Ұйқы және түс көру физиологиясы




Презентация қосу
Тақырыбы:

Ұйқы және түс көру
физиологиясы

Орындаған:
Фарм. фак.
Жоспар:
І. Кіріспе
• Ұйқы туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ұйқының түрлері
Ұйқының адам организміне әсері және толық демалуына қажетті бір
тәуліктегі ұйқының мөлшері
Ұйқы механизмі
Ұйқы мен сергектіктің қағидалары.
Электроэнцефалография әдісі
Баяу және жылдам ұйқының белгілері және оның оралымы
Баяу және жылдам ұйқының ұқсастығы және олардың
айырмашылығы.
Ұйқының адам өмірі үшін маңызы
Түс көру және оның теориялары, түрлері.
ІІІ. Қорытынды
Ұйқы мен түстің адам өміріндегі маңызы
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тест сұрақтары.
Ұйқы – организмің
тыныштық қалпы, толық
демалуы. Тірі
жандардың бәрі
ұйықтауы тиіс. Адам
тәуліктің 1/3 бөлігін
ұйқыда өткізеді. Егер
адам 70-80 жыл өмір
сүрсе, оның 25-28 жылы
ұйқыда өтеді.
Орыстың ұлы ғалымы
И.П. Павлов “Адам ұзақ
уақыт аштыққа
шыдайды, ал ұйқыға еш
уақытта шыдамайды”-
деген екен.
Ұйқының түрлері
Ұйықтаудың бірнеше түрлері
бар, соның ішінде көбі
адамдарға және жануарларға
тән. Олар:
1) Периодты күнделікті ұйқы.
2) Периодты сезондық ұйқы,
қысқы ұйқы (аю,тышқан ж/е
т.б.)
3) Наркоздық ұйқы (ұйықтау
дәрілері және наркоздық
қосылыстар)
4) Гипнозды ұйқы
5) Патологиялық немесе ауру
адамның ұйқысы (ұзаққа
созылған летаргиялық ұйқы)
Организмнің ұйқы кезінде көптеген
әрекеттері өзінің қарқынын
өзгертеді. Мысалы: тынысалу,
жүректің соғу жиілігі азаяды,
артерия қысымы төмендейді, зат
алмасуы мен жүйкенің қозғыштық
қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы
кезінде кейбір үрдістердің
белсенділігі күшейеді, гипоталамус
пен ми бағанында қанайналымы
артады. Соның нәтижесінде мидың
температурасы көтеріліп, оттегіні
қабылдау ұлғаяды, кейбір
ферменттердің белсенділігі күшейеді.
Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс
безінің белсенділігін реттейтін
гипофиз гормондарының түзілуі үдей
түседі.
Организмнің толық демалуына
қажетті бір тәуліктегі ұйқының
мөлшері:
Адамныңның жасы Ұйықтау уақыты,сағат
Жаңа туған перзент 21
6 айлық және 1 жастағы 14
бөбектер
2-4жастағы сәбилер 16
4-8 жастағы бүлдіршіндер 12-13
8-12 жастағы естиярлар 10-11

12-16 жастағы жеткіншектер 8-9
Ересек адамдар 7-8
Ұйқы механизмі.
Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша, ұйқы ми іс-
әрекетінің төмендеуінен пайда болмайтындығы, оның
өз алдына мидың белсенді күйі екендігі дәлелденді.
Ұйқының әрбір түріне мидың белгілі құрылымдары
жауап береді. Олар ұйқыны ұйымдастырып, мидың
басқа бөліктерінің, оның қыртысы белсенділіктерін
қадағалап отырады. Ұйқыдан соң қысқа мерзімді
зерде, эмоциялық тұрақтылық, психологиялық
қорғаныс жүйесінің өзгерістері қалпына келеді.
Ұйқының баяу сатысы сопақша мидың жік ядросының
серотонинсезгіш нейрондарының қызметімен
қамтамасыз етіледі. Ал ұйқының жылдам сатысының
көрсеткіштеріне ми көпірінің әртүрлі құрылымы
жауап береді. Егер ондағы көк дақты екі жағынан да
бұзса, еттің тонусы төмендейді. Сөйтіп, ұйқы –
организмнің бүкіл мидың тұтас әрекеті және оны
ұйымдастыруға орталық жүйке жүйесінің әртүрлі
құрылымдары өз үлесін қосады.
Ұйқы мен сергектіктің
жаратылысы туралы бірнеше
ұғымдар бар.
1.Қанайналымдық қағида бойынша, ұйқы мен сергектік ми
тамырларындағы қанайналымына байланысты деп
танылды.
2.Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың
өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай
алмаудың салдары деп түсіндіреді.
3.Химиялық қағида – ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде
қан мен тіндерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп
санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы
ұйқы туғызады.
4.Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын
сұйықтығында “дельта-пептид заты” пайда болатынын
анықтады.
5.Шартты рефлекстерді зерттеулер нәтижесінде ұйқыға
кету және ояну кезеңдерін бақылаудан,ұйқының
миқыртыстық қағидасы жасалды. Әсіресе, әлсіз
тітіркендірулер, ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды
сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының
қорғаныстық тежелу екендігін дәлелдейді.
Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары
қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті
немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен
қатар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық
және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті
құбылыстар деп тұжырымдайды.
Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке
зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы –
ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған
тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге
ауысатындығы, ал ішкі тежелудің (әсіресе
кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығы
анықталды.
Ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі қалыптардың
кездері:
Оның әрқайсысы рефлекстің шамасына тітіркендіру күштің
өзгеше қатынасымен сипатталады. Оларға:
Теңдеулік кез – бұның қалыпты сергектік жағдайдан
айырмашылығы сол, күшті немесе әлсіз, жағымсыз шартты
сигналдар бірдей нәтиже шығарады.
Парадоксалды кез – бұрмаланған күштердің қатынасымен
сипатталады: күшті шартты тітіркендірулер нашар, ал
әлсіздері күшті жауап тудырады.
Ультрапарадоксалды кез – қарама-қарсы әсерленістермен
сипатталады. Жағымды тітіркендіргіш, шартты рефлексті
тежейді, ал жағымсыз, керісінше шартты әсерленіс
тудырады.
Наркотик кез – бұл ең алдымен әлсіз тітіркендіргіштерге
төмен шартты әсерленіс іс-әрекетінің басылуы.
Тежегіш кезі – шартты рефлекстік іс - әрекеттің толық
тежелуі.
6.Ұйқы орталығы қағидасы мидың
қыртысасты құрылымында ұйқы мен
сергектіктің арнайы орталықтары
барлығын мақұлдайды. Өйткені,
торлы құрылымның белсендіруші
әсері тиылған кезде жануарлардың
ұйқыға кететіндігі байқалады
(П.К. Анохин). Ал, гипоталамустың
белгілі бөліктерін тітіркендіргенде
ұйқыдағы жануарлар оянып, сергек
жануарлар, керісінше,
ұйықтайтындығы анықталды
(В.Гесс).
Электроэнцефалография әдісі
Ұйқы мен сергектіктің
жаратылысын тексерудің
келесі кезеңі
электроэнцефалография
әдісінің дамуымен байланысты.
Ол ұйқы және сергектіктің
мінездік көріністері мен
олардың
электрофизиологиялық
бейнелеуінің өзара қатынасын
ажыратты.Сөйтіп, қалыпты
ұйқы баяу және жылдам
сатыдан тұратыны анықталды.
Баяу және жылдам ұйқының
белгілері.
Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға
дейін бірнеше мінездік және
электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) белгілерімен
сипатталады.
I.Қалғу. Босаңсыған сергектіктен қалғи
бастағанда басталып, 1-7 минутқа созылады.Бұл
уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-
оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа-
ритм жоюылуы, тета- және бета- толқындардың
және жеке дельта- ритмдердің қабаттасуымен
сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу (1-2 с)
қимылы байқалады және бұлшықет
потенциалының шамасы азаяды.
II.Сергек ұйқы. Жиілігі 14 Гц(12-18Гц), үлкен
(200мВ) тербелістер пайда болуымен көзге түседі.
Осы кезде дельта- және тета- толқындар жазыла
береді, бета- белсенділік көрсетеді. Көздің қимылы
болмайды, бұлшықеттің электр шамасы (ЭМГ) одан
әрі төмендейді,бұл түнгі ұйқының 50 %-ін алады.
III.Терең ұйқы. Электр көріністері К-кешендері мен
ығақты белсенділік(5-9 серпініс/ сек.) және шайқалу
шегі 75 мкВ-тан жоғары дельта- толқындар (0,5-4
Гц) пайда болуымен үйлеседі, көздің қимылы мен
ұйқылық үлкен тербелістер толық жойылады. Мұны
дельта-ұйқы дейді, оның ұзақтығы ұйқының осы
сатысында 20%-тен 50%-ке дейін созылады.
IV. Жылдам ұйқы. Бет және мойын
бұлшықеттерінің белсенділігі толық
тиылуымен ерекшеленеді, көздің
шапшаң қимылдары (0,5-1,5 с)
кездеседі. Ұйқының бұл жылдам
сатысында ЭЭГ-ның сыртқы көрінісі
тек “қалғу” сатысындағы сияқты
болады. Өйткені ұйқы мінездік
белгілері бойынша, бұл кезде терең
болады да, адамды ояту, баяу
сатыға қарағанда, оңай болмайды.
Баяу және жылдам ұйқы
оралымы.
“Баяу-жылдам ұйқы”
оралымы түнгі ұйқыда
бірнеше рет қайталанады.
Сөйтіп, өзіне тән
биологиялық ырғақ жасайды.
Үлкен адамда бұл ырғақтың
кезеңі – шамамен 90-100
минутқа тең. Түнгі ұйқы
кезінде осындай 4-5 оралым
болады.
Баяу және жылдам ұйқының
ұқсастығы және олардың
айырмашылығы.
Жылдам ұйқы да, баяу ұйқы да мидың қалыпты
жағдайына өте қажет. Жылдам ұйқы ұзақтығы
жалпы түнгі ұйқының 15-25%-ін құрады, ал баяу
ұйқы сатысы – 75-85%-ке созылады.
Ұйқының әрбір сатысында ми құрылымдарының
әртүрлі электр белсенділігі байқалады. Жылдам
сатысында – таламус,гипоталамус,орталық мидың
торлы құрылымы, гипокам және ми қыртысының
көру аймағындағы нейрондар белсенділігі
артады. Ал, баяу сатыда – сопақша мидың торлы
құрылымында, бадамша кешенінде электр
белсенділігі өте күшейеді.
Ұйқының адам өмірі үшін
маңызы:

1.Ұйқы адамның дем алуы үшін
маңызды.
2.Бас ми қызметінің негізгі қызметі.
3.Кейбір аурулардың алдын алу
немесе жоғалтуы үшін маңызды.
4.Адамның сергектігін реттейді.
5.Адамның миындағы нерв
клеткаларының өзара
байланыстары жөнге келтіріледі.
6.Адамның тыныштық қалпын
реттейді.
Егер адам бірнеше
тәулік толық
ұйықтамаса, онда оның
мінезі біршама өзгереді:
көмескі сөйлеу;
жиі қателесу және
қайталау;
әлсіреу;
ықыласты талап ететін
тапсырмаларға жоламау;
ісіне немқұрайлы қарау;
галлюцинация;
абыржу – пайда болады.
Түс көру.
Ұйқы кезінде біздің организмнің қызметін
өзіндік ұйқы және түс көру,голлюцинация
немесе елестеу, қиял және елес деп бөлуге
болады.Осының ішінде түс көру дегеніміз
– адамның қоршаған ортамен қатысынан
қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс.
Керең-мылқаулар айтарлықтай толық түс
көрмейді. Бұл түс көудің ми қыртысы арқылы
болатындығын дәлелдейді.
Түс көру теориялары.
Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің
бірі – жүйелік іздер теориясы. Егер
И.М. Сеченов түс көруді “үйреншікті
әсерлердің әдетте болмаған қисындасуы”
деп есептесе, И.П. Павлов бойынша “түс
көру көбінесе ескі тітіркендірулерден
қалған бейнелік ізден туады”. К. Юнгтың
айтуынша “түс көру – ұйқы кезіндегі
психикалық әрекеттің қалдығы және өткен
күннің ой әсері мен көңіл күйі”. Түс көру
барлық адамдарда болады, тек
кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған
кездерде, жағымсыз жағдайларда,
неврозда түс көру жиілейді.
Физиологиялық теория бойынша, түс
көрудің себептері – сергектік жағдайдағы
психикалық іс-әрекетті іске қосатын мәдилік
құбылыстар.
Ал З. Фрейдтің психоанализ теориясы
бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының
шаласаналық жүйесінің жеңе алмайтын
инстинкті (ырықсыз сезімді) ісәрекетінен туады.
Түстің түрлері.
Түс шынайы және жасанды болып бөлінеді.
1. Шынайы деп – дені сау адамның уақыт өте келе
көретін түстерін айтады.
Дені сау (кейбір белгілері бойынша түс шындықтан
қалыптастырады)
Елестеу (түсінде көрген нәрсені оянған адам көз алдында
елестетеді)
Алдын ала болжаушы түстер (алдын ала қорғануды
меңзейді)
Қиялдар (адамға әсер еткен әсерлердің іс жүзінде түсінде
асуы)
Елес немесе фантом, түнгі елестер (түс біртексіз болады,
әсіресе балалар мен қарттарда)
Лунатизм (түс көру барысында қозғала алады, сөйлей
алады, көріп, жүре алады, тек қана адамдар мен қарым-
қатынасқа түсіп тілдесе алмайды.
Шынайы түстер ауру адамдарға да, дені сау адамдарға
да тән.
Ал 2.жасанды
түстерге –
наркоздың әсерінен
туындаған түстерді,
наркотиктерді
қабылдағаннан
кейінгі және түрлі
токсикалық заттармен
уланғаннан кейінгі
түстерді жатқызамыз.
Қорытынды:

Ұйқы, түс көру адам организмі үшін өте
маңызды. Ұйқысыз адамдар да,
жануарлар да ұзақ өмір сүре алмайды.
Себебі, адам өмірінің үштен бір бөлігі
ұйқымен өтеді. Сондықтан біз ұйқы ритмін
өз қалпында сақтауымыз қажет,ал ұйқы
ритмін сақтау бізге түс көруге мүмкіндік
береді. Егер біз ұйқы ритмін бұзсақ,онда
ол адамның нерв жүйесінің қалжырауына
алып келеді. Тіпті адамның өліміне де
алып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сәтбаева Х.Қ. Өтепбергенов А.А.
Нілдібаева Ж.Б. – “Адам
физиологиясы”, Алматы,2005ж
2.Полянцев В.А. - “Адам
физиологиясы”, М.Медицина,1989ж.
3.Тель Л.З. – “Валеология”,
Астана,2002ж.
Тест сұрақтары:
1.Әрбір адам өмірінің неше бөлігі ұйқымен өтеді?
А) 1/4 Д) 2/5
В) 1/3 Е) 2/3
С) 1/5
2.Ұйқының негізгі түрлері:
А)баяу және жылдам
В)қысқа және ұзақ
С)елес және түс
Д)түс және қиял
Е)елес және фантом.
3.Жаңа туған нәресте 1 тәулікте неше сағат ұйықтайды?
А) 19 сағ. Д) 22 сағ.
В) 20 сағ. Е) 23 сағ.
С) 21 сағ.
4.Түс көруді “Үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған
қисындасуы”деп қай ғалым айтқан?
А) И.И. Мечников Д) Д.С. Лихачев
В) И.М. Сеченов Е) А.А. Ухтомский
С) И.П. Павлов
5.Егер адам 70-80 жыл өмір сүрсе, оның неше жылы ұйқыда өтеді?
А) 20-25 жылы Д) 19-22 жылы
В) 25-28 жылы Е) 22-24 жылы.
С) 28-30 жылы

Ұқсас жұмыстар
Зерде және ұйқы физиологиясы
Ұйқының физиологиялық негіздері
Ұйқы физиологиясы
ГОРМОНДАРЫ КІРІСПЕ
Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері
Аталық жыныс безі
Сезіну. Қабылдау. Елестеу. Қиялдау
Жоғарғы жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері
Жоғарғы дәрежелі жүйке әрекеті
Қиял туралы жалпы ұғым
Пәндер