Жұлын және мифункциялары



Тақырыбы: Жұлын және ми функциялары
Орындаған:Айдархан Карима.
Факультеті:ҚДС
Курс:1
Топ:104

Жұлын
Омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі.

Жұлын
Ақ зат
Сұр зат

Ақ зат
Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Ақ зат қозуды өткізеді.

Сұр зат
Сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе “Н” әріпіне ұқсайды. Сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір(жұп) ашалары болады. Сұр заттың алдыңғы және артқы ашасы ақ затты төрт бағанға (алдыңғы, артқы, екі бүйір) бөледі. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады.

Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар қабылдағыштарынан (экстеро-, проприо-, ) серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға, қаңқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады.

Жұлынның афференттік және аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары қабылдағыштағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затының артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі бағандарында өтеді.

Жұлын
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысты. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды.


Жүйке жүйесінің функционалды бөлімі
Орталық ж. ж. Бас миы
-Үлкен ми
-Мишық
-Ми бағаны Артқы ми
Шеткі ж. ж. Бас нервтері
Артқы бас нервтері
Симпатикалық жж.
Вегетативті ж. ж. Парасимпатикалық



Жұлынның нейрондары
α-мотонейрон
Аралық нейрондар
Сезгіш нейрондар

Жұлын нейрондары
Адамның жұлынында 13, 5млн-дай нейрондар болады. Олардың 97%-і сезгіш және аралық, 3%-ы қозғалтқыш нейрондар. Қозғалтқыш нейрондардың α, γ екі түрі сұр заттың ашасында орналасады.

α-мотонейрон
Ең үлкен жасуша. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттермен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул д. а. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі қабылдағыш-ет ұршығы жиырылады. Одан γ-мотонейронға барған серпіністер экстрофулальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді, сөйтіп, α-мотонейронның әсерін үдетеді.

Аралық нейрондар
Басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін түйіспелер құрады. Демек, олар қозу мен тежелу үрдістерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл енйрондар сұр заттың денесінде, артқы ашаның шылбыр бөлімінде орналасқан.

Сезгіш нейрондар
Жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл жасушаның бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Оның бірі қабылдағыштарда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын мен ми қыртысы нейрондарына апарады.

Ми және оның бөлімдері
Артқы ми
Мишық
Ортаңғы ми
Аралық ми
Алдыңғы ми

Ми
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға-көру төмпешігі астыңдағы құрылым, алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі ядролар кіреді.
Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанын құрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz