Кәсіпкерлік және оның түрлері




Презентация қосу
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол
еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады.
“Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі
Ричард Кантильон (1650-1734) еңгізді. Бұл ұғымға ол
нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен
өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін
жатқызған.Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және
сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы
жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын бір-бірімен баламалап,
теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез-
келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз
кәсіпкерлік-ол өнертапқыш. Зерттеу және сегменттеуда
“кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғым бар. Ол дегеніміз
адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ
бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді. Бизнес-бұл табыс әкелетін адамның зерттеу және
сегменттеу қызметі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларының ерекшеліктері келесі:
-шаруашылық бірлестіктің қатысушылар саны
-капитал иесі
-басқару формасы
-мүліктің қайнар көздері
-мүліктік жауапкершілік шегі.
Кәсіпкерлік қызметпен заңды және жеке тұлғалар айналысады.
Жеке тұлға-заңды тұлға мәртебесіне иемдембейтін жеке кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын азамат.Оның кәсіпкерлік құқығы жеке кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін басталады. Кәсіпкер не, қалай, кім үшін
өндіру керек мәселелерін өзі жеке шешеді.Артықшылығы: құрылуы оңай,
әрекет бостандығы елеулі, табысын өз еркімен жұмсайды. Кемшіліктері: толық
мүліктік жауапкершілік, қаржы шектеулі, несие алу шектеулі.
Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық ұйымдар: толық серіктестік, коммантидтті серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорындар.
Серіктестік-үлестері әртүрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде
сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын
компаниялар болып табылады.
Толық серіктестік-серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері өзінің барлық
мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікте болады.
Коммандитті серіктестік немесе “сенім артқан серіктестік” мұнда серіктестік
мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері
есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан
жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болғандықтан, басқару ісіне
араласпайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның
мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана
жауапкершілікте болады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, яғни бұд жерде серіктестіктің міндеттері
бойынша оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал жарналары
жетпей қалған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде қосымша
жауапкершілікте болады.
Акционерлік қоғам-бұл қаржысы акцияларды сату арқылы жиналатын және сол
акция иелеріне келешектегі пайда есебінен дивиденд беріп отыратын
серіктестіктер.
Акция-бұл оның иесі акционерлік қоғамның капиталына өз үлесін қосқанын және
оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы бар екенін
растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын табысы
Акциялар құнды қағаз нарықтарынды-қор биржаларында сатылады және
сатып алынады. Бірақ акция бағасы әдетте осы құжатта көрсетілген ақша
сомасына сай келе бермейді. Акция бағасы дивидентің мөлшері мен процентінің
мөлшерлеріне байланысты болып және өзінің иесіне ақша салғаны үшін дивиденд
сияқты табыс алуды қамтамасыз ете алатын ақша сомасына сай келеді.
Бүгінгі таңда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен
кәсіпорындардың алуан түрлері мен формаларының барлығы бірдей заң жүзінде
орнықпағанымен, дұрыс қалыптаса бастады. Олардың ең алдымен мемлекеттік
меншікке негізделетін және төмендегідей формаларда әрекет жасайтын түрлері
бар:
мемлекеттік бюджетте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар-несие негізінде
коммерциялық қызметпен айналыспайтын мемлекеттік-бюджеттік кәсіпорындар;
шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс
істейтін мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар;
мемлекеттік-жалгерлік кәсіпорын-мемлекеттік кәсіпорынды, оның бір бөлімшесін
немесе басқа мүліктерін сондағы еңбек ұжымының өзі жалға алған жағдайда
құрылады;
кооперативтік кәсіпорындар-бұл жаңа түрлі кооперативтер. Олар жалға алған
немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланып, тауар
шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде
бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-өзі басқару және өзін-өзі
қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
мемлекеттік-акционерлік қоғам немесе холдингтер;
мемлекеттік бірлескен кәсіпорындар, сол кәсіпорынды құрушылардың мүліктерін
біріктіру жолымен құрылады. Оларға заңдылық құқығы бар тұлғалар, шетел
мекемелері мен азаматтары кіреді.
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс
қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім,
кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы
қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер,
лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген
қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы -
кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне
байланысты болады.
Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда
-өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті
табу; - өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
- өткізу көлемі;
-өткізуден түскен кіріспен пайда. Осы факторлар негізінде қол
жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға
ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды.
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:
- ғимарат, құрылыс,
- құрал-жабдық, аспаптар,
- жер,
- шикізат-материалдар,
- отын,
- жұмыс күші,
- ақпарат және т.б. жатады.
2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық
дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:
- ғылыми-техникалық прогресс;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
- кадрлардың біліктілігін жетілдіру;
- инновация мен инвестиция.
3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет-
терінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру фак-
торлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет-
тері.
Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлік – бұл кез келген
реформалардың өміршеңдігін айқындайтын сферасы болып табылады. Салық
салу, зейнетақы реформалары және шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы
нормативтік актілердің шындығына келетін болсақ өмір тәжірибесінде шағын
кәсіпкерлік субъектілері қатал деструкциялармен кездесіп отырғанын айта
аламыз.
Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің манадай түрлері болады: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен
бірге қоғамдық құрылымдар меншігі
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің
(ұжымның) құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық праволық; 2)
ұжымдық экономикалық;
Кәсіпкерлік субектісі
1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары
(қызметтері заң талабына сай болса ғана).
2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.
3.Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі
негізінде.
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.
Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім
арқылы реттеледі.
Бұл келісімде:
- мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
- әр түрлі қызметті іске асыру;
- материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас
шарттары мен тәртіптері;
- келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне
араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның
жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).
Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды
тұлғалардың пайда немессе жеке табыс табуға бағытталған
ынталы қызметі

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкерлік мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Тәуекелді бағалау
Кәсіпкерлік субъектілері
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Құрылыс саласындағы кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері
Тәуекелді басқару әдістерін таңдау
Кәсіпкерліктің нысандары
Пәндер