесінің жеткілігіне саналы түрде сенімді болатындай етіп жүзеге асыруға тиісті.

Аудиторлық фирмалардың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құралған Сарапшылар кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының Қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілк стандартқа сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиіс. Ағымдағы файлдар жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар. Аудит нәтижелерін тексері кезінде негізінен төмендегі мәселелерге көңіл аудару қажет: аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаларға сәйкес орындалғандығы; жасалынған жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы; айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі; тексеру нәтижелерінің қаржылық қортынды есептің дұрыстығы жөнінде ой пікір білдіру үшін негіз болатындығы. Тұрақты файлдар Сарапшылар кеңесі менаудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құдат. Ондай құжаттарға төмендегілерді жатқызуға болады: қызмет көрсету процессіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпараттары бар клиентке арналған келісім шарт; клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою туралы ұсынытарды хабарлаушы хат; аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т. б.

Аудиторлық жұмыстың сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыра алады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс әрекеттердің орын алуын және т. б. тексеру. Кейбір экономистер белгілі бір аудиторлық фирма жұмысының сапалылығына сол клиентке басқа аудиторлық фирма күшімен қайта тексеру жүргізу арқылы көз жеткізуге болады деп есептейді. Әрине, мұндай шаралар сапалылықты тексеру нұсқаларының бірі болып табылуы мүмкін, бірақ оның тиімді болуы екі талай. Әдетте, сапаны тексеруші бірнеше аудиторлық файлдарды іріктеп алып, негізінен тексеру нәтижесі бойынша клиенттерде ескертулер болмағандарына тексеру жүргізеді. Бір аудиторлық фирманың көп санды клиенттеріне қайтадан толық аудит өткізу орынсыз әрі ысырапшыл әрекет болар еді. 220 «Аудиторлық жұмыстың сапасына бақылау жасау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес барлық аудиторлық ұйымдарда тиісті түрде формаланған аудит сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ішкі стандарттар немесе ереже нұсқауларды жасап, оларды жүйелі түрде қолдануға тиісті. Аудиттің сапасына тексеру жүргізу барысында дәл осы жүйені зерттеу керек. Яғни, қажетті ереже нұсқаулардың бар екендігіне және олардың мазмұнының стандарттарға сәйкес екендігіне, сондай ақ құжатта қарастырылған іс шаралардың және процедуралардың қажетті дәрежеде қолданылатындығына көз жеткізуі керек.

Ондай тексеру, әдетте, бір не екі күн уақыт алады және де елеулі еңбек ресурстарын, материалдық ресурстарды талап етпейді. Мұндай кезде кейбір фирмаішілік реттеуші құжаттардың бар немесе жоқ болуы және олардың орындалуы аудит өткізу сапасының куәлігі. Процедуралардың жалпы екі жағын қарастыру қарастырылған: Жалпы аудиторлық фирма жұмысының сапасына қатысы бар процедуралар; Нақты аудит өткізусапасына қатысты процедуралар. Фирма жұмысының сапасы. Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандартарына сәйкес сапаға текеру жүргізу барысында тексеруге тек солсол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмаларда тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қортынды құжатта бір бөлім неболмаса бірнеше тиісті құжаттар болуға тиіс. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойларынша ереже нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі.

Фирмаішілік ереже нұсқаулар мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұйымның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т. б. байланысты болатындығы ескертілген. Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды. Бұл фирмалардың басшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары Ішкі бақылаудың барабарлық жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді. Хат - ұйым басқарушылары үшін.

Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөр және күні көрсетілуі қажет. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсатарымен ауқымы көрініс табуы қажет. Тексеруші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүддделерінің қарама қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек. тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойынша аудиторлық қызметтің стандартына сәйкес әрекет етуі керек. Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады: Олардың құрамына мыналар кіреді: Негізгі постулаттары. Негізгі постулаттар - бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz