Энергия алмасу. Митчеллдың теориясы


Slide 1 Slide 2

Кафедра : Биохимия

Тақырыбы:Энергия алмасу.

Митчеллдың теориясы.

Орындаған :Курахимова Ж Тексерген: Ерджанова С. С.

Топ: 203

Факультет: стоматология

Алматы 2009ж

Slide 3

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

А) Энергия алмасу сатылары

Б) Митчеллдың теориясы

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер

Slide 4

Кіріспе.

Энергия дегеніміз - ол жұмыс жасай алу қабілеті деп Макс Планг айтқан. Клетка бөліктерін синтездеу, мембрана арқылы заттарды өткізу, алуан түрлі физикалық жұмыстарды атқару, денені жылыту үшін тірі организмге үнемі энергия қажет.

Slide 5

Қоректік заттардан химиялық энергияның босап шығуын, оны организмде пайдалануды энергия алмасу деп атайды.

Энергия алмасу зат алмасумен бірге бір мезгілде жүреді және ол екеуі бірігіп, тіршілік негізі болады.

Slide 6

Негізгі бөлім.

Энергия алмасу сатылары

Күрделі заттардың арнайы жолмен ыдырап, ортақ өнім активті АСҚ түзу.

Үш карбон қышқылының циклы (ҮКЦ)

Биологиялық тотығу

Тотығу

дан фосфарлану

Slide 7

1 -сатысы - арнайлықты катаболизм жолдары.

Белоктар Көмірсулар Липидтер

Аминқыш Глюкоза Глицерин БМҚ

қылдар

Фосфотриозалар

Пируват

Ацетил КоА

NH3

Slide 8

2 - сатысы - ҮКЦ.

ҮКЦ энергия алмасу сатысы барлық органикалық заттардың катаболизмнің басы болып табылады.

ҮКЦ - ның жалпы теңдеуі:

АцетилКоА 2СО +3НАДН +ФПН

+АТФ

2

2

2

Slide 9

3 - сатысы - биологиялық тотығу.

БТ немесе тіндік тыныс алу - оттектің қатысымен тотықсызданған дегидрогеназалардың тотығуының жүруі.

Биологиялық тотығу оксидоредуктазалардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану рекцияларының тізбегі.

Slide 10

БТ - ның рөлі :

Субстраттардың біртіндеп энергия бөле жүре тотығуы;

Эндогендік судың түзілуі.

БТ - ның жалпы теңдеуі :

½ О + 2Н энергия + Н О

2

+

2

Slide 11

4 - сатысы - тотығудан фосфорлану.

Электрон тасмалданатын тізбекте бөлінетін энергияны пайдаланып, аденозиндифосфат пен фосфор қышқылының әрекеттесіп аденозинтрифосфатты түзе ілесе жүретін үрдіс.

Тотығудан фосфорлану аэробты жасушалардың энергия көзі.

Slide 12

Митчеллдың теориясы

АТФ түзілу механизміне түсінік беретін және мейлінше көпшіліктен қолдау тапқан П. Митчеллдың хемиосмостық теориясы болды. Сол теория үшін Митчеллге 1978 жылы Нобель сыйлығы берілді. Белсенді түрде тыныстанатын митохондриялардың протондар бөліп шығаратынын бақылау осы теория үшін негіз болды.

Slide 13

Митохондрия мембранасы арқылы Н

Өте алмайтын болғандықтан Митчелл :”Матрикстан Н - ні митохондрияның ішкі мембранасы арқылы тасымалдау, сірә, электрондарды тасымалдау кезінде бөлінетін энергияны қажет ететін болуы керек” деген идея ұсынды.

+

+

Slide 14

Ішкі мембранада электрондар ағысының энергиясы есебінен жұмыс істейтін насостар бар. Бұл насостар протондарды матрикстан олардың концентрациясына қарсы қуалайды. Осының салдарынан потенциал айырмашылығы пайда болады : митохондриядағы ішкі мембрананың сыртқы жағында сутегі иондарының концентрациясы артады және ол мейлінше оң зарядты болады, ал мембрананың ішкі бетінде сутегі иондары шамалы болады және олар көбінесе теріс зарядты келеді.

Slide 15

Протондардың ішкі мембрана арқылы қайта өту кезінде протондар градиентінің бос энергиясы бөлініп шығады және бұл энергия АДФ - пен бейорганикалық фосфаттан АТФ синтезі үшін жұмсалады.

Slide 16

Митохондрия мембранасында Н

Потенциалдары айырмашылығының электр энергиясы АТФ малекуласында химиялық энергияға айналады.

+

Slide 17

Қорытынды.

Тотыға фосфорлану және тыныстану тізбегі митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Тізбекте тасмалданып жатқан электорндар энергиясы күшінің көмегімен протондар матрикс жағынан протондық насоспен мембрана аралық кеңістікке ығысады, мембрананың сыртқы жағында ішкі жағына қарағанда, протондар концентрациясы көбейеді.

Slide 18

Осылай мембрананың екі жағында протондардың біркелкі таралмағандығынан протондар потенциалдарының электрохимиялық градиенті туады. Онда потенциалды энергия жиналады. Протондар градиент бойынша, концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төменгі ортаға, матрикс жағына, АДФ - синтаза каналы арқылы аққанда, потенциалды энергия босап шығып, АДФ - пен фосфаттан АТФ малекулалары түзіледі.

Slide 19

Қолданылған әдебиеттер.

Сеитов З. С. Биохимия

1-ші бөлім “Белоктар, ферметтер, энергия алмасуы, витаминдер”. Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. Алматы, 2009ж

www. google. ru


Ұқсас жұмыстар
Заттар және энергия алмасу
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАҒЫТ
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУІ
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
АДЕКВАТТЫ ТАМАҚТАНУ
Жасуша туралы мәлімет
Процестер және аппараттар курсының пәні
Адиабаталық процесс
Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі
ЖАСУШАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЛМАСУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz