Ісіктердің иммунологиялық диагностикасы: рак-эмбриональды антигендер және иммуноәдістер


Slide 1

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Имуннология және аллергология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: “Ісіктердің иммунды диагностикасы”

Орындаған: Жаникулова М.

Калтуреева Б.

Курс:ІІІ

Факультет: Жалпы медицина

Топ:07-003

Қабылдаған: Бижигитова Б. Б.

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Иммунодиагностика туралы ұғым

Рак-эмбриональды антигендер сипаттамасы:

Альфа-фетопротеин

РЭА

Хориондық адамның гонадотропині

ІІІ. Иммуноморфологиялық және иммуноцитологиялық әдістер көмегімен ісіктерді диагностикалау

ІҮ. Иммуносцинтиграфия

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде жүрек-қан тамыр ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу мәселелері алдыңғы қатарға қойылуда.

Қазіргі кезде ісік жасушаларын диагностикалауда маңызды орынды - иммунодиагностика алады.

Slide 4

Иммунодиагностика туралы ұғым

Ісіктерді иммунды тәсілмен анықтау жолдары ісік жасуша бетіндегі қалыпты жасушалардан ерекшелігімен байланысты. Біріншіден ол ісікерекшелі антигендер, вируспен әсерленген антигендер, трансплантациялық антигендер, ісік-эмбрионалды антигендер, онкогендер белоктары және т. б. болады. Бұл маркерлердің ісік жасушасында болуы диагностикалық маңыз береді, себебі ісікті анықтауға көмектеседі. Онкологиялық аурулардың қан сары суында ісікерекшелі факторлар да болады. Бұл - ерігіш ісік антигендері, антиденелер және ісік антигеніне арнайы түзілген лимфоциттер.

Slide 5

Рак-эмбриональды антигендер сипаттамасы

Рак-эмбрионалды антигендерге эмбрионалды кезеңде тіндер мен мүшелерде және постнатальды кезеңде ісік пайда болғанда анықталатын қосылыстар жатады. Сау адамдарда бұл қосылыстар жоқ десе де болады, ал ауру адамдарда ісік антигендері ролін атқарады. Олардың қатерлі ісік жасушаларында пайда болуы қатерлі трансформация нәтижесінде белсенсіз гендердің реэкспрессиясының салдарынан деп саналады. Эмбрионалды кезеңде бұл антигендер мүшелер мен тіндердің дифференцировкасында маңызы зор деп есептеледі.

Рак-эмбрионалды антигендердің аурулар қан сарысуында анықталуы рактың ерте анықталуына мүмкіндік береді. Оларға жататындар: альфа-фетопротеин, РЭА, фетальды сульфогликопротеинді антиген (FSA), бетта-онкофетальды антиген және т. б.

Slide 6

Альфа-фетопротеин

Альфа-фетопротеин(АФП) - бұл 4% көмірсуы бар гликопротеид, өлшемі мен амин қышқылдарының реті бойынша сарысулық альбуминге жақын. Эмбриональды кезеңде ең алғаш бөлінетін сарысулық ақуыз. Басым түрде ол бауыр гепатоциттерімен, сарыуыз қапшығымен, асқазан-ішек жолдарымен өндіріледі. Эмбрионда 15-ші аптада қан сарысуында АФП мөлшері 3000 мкг/мл, туылу алдында 20-ға дейін төмендейді, сосын 0, 02 мкг/мл-ге дейін төмендейді, яғни ересек адаммен теңеседі. Бауырдың біріншілік рагі бар адамдарда қан сарысуында АФП мөлшері эмбрион қан сарысуындағы мөлшерімен теңеседі (3000 мкг/мл)


Ұқсас жұмыстар
Аллергендер мен антигендер: құрылымы, түрлері және иммунологиялық маңызы
Адам организміндегі антигендер: эритроциттік және гиперсезімталдық антигендер
Адам организміндегі антигендер: эритроцитарлық антигендер және гиперсезімталдық реакциялар
Гистогенезге қарай қатерлі ісіктердің жіктелуі мен морфологиясы
Патологиялық анатомия I: Ісіктердің жалпы ілімі, морфо- және гистогенезі, жіктелуі
Ұрықтану және құрсақішілік эмбриональды дамудың алғашқы кезеңдері
Иммундық биотехнология: иммундық жүйе, жасушалық иммунитет және антигендер мен антиденелер
Диагностикалық антигендер, қан сарысулары және иммунодиагностика әдістері
Антигендер: анықтамасы, жіктелуі, қасиеттері және адъюванттардың рөлі
Антигендер, антиденелер және моноклонды антиденелер: иммунология негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz